Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін - өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Алюминийдің тотықтырғыштық қасиеттерін көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
2.Алюминий тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
3. Алюминийді оксидінен тотықсыздандыру арқылы алу өндірісте тиімді ме? Оны өндірісте қалай алады?
4. Неге алюминий судан сутегін ығыстырып шығармайды? Алюминий а) концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен; б) сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен; в) натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
5. Алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.
6. Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?
7. Валентті байланыс теориясын пайдаланып, бор үшін қандай валентті орбитальдардың гибридті күйлері, координациялық сандарға жауап беретін құрылым бірліктері тән.
8. Борды өзінің оксидтерінен алу үшін тотықсыздандырғыш ретінде қандай қарапайым заттар алынады? Өте таза борды қандай әдістермен алады?
9. В3+ ионының поляризациялау әсері қандай және ерітіндіде гидратталған күйде бола ала ма? Бор (ІІІ) үшін қандай комплекс тән – катионды немесе анионды? Бордың қышқылдарға және сілтілерге қатынасын сипаттаңдар?
10. Бормен қосылысында оң тотығу дәрежесін көрсететін элементтерді атаңдар. Бинарлы қосылыстардың қайсысы галогенидтер, оксидтер, сульфидтер, нитридтер – мономолекулярлы, қайсысы полимер? Бордың (ІІІ) бинарлы қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерін көрсететін реакция мысалдарын келтіріңдер.
11. Бордың сутекті мысалдарын келтіріңдер. В2Н6 молекула құрылысын және оның ВН3 –тен түзілу кезіндегі энергия бөлінуін (∆Нº298=−117 кДж/моль) түсіңдіріңдер. В4Н10 молекула құрылысын түсіңдіріңдер.
12. 1 кг диборан және этан жану жылуын салыстырыңдар. Осы заттардың жану жылуының айырмашылығын түсіңдіріңдер. Борсутектің жану реакциясының қандай практикалық мәні бар?
13. Бор оксиді, графит және хлорды әрекеттестіріп BCl3 алу процесінің ∆Gº298 және ∆Gº573 есептеңдер. Реакцияның жүруіне температура қалай әсер етеді? Осы реакцияның жүруін қандай фактор анықтайды – энтальпиялы немесе энтропиялы?
14. Алюминий (ІІІ) галогенидтерінің құрылымын сипаттаңдар. AlF3−AlCl3−AlBr3−AlI3 қатарында тығыздық, стандартты энтропия, балқу температурасы, энтальпиясының өзгеру сипатын түсіңдіріңдер.