Excelде мәлімет енгізу және қорғау. Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
1. Сан 2. Текст 3. Дата (мерзім) 4. Формула 1.Excelде сан жазғанда арасында бос орын болмауы керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағында тұрады.
2.Текст – Excelсанға не формулаға ұқсамаған кез-келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналасады. Тест клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б. мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.
СУММ (С1:С100)
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін курсорды басқару клавишалары қолданылады немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.
Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные» - «Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады.
Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис» - «Защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.