К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет3/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

25. Зертханалық жұмыс №23

d–элемент қосылыстары.........................................................................................132


26. Зертханалық жұмыс №24
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі VІІ топтың d – элементтері..............141
27. Зертханалық жұмыс №25
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі VІ топтың d – элементтері.................144
28. Зертханалық жұмыс №26
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі ІВ, ІІВ топшаларының элементтері (мыс, мырыш, кадмий) ...........................................................................................148
29. Қосымша ………………………………………………………….……..…….151
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................171

Кіріспе

Берілген химиялық практикум тек қана зертханалық жұмыстардың орындалуынан тұрмайды, оның ішінде теориялық негіздер бойынша нақты сұрақтар болады, ол сұрақтарға жауап іздеу ойлау қабілетін дамытуға және тәжірибелерді саналы түрде орындауға септігін тигізеді. Зертханалық практикумды осылай өңдеу, біздің ойымызша, жеке тәжірибелерді орындау өзіндік зерттеуге әкелуі қажет. Сұрақтардан басқа, практикумда өзін-өзі бақылау және жеке жұмыстарға арналған жаттығулар бар.
Химиялық практикумда химия курсы бағдарламасының негізгі бөлімдері қамтылған: бейорганикалық қосылыстар бөлімі, негізгі заңдар, химиялық кинетика және тепе-теңдік, химиялық процестердің энергетикасы, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану және электрохимиялық процестер, элементтер, жай заттар және комплексті қосылыстардың қасиеттері.
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер заттарды қолдану дағдыларын иеленеді, химиялық және физико-химиялық зерттеу әдістерімен және зертханалық өлшеуіш құралдармен танысады. Зертханалық тәжірибелердің көпшілігі оларды жеке орындауға бағытталған.
Зертханалық сабақтың алдында студент оқулықтан, дәріс конспектісінен сәйкес келетін теориялық бөлімді және зертханалық жұмыстың әдістемелік сипаттамасын оқуы қажет. Жұмыстың орындалуы бойынша келесілер көрсетілген есеп болуы керек:


  1. Жұмыс нөмірі және оның атауы.

  2. Орындалу күні.

  3. Жұмыстың мақсаты.

  4. Теориялық негіздері.

  5. Тәжірибені орындау барысындағы байқаулар және өлшеулер, есептеулер, қорытынды.

Жұмыс аяқталғаннан кейін безендірілген есеп тексеру үшін оқытушыға ұсынылады. Зертханалық есепке арналған дәптер толық толтырылуы керек (студенттің тегі, тобы, пән атауы). Жазулар нақты және ұқыпты болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет