Ұяшықтардың абсолюттік және салыстырмалы адресі
Клетканың адресін түсіндіру үшін мына таблицаны келтіремін. Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*В6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.
Клеткалардың адресін өзгертуге болады. Мысалы, В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка» - «Имя» - «Присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |