К. С. Ислям латын тілінің шығу тарихы мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық



бет2/6
Дата26.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#34033
1   2   3   4   5   6

3 Латын тілі
Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейнін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі– Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.

Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.

Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.

Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.

Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.

Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және оратор. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.

Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.

Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.
4 Римдегі тәрбие мен білім беру
Римдік тәрбие мен білім беру бүкіл римдік мәдениет сияқты гректік үлгілерге негізделген, бірақ өзінің тарихы бар. Рим тарихының бастапқы кезеңінде римдік тәрбие мен білім беру патриархалды және ашық түрде тәжірибелік сипатта болды; ауылдық тәрбие мен білім беруге үлкен назар аударылды. Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап Римде гректік білім беру жүйесі бекітіледі.

Грециядағы сияқты, тәрбие және білім беру үрдісі үйде оқыту (үйге ұстаздарды шақыртып сабақ оқу) және қоғамдық түрдегі (жеке меншік немесе мемлекеттік мектептер) элементтерді біріктіре алды.

Теңестіруге келмейтін жақсы нәтиже беретін үйде оқыту мен жақсы жеке меншік мектептерде әрі қарай білім алуды тек ақшалы ата-аналар ғана қамтамасыз ете алды.

Ежелгі Италия сауатты ел болған. Халықтың арасында сауаттылық қашан таралған уақытын айту қиын, бірақ б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында - ақ армияда құпия сөз (пароль) ауызша түрде емес, жазбаша түрде беріле бастады. Солдаттар, мыңдаған шаруа ұлдары оқи білген.

Бізде орта және жоғарғы рим мектептерін сипаттауға жеткілікті мәліметтер бар. Ол туралы Квинтилиан, Светоний және Сенека көп әңгімелеген. Бастауыш мектептің оқушылары қарапайым және кедей, олардың ұстаздары да қарапайым және кедей болды. Оның профессор атағын алу құқығы болмады – бұл орта және жоғары мектептің ұстаздарының атағы (грамматиктер мен риторлардың); Ол арқа тіреуіші бар кең креслода (кафедра) жайғасып отыра алмайды – ол тек грамматиктер мен риторларға ғана арналған; императорлар профессорларға қамқорлықтар көрсеткен, ал мектеп мұғалімі туралы олар тіпті естеріне де алмайды. Риторлар мен грамматиктер үкімет тарапынан бақылауда болса, ал бастауыш мектеп мұғалімдері үкмет тарапынан бақылауға алынбаған; ол мектеп ашуға ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес, ешкімге мектеп ісін жүргізуде есеп бермейді, оған ешкім бұйрықтар мен тапсырмалар жібермейді, оның еркіндігі өзінде, ол мектепті өз бетінше ашып, онда өз талғамы бойынша оқыта алады. Осындай ешқандай жағдайы жоқ орынға барушылар аз болды. Онымен тек өмірде жақсы орын таба алмағандар, амалы таусылғандар ғана айналысты. Көбінесе әсекрге жарамаған солдат, кәріліктен немесе сырқаттан еңбекке жарамсыз шаруа немесе қолөнерші, аз да болса қандайда бір ақша табау үшін бастауыш мектеп ашққан. Орта және жоғарғы мектепте ұстаздықпен айналысқан гректер болды. Болашақ оқытушы қатысушылармен өзін ертерек қамтамасыз ету керек. Ол мектеп жасындағы көп балалар бар жерді және бәсекелестікте болмағандай жақын арадағы мектеп жоқ жерді іздейді, ата-аналармен танысып оларды өзінің білімімен, педагогикалық тәжірибесімен таң қалдыруға тырысады. Оны жүзеге асыру қиын емес: себебі, ұстаздан балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретуге талап қойылады.

Ақшасы оның шектелген болғандықтан, ол кең және жарық бөлмені іздемейді. Ол ешқандай қолөнерші тұрғысы келмеген қандайда бір қора, жартылай қараңғы шеберхананы қанағат тұта алады. Ал кейде оның осындай орынға да ақшасы болмағандықтан, ол өз оқушыларымен форум алаңында, көшенің шуынана бөліп тұратын матамен жан-жағы қоршалып тұрған ашық ауаның астында да орналаса алады, ол бірнеше орындықтар алып (балалар жазба затттарын тізелерінде ұстап отырып жазған, үстел қажет болған жоқ) және өзіне орындық алды, - міне «мектеп» осылай жабдықталған.

Антик мектебі оқу педагогикалық пәндеріне кедей болды; әліппе, жазбалар, тақта, кітаптар болған жоқ.

Бастауыш мектепте оқу бес жылға созылды, бірақ бұл бес жылды жартысына дейін қысқарту керек. Қалалық мектепте жазғы каникулдар төрт айға созылды: маусымның ортасынан бастап қазанның ортасына дейін; ауылдық мектептікі одан да ұзағырақ болуы ықтимал, себебі ата-аналарға шаруашылықта балалардың көмегі қажет болды. Бұл каникулдарға жылдық мерекелер де қосылды, мерекелік күндер екі айға дейін жетті. Сабақ беру әрекет-әдістері жетілмеген, балалардың ойлауы мен қабылдауына сай келмегендіктен, енді қазір ең түк білмес деген оқушы бірнеше аптада игеретін сауаттылықты римдік оқушылар бірнеше ай бойы меңгерді.

Бастауыш мектептің ұстазының білімі әртүрлі болды. Үлкен қалада, Римде оған қойылатын талаптар жоғары болды, ол тек оларды оқу мен жазуға ғана үйретіп қоймай, грамматикамен таныстырып, род, түр, септеу мен шақтарды айыруды үйретуге, дұрыс есептеуге үйретті. Ал бұл сол кезеңде нақты өңделмеген грамматика болмаған тұста оңай іс болған жоқ.

Римдік тәрбие мен білім беру гректікіне ұқсас, енді біз айтатынымыздай «кешенді» болды. Ол оқушының тек ойының ғана емес, сондай-ақ физикалық дамуына әрекет етуге тиіс болды. Сондықтан теориялық пәндермен қатар гимнастикамен де айналысуға міндетті болды, ал ұлдарға келешекте әскери қызметке дайындық қажет болды.

Теориялық тұрғыдан алғанда білім беру, біздің уақытымызда сияқты «қадам бойынша» болды, яғни бастауыштан және қарапайым білімнен күрделіге өту сияқты болды. Білім алудың бүкіл негізгі элементтері гректерден алынғандықтан, педагогикалық пәндердің атаулары, ұстаздардың аты сияқты гректердікіндей болды.

Алғашқы кездерде оқушы грамматист-мұғалімнің көмегімен сауаттылықтың, есеп пен жазудың негізін игерді, ағаш тақтайшаларда ұшы үшкір таяқшалар арқылы жазған. Бай афиндік ритор Геродтың ұлы Аттика (б.з.д. ІІ ғасыр) піл сүйегінен жасалған таяқшаларда әліппені үйренді, ал материалды мұқият игеру үшін ұстаз үй құлдарының арқаларына әріптерді жабыстырып, оларды кезекпен оқушының алдынан өткізген.

Грецияда жалпы білімділіктің қажетті шарты деп ежелден бері есептелген музыкалық тәрбие беруге римдіктер аз мән берді. Музыкалық білімді – шекті аспаптарды ойнайтын ұстаз-кифарист – лира мен кифарада ойнауды үйретті.

Римдіктер үшін физикалық дамуға гректерге қарағанда үлкен мән берілді: бай адамдардың балалары айналыса алатын спорт залдар – палестралар маман-тәлімгерлермен жақсы жабдықталған болды. Бастапқы физикалық тәрбие беруді – гимнастикалық және спорт сабақтарының жүргізушісі – педотриб жүргізді.

Бастауыш білім алуды аяқтап, яғни ұлдар (шамамен 12 жасында) орта мектептік білім алуға көшеді. Бұл кезеңде олардың мұғалімдері грамматик болды. Грамматикпен олар грек және рим жазушыларын, ақын, философтарын, драматургтерін оқыды. Одан олар әдебиет, оның жанрлары, музыка жайлы білімдер алды. Астрономияны, грамматика мен геометрияны оқу міндетті болып саналды. Мұнда латын әдебиетімен қатар, жастар грек әдебиетімен де айналысып, бәрінен де көп Гомер поэмаларын оқыды.

Көңілі соққанда грамматика мен риториканы тереңдетіп оқудан тұратын білім алуды жалғастыра алды. нақты және жаратылыстық ғылымдардағы оқу, мектепте сол кезде тәжірибе түрінде жүргізілген жоқ, және «стандарттық білім», біз оны қазіргі кезде гимназиялық деп бөлеміз, ол гуманитарлық сипатта болды.

Ең алдымен, ежелгі, ең алғаш грек авторларының шығармаларын дұрыс оқуға және түсіндіруге үйретті. Бірақ, б.з.д. І ғасырдың соңына таман міндетті түрдегі оқу шеңберіне Цицерон мен Вергилий, кейін Овидий мен басқа да авторлар кірді. Шығармаларды талқылауда стилистік анализ, сондай-ақ түсіндірілген мәтіннің моральдық мәніне үлкен назар аударылды.

Оқу барысында оқушы талқылаудағы мәтіндерде болған мәліметтерді игеріп, және осылайша тарихи, мифологиялық, географиялық және басқа да сипаттағы білім алып отырды.

16-18 жастағы білімпаз ұлдар үшін білім алудың үшінші баспалдағы да ашық болды, ол ритор мектебі еді. Мұнда шешендік өнерге, бәстесу өнеріне үйретіп, тарихи, әдеби және саяси тақырыптарға сөз құрауға жаттықтырып, мәнерлеп оқу өнеріне ие болды. Мұндай мектептерді қамтамасыз ету қымбатқа түскендіктен, олар үлкен қалаларда орналастырылды.

Ритор ораторлық өнер мектебі Греция мен Римде (Цицероннан кейін) білім алудың жоғарғы шыңы болып есептелді. Мұнда оқушы сөз құрау өнерін үйренді. Ең алдымен грек және рим риторикасының үздік үлгілерінде, кейін тәжірибеде үйренді. Оқушылар сөз құрау мен оны айтуда жаттығып, сынаушы аудитория алдында шығуға үйреніп, аяқ астынан шығарылған және шындыққа жанаспайтын тақырыптарға ойдан шығаруға жаттықты. Шешенді тәрбиелеу қалай өту керек жайлы Квинтилианның «Шешенді тәрбиелеу» және «Шешенге білім беру» деген арнайы трактаттарында көрсетілген.

Мұндай білім тек маман риторлар немесе заңгерлерді өздік өмірге дайындық жүргізгені түсінікті. Атақты философ Сенека бірде: «біз өмір үшін емес, мектеп үшін оқимыз», - деп айтқан.

Бірақ, антик қоғамы басқа аумақтарда да мамандық дайындық үшін мүмкіндіктер берген. Мысалға, медициналық мектептер болған; құрылыс өнеріне нақты шеберлілікке үйренуге болды. Философияға немесе басқа ғылымдардың түрлеріне дарыны бар адам өз талабын нақ солай қанағаттандыра алды.

Римде гректік гимнасияларға ұқсас түрлері болды. Гимнасиялар – риторикалық дайындық философия мен нақты ғылымдарды терең оқумен бірге жүретін арнаулы мектептер; Мұнда ритор мектебінен кейінгі ұлдар білімдерін жалғастырды.

ІХ ғасырда білім беретін жүйе қалыптасып бітті. Мектепте оқу циклі екі байланысушы кезеңдерден – тривиум мен квадривиумнан тұрды. Тривиум бастауыш сыныптарда оқытылатын үш негізгі пәндерді – грамматика, диалектика мен риториканы қамтыды. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия мен музыка – жоғарғы сыныптарда оқытылды. Осы екі бөлік қосылып «жеті ерікті өнерді» құрады. Латын мектебін бітірушілер орта ғасырдың білімді адамдарының қатарын толықтырды.



5 Ежелгі Римнің медицина тарихы
Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде медицинанның дамуына ерекше көңіл аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын «Табиғи заттар» трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат білімі саласында алдыңғы көзқарастарды бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.

Рим медицинасы туралы толық мағлұмат Авл Корнелий Цельс еңбегінде беріледі. Оқыған және бай адам Цельс өзіне аудармашыларды тартып, энциклопедиялық «Өнер» күнбезін құрды, осында әр түрлі білім саласындағы кітаптар болды. Еңбектердің едәуір бөлігі құрып кетіпті, бізге жеткені «Медицина туралы» деген атпен VI-XIII кітаптары. Онда гигиена, патология, терапия және хирургия білімдері туралы баяндалған. Цельс ежелгі гректер, александрлықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін толық қарастырып талдап қорыттынды жасаған. Әсіресе Цельс хирургияға көп көңіл бөлген, өзі де дәрігерлік тәжрибемен айналысқан, құлдарды емдеген. Оның трактаты медицина терминологиясының дамуына өте маңызды табыс енгізді, ал шығармаларының тілі – классикалық. Плинийдің айтуы бойынша, бұл «алтын латын тіл» заманы.

Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Клавдий Гален Пергане қаласында атақты архитектор Никонның жанұясында дүниеге келген. 17 жастан бастап медицинамен айналысқан, Перган, Коринф, Афина және Александрияда білім алған, біршама тілдерді біліп, көп саяхаттаған. Перганға оралғанда бірнеше жыл бойы гладиатор мектебінде дәрігер боп жұмыс жасайды. Гладиатор көтерілісінен кейін Гален Римге көшіп келіп, лекциялармен, медицина тәжрибесімен белгілі болған. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам денесіндегі бөліктердің қызметі», «Анатомия туралы», «Терапевтік әдістер», «Ауру денелердің бөлшектері», «Дәрілердің құрамы туралы». Галеннің бірнеше еңбектері «Гиппократтың жинағымен» таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер мен тағы басқа жануарларды зерттеумен айналысты. «Анатомиялық бұлшық еттер туралы» трактатта 300 бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және жұлын бөлімдерінің құрылысын түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас XVI ғасырға дейін дұрыс деп саналды.

Гален дәрігерлік тәжрибемен кең шұғылданды, тәжірибелі хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия – деп санады.

Галеннің айтуы бойынша, механикалық және физико – химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі – дәрмек тобы пайда болады, бүгінгі уақытқа дейін дәрі – дәрмектер «Галеннің препараты» деп аталады.

Галеннің шығармалары Еуропа медицинасының біліміне негіз болды.

Галеннің мағынасын бағалау қиын. Жалықпайтын зерттеуші, зерттеу анатомиясының негізін салушы, хирург. Гален әлемнің ең атақты дәрігері. Ежелгі рим медицинасы туралы грек және латын эпиграммалары айтады, олар қысқа, бірақ мағынасы жағынан бай өлеңдер, дәрігердің қызметін көрсетіп сипаттайды.

Ежелгі рим қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының бізге тарихи маңызы зор, олар ежелгі халықтың өмірін, тұрмысын көрсетеді, бізді қолөнер кәсібімен және білім саласымен таныстырады. 1771 жылы Помпей қаласында, 1893 жылы Бадан қаласында (150), ал 1925 жылы Бингене қаласында медициналық саймандар табылды. Медициналық саймандар бұрынғы КСРО аймағында да табылды. Ерте кезеңдерде-ақ дәрігерлік жұмыс дербес мамандыққа айналды. Храмдық медицина жаппай даму алды, ал дәрігерлік міндетті абыздар орындады. Жоғары сатыға жеткен Ежелгі Грецияның медицинасы дінге табынатын дәрігер Асклепий мен оның қыздарының бейнесін тапты: Гигия – денсаулықты сақтаушы және Панания – дәрігерлік істің қамқоршысы, әйгілі Ежелгі Грецияның дәрігерлік өнері Рим медицинасының дамуына үлкен әсерін тигізді.

Медицина тарихында ежелгі гидро – техникалық құрылыстың маңызы зор, олар Рим империясының аймағында, Еуропада, Азия және Африкада сақталған. Олар атақты аквадуктар, термалар және клоак жүйелері.

Ертеде санитарлық жұмыстардың жүргізілгенін он екі кестелік заң (Закон XII таблиц) дәлелдейді. Заңдар XII кестеде жазылып, Рим сенатының алдында бағаналарда ілулі тұрған. Олардың қысқалығы мен жайлылығы заңгерлерді бүгінгі күнге дейін қызықтырады.

Заң баптардың біразы қоршаған қаланың тазалығына және тұрғындардың денсаулығына байланысты. X кестесінде өлікті жерлеу ережелері анықталады:

1) өліктерді қалада жерлемесін және өртемесін...;

2) өліктің сүйегін жинамасын, тек соғыста болған өлім...

Рим қалаларында VI ғасырдан бастап клоак деген канализацияны істей бастайды. Олардың ішінде ең белгілісі әлі күнге дейін жұмыс істейді, римдік канализациялар жүйесіне кіреді. Клоактар Тибр және По өзендеріне ашылып құйылғандықтан, б.з.д. IV ғасырда осы өзендерден су ішуге рұқсат етілмейді. Жер астындағы қайнарлар және кішкене өзендер қаланың тұрғындарын сумен қамтамасыз ете алмағандықтан, IV ғасырдан бастап Рим қаласында акведуктар – тасты арықтар және жер асты құбырлар тау бұлақтарынан су алу үшін салына бастады.

Акведуктор римдіктердің ойлап тапқаны емес, олар жаулап алу жорықтарында шығыс елдерден пайдалануға алынған. VII ғасырда Асириада 48 шақырым плотина, су қоймалары канал ұзындығындай салынды. Рим суқұбырлары колонияларда қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылды. Осылайша Херсонесте 6 жерасты су құбырлары салынды. Херсонес су құбырының бір жолы әлі де Севастопольге су береді. Ең үлкен акведук Рим қаласында орналасқан. Ең біріншісі 16,5 шақырымдай б.з.д. 312 жылы Аппий Клавдий салған – Аппий акведугі. 40 жылдан кейін ұзындығы 70 шақырымдай екінші су құбыры, б.з.д. 144 жылы үшінші акведук салынды, ол әлі күнге дейін жұмыс істейді. Оның ұзындығы 61 шақырым. I ғасырдың басында Римде ұзындығы 436 шақырымдай акведук жұмыс істеді. Тәулігіне 1,5 млн. литр таза су Сабин тауларынан берілді. Рим империясында күніне бір адам 600-ден 900 литрге дейін су тұтынды. Салыстырсақ көтеріліске дейін Петербургте тәулігіне бір адамға 200 литр су берілді.

Акведуктар заңмен қорғалды, сутартқыштарды әдейі бұзғаны үшін үлкен айып салынды, ал абайсыздықтық салдарынан суқұбырларын бұзған адам қайта жөндеуге міндетті болған.

Римнің гүлдену кезінде суды көптеген мөлшерде тұтынды, оны император сарайына, қоғамдық мекемелерге және көптеген фонтандарға (олар 600-ден аса) бөлді. Жеке үйлерге су жіберілген жоқ. Оны су тасушылардан сатып алуға немесе фонтаннан алуға болды. Үйлерде су болмағандығы кварталдарда канализацияның жоқтығын дәлелдейді, римдіктер «қоғамдық дәретханалармен пайдаланды немесе қалдықтарды көшеге лақтырды». Осы тұста Үндістанның мәдениеттілігінің айырмашылығы үлкен: б.з.д. III мыңжылдықтың ортасында Мохенджо – Фаро қаласында әр үйде сумен жабдықтау жүйесі болды, онымен қатар жуындыны кетіру үшін құбырлар болған.

Рим империясында термалар кең таралды. Оның ескі орындарын Азия, Африка, Франция, Англия мен Римде табылды.

Ең бірінші термалар Рим империясының астанасында б.з.д. III ғасырда Марк Агриппамен салынды, кейбіреулері қаланың халқына пайдалануға берілді. Көптеген бай адамдар көпшілікке танымал болу үшін адамдарға өздерінің салынған моншаларын сыйға тартқан. Сондықтан Римде моншалар тек қана жеке меншікте емес, қоғамдық меншікте болды. Б.з.д. I ғасырдың соңында олардың саны 170 болса, ал б.з. IV ғасырында олардың саны 1000-ға жуық болды.

Римде жуыну салты әдет-ғұрыптың бір түрі саналды: ол белгілі бір уақытта өтетін және оған бір сағат берілетін. Шешінетін жер аподитерий деп аталған, адам демалуына және моншаға үйренуіне тағы бір бөлме берілінетін (тепидарий), кальдариға өтіп алдымен ыстық сумен жуынып, фригадериде суық сумен сергітіледі, осыған спорттық бөлмелер палестра және солярий қосылған. Осындай моншалар тек бай адамдарда болды, олар үлкен көлемде салынды. Қоғамдық суға шомылатын орындар Римде кейін пайда болды және оның саны өсті. Б.з.д. I ғасырда олардың саны 170-ке, б.з. IV ғасырында – 1000-ға жетті. Марциалдың айтуы бойынша, олар тар, қараңғы және лас болған, сол себепті бұндай кемшілектен арылу үшін термаларды салуды императорлар өз қолдарына алады, осы моншаларды әдемілеу үшін қаржы аямайды. Бірінші термаларды қалаға Випсон Агрипп сыйға тартты, 64 жылы өзінің термаларын Нерон салды, 68 жылы Веспасионның, 75 жылы Титтың, 110 жылы Траянның, 120 жылы Адрионның, 188 жылы Каммодтың термалары пайдалануға берілді, 217 жылы Караколлы, 230 жылы Александр Север, 272 жылы Аврелиан, 295 жылы Диоклетион, 324 жылы Константин термалар салдырған.

Рим империясында термалардың көлемдері таң қалдырды. Караколланың термасының ауласы 400х400м көлемге ие болса, орталық комплексі – 150х200м болған. Германияның моншаларының үлкендігі және молшылығы таң қалдырды. Термалар Рим империясының қалаларында да қалашықтарында да кездеседі. Термалардың молшылығы мұражайлардың санына сәйкес келетін болды. Термаларда шешіну, спорт залы, майлармен жағыну, ыстық монша және бассейн бөлмелері болды. Ішкі залдары жазулармен, бағаналармен және сурет өнерімен, мүсіндермен әшекейленді, Асклепия мен Гигиеннің бейнелері жиі кездесетін. Термаларда көптеген антикалық өнердің шығармалары табылды, олар: Геркулес мүсіндері, Фарнес өгізі, Апполон Бельведерстің кеудесі және басқа өнерлер, бүгінгі күні олар әр әлемнің мұражайларында орналасқан.

Рим термалары тек гигиеналық құрылыстар ғана емес, олар қоғамдық және мәдениет орталықтары болып есептелген. Олардың ішінде кітапхана, той, жиналыс залдары болды.

Ежелгі Италияда б.з.д. II ғасырға дейін дәрігерлер болмаған. Халық үйде шөптермен, гимнастикамен және т.б. емделген. Жазушы Марк Порцийдың айтуы бойынша, көпшілік орамжапырақты жараға және іріңдеген жерлерге, бас ауырса басқа, көз ауырса көзге басып пайдаланған. Ежелгі Италияның бірінші дәрігерлері Греция, Египет пен кіші Азиядан әкелінген бас бостандығы жоқ құлдар болды. Әр ақшалы римдік азамат үйінде дәрігер – құлды ұстады. Құл өз иесінің жанұясын және туыстарын емдеп, ал бас бостандығын алғаннан кейін ақшасыз өзінің бұрынғы иесін , оның жанұясын, құлдарын және жолдастарын емдеуге міндетті болған және тапқан табысының жартысын бұрынғы иесіне беріп отырған. Б.з.д. III – II ғасырда Рим империясының астанасында грек дәрігерлері шыға бастады. Бірінші грек дәрігері Рим қаласында Архагат болды. Ол астанаға 219 жылы келіп, қала тұрғындарының арасында сыйлы қадірлі маман ретінде аты шығады. Оған рим азаматының құқығы беріліп, жеке практикасына мемлекеттік үй бөлінді, қызметі көпшілікке танымал болды, дегенмен көп кешікпей ол жасаған хирургиялық операциялар римдіктердің көзқарастарын өзгертті. Юлий Цезарь б.з.д. 46 жылы рим азаматының құқығын Грециядан, Египеттен, Кіші Азиядан келген дәрігерлерге ғана емес, медицина саласында оқыған өз азаматтарына да берді.

Ежелгі Рим әскери медицинасының дамуына үлкен табыс әкелді. Римнің әскері көп дәрігерді қажет етті. Бір когортаның ішінде 1000 адам, оларға 4 дәрігер-хирург ұстау керек еді.

Флотта, әр әскери кемеде 1 дәрігер болды. Әр бөлімдерде deputati деп аталған 8 – 10 адам санитар болды. Атпен жүріп олар соғыс жолында жаралыларды жинады. Әр құтқарылған римдықтың өмірі үшін алтынмен марапатталған.

Жарақат алғандарды жақын қалаға немесе әскери лагерге апарып, онда дәрігерлер, экономдар, сайманшылар және кіші персоналдардың қарамағына тапсырды. Сайманшылар саймандар мен дәрілерді меңгерген, құлдардан құрылған кіші персоналдар ауру адамдарға көмекші ретінде пайдаланылған. Ал ауруға шалдыққан құлдарды көбінесе емдемей, оларды Бартоломей аралына апарып, сол жерде өлуге қалдырып отырған. Әскери медицинамен қатар медициналық іс қалаларда және бөлек қалашықтарда дами бастайды. Архиатрлар, үкімет тарапынан ақша төленіп дәрігерлердің қызметін атқарушылар, пайда бола бастады Сарайларда – archiatri palatine; қалашықтарда – archatri provinciales; қалаларда – archiatri populares жұмыс істеді. Мәлеметтер бойынша, криминалистика да дамыған. Мемлекеттік мектептермен қатар Рим империясында жеке меншік медициналық мектептер де болды. Оның бірін Асклепипиад орнатты.

Біраз уақыттан кейін Римде дәрігерлердің еңбегі бағаланып, олар құқық пен жеңілдіктер алды (соғыс кезінде дәрігерлер мен олардың ұлдары соғыстан босатылды).

Ежелгі Грецияның және Римнің ғалымдары медицинаның дамуына үлкен үлесін қосты. 476 жылы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін жаңа тарих – феодализм дәуірі басталды. Греция мен Римнің өркениеті әлемдік мәдиниеттің дамуына үлесін қосты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет