К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет17/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Энтропия деген не? Стандартты энтропия деген не? Энтропиялық бірлік деген не?
2.Изобаралы-изотермиялық потенциал деп немесе Гиббс энергиясы деп қандай шаманы айтады? ∆G қандай бірлікпен өлшенеді?
3.Жүйенің энтропиялық және энтальпиялық факторлары деген не?
4.ΔН пен ΔS байланысы қандай теңдеумен өрнектеледі?
5. а) Келесі реакциялардың ∆S°298 есептеңдер:
1) 3H2 (г) + N2 (г) = 2H3N (г)
2) C (графит) + CO2 (г) = 2CO (г)
3) C (графит) + O2 (г) = CO2 (г)
4) Al (к) + Sb (к) = AlSb (к)
5) NH4NO3 (к) = N2 (г) + 2H2O (г) + ½ O2 (г)
6) C (графит) + ½ O2 (г) = CO (г)
б) Неліктен көрсетілген реакциялар үшін S<0, ∆S>0 немесе ∆S~0?

6. Гиббс энергиясы (изобаралық-изотермиялық потенциал) түсінігін тұжырымдаңдар. Процесстің жүзеге асуының және оның мүмкін болмауының, тепе-теңдік күйінің шарттары қандай?


7. 25°С кезінде белгілі ∆Н° және ∆S° бойынша келесі реакциялардың Гиббс энергиясының өзгерісін есептеңдер:
NO (г) + ½ O2 (г) = NO2 (г), ∆H°298 = -57,3 кДж, ∆S°298 =-72,9Дж/К
а) 25°С кезінде бұл реакцияның принципиалды жүзеге асуы мүмкін бе?
б) Осы реакцияда қандай фактор – энтропиялы немесе энтальпиялы - ∆G°298 белгісін анықтайды?
8. C (графит) + H2O (г) = H2 (г) + CO (г), ∆H°298 = 131,3 кДж, ∆S°298 = 133,6Дж/К реакциясы үшін 25 және 1000°С кезіндегі Гиббс энергиясының өзгеруін есептеңдер.
(ΔН және ΔS –ға температура әсерін елемеу).
а) Көрестілген температуралардың қайсысында реакция тік бағытта жүруі мүмкін?
б) Осы реакцияда қандай фактор – энтропиялы немесе энтальпиялы – реакция мүмкіндігін анықтайды?
9. NH4Cl (к) = H3N (г) + HCl (г) реакциясы үшін ∆S°298, ∆H°298, ∆G°298 мәндерін есепте. Қарастырылып отырған процесс бағытына температура қалай әсер етеді?
10. а) ∆G°298 мәндеріне сүйене отырып, келесі реакциялардың бастапқы заттардың және реакция өнімдерінің ∆G°298 есептеңдер:
1) MgO (к) + CO2 (г) = MgCO3 (к)
2) BaO (к) + CO2 (г) = BaCO3 (к)
3) CaO (к) + CO2 (г) = CaCO3 (к)
4) SrO (к) + CO2 г() = SrCO3 (к)
б) MgO―CaO―SrO―BaO қатарында оксидтердің қышқылдық-негіздік қасиеттері қалай өзгереді және оксидтерден қарастырылып отырған карбонаттардың түзілуіндегі ∆G°298 мәнімен қалай сәйкес келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет