К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри


Дәріс 25-26 Ескерту: Дәріс 23-24 жалғасы



бет22/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент

Дәріс 25-26

Ескерту: Дәріс 23-24 жалғасы

Мектептегі химиялық тәжірибеге қойылатын талап:



  • Көрнекілігі

  • Қарапайымдылығы

  • Тәжірибенің қауіпсіздігі

  • Сенімділік

  • Орындау техникасы

Оқушылардың зертханалық жұмыс жасау кезінде мұғалім бағыттаушылық қызмет атқаратыны белгілі.  Жұмыс барысында мұғалім оқушыларды құрылғының қай бөлігін бақылау керек екенін, реакция нәтижесі қандай болу керектігіне бағыт береді. Осы жағдайда жас мұғалімдердің қателік жібермеуін ескеру керек. Оқушыларға көруі қажет құбылысты айтпауы керек. Мысалы, егер тәжірибе барысында ерітінді түсі қызғылт түске ауысуы керек болса, мұғалім алдын ала айтпауы керек. Бірақ мұғалім сол байқауға бағыттайтын жағдай туғызу керек. Мысалы, оқушыларға ерітіндінің түс өзгерісі байқалама деп, ерітіндінің түсінің өзгеретінін тұспалдап айтуға болады.

Сабақ барысында жасалатын тәжірибелер аяғына дейін орындалуы керек. Дұрыс орындалмаған тәжірибелер оқушыларда сенімсіздік туғызып, сабаққа деген ынталарын төмендетеді. Сондықтан, мұғалім оқушыларға беретін тәжірибені алдын-ала өзі орындап, жасалатынына көз жеткізуі керек.

Химиялық тәжірибелерді жасауда негізгі іс-әрекеттер:


  • дайын құралды, модельдерді құрастыру және пайдалану,

  • схемаларды, кестелерді, графиктерді өңдеу;

  • қыздыру аспаптарымен жұмыс істеу;

  • зертханалық техника тәсілдерін меңгеру (заттарды қыздыру, бөлу, қоспаларды бөлу, ерітінділерді дайындау және т.б.)

  • қауіпсіздік ережелерін білу, жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтау;

  • құбылыстарды зерттеу;

  • затты алу және оның қасиеттерін дәлелдеу;

  • заттарды анықтау және т. б.

 

Химиялық эксперименттің таным қызметіне байланысты түрлері:

 

Шынайы (натурный) эксперимент экспериментті оқушы немесе мұғалімнің өздерінің жасауы.



Виртуальді эксперимент – химиялық процестер мен құбылыстарды компьютерлік техниканың көмегімен моделдеу немесе демонстрациялау түріндегі экспермент.

Виртуальді эксперимент мүмкіндіктері:



  • қауіпті реактивтерді қажет ететін және ұзақ мерзімді тәжірибелерді модельдеуге мүмкіндік береді

  •  күрделі немесе қауіпті химиялық эксперименттердің көрнекі, динамикалық және есте қаларлық иллюстрацияларын алуды қамтамасыз етеді

  • нақты эксперимент жүргізу кезінде көрінбей қалатын тәжірибелердің елеусіз бөлшектерін көрсетеді

  • уақытша масштабты өзгертуге, тәжірибе жүргізу параметрлері мен шарттарын дайындауға мүмкіндік береді

  • нақты экспериментте қол жетімді емес жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді

Виртуальді химиялық эксперимент түрлері:

Виртуальді демонстрация - компьютерде динамикалық кескіндерді шығаратын, химиялық процестердің белгілері мен жағдайларын көрсететін, бірақ пайдаланушының оның жұмыс алгоритміне араласуына жол бермейтін компьютерлік бағдарлама.

Виртуальді зертхана - компьютерде химиялық процесті модельдеуге, оны жүргізу шарттары мен параметрлерін өзгертуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама.

Химиялық эксперименттің оқушының таным қызметінің сипатына байланысты түрлері:



  • иллюстративті

  • мәселелік

  • зерттеушілік

Экспериментті жүргізу орнына байланысты:

  • сабақта

  • факультативті сабақтарда

  • сыныптан тыс жұмыстарда

  • үйдегі экспермент

Экспериментті жүргізу формасына байланысты:

  • жеке

  • фронтальді

  • топтық

Экспериментті ұйымдастыру формасына байланысты:

  • демонстрациялық

  • оқушының жасайтын тәжірибесі

Химиялық тәжірибе түрелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы:

Демонстрациялық химиялық эксперимент арқылы қол жеткізілген негізгі мақсаттар:

1) химиялық құбылыстардың мәнін ашу;

2) химиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыру;

3) оқушыларды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді орындауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға және т. б. үйрету.

       Зертханалық химиялық эксперимент арқылы қол жеткізілген негізгі дидактикалық мақсаттар:


  1. оқушылардың жаңа білімді неғұрлым жғары дәрежеде игеруі;

  2. терең, берік және әрекетті білім мен дағдыларды қалыптастыру;

  3. Химиялық эксперимент жасау тәжірибесін және шығармашылық ойлауды игеру.

Практикалық сабақтар арқылы қол жеткізілген негізгі дидактикалық

мақсаттар:

1) Оқылған материалды жетілдіру, бекіту;

2) химиялық білімді практикада қолдану білігін дамыту;

3) Тәжірибелік эксперименттік біліктерді қалыптастыру және жетілдіру.

 

Зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстардан айырмашылығы, аз фактілермен таныстырады. Сонымен қатар, практикалық сабақтар сияқты оқушылардың назарын толық аудартпайды, өйткені жұмысты (тәжірибені) қысқа уақыт ішінде өз бетінше орындағаннан кейін студенттер мұғалімнің түсіндірмесін қабылдауға дайын болуы керек.



Зертханалық тәжірибелер мұғалімнің оқу материалын ұсынуымен бірге жүреді және демонстрациялар сияқты, студенттерде заттардың қасиеттері мен химиялық процестер туралы көрнекі түсінік қалыптастырады, байқалған құбылыстарды жалпылауға үйретеді.

Бірақ демонстрациялық эксперименттерден айырмашылығы, олар эксперименттік дағдыларды да дамытады. Алайда, кез-келген тәжірибені зертханалық түрде жүргізуге болмайды (мысалы, аммиак синтезі және т.б.).       

 Әрбір зертханалық тәжірибе демонстрациялфық тәжірибелерге қарағанда тиімді емес, көптеген зертханалық тәжірибелерді орындауға көп уақыт кетеді, ал тәжірибе қалыптасқан дағдылардың сапасына тікелей байланысты.

Зертханалық тәжірибелердің міндеті-оқушыларды зерттелетін нақты құбылыспен (затпен) мүмкіндігінше тез таныстыру. Бұл жағдайда қолданылатын әдіс оқушылардың 2-3 тәжірибені орындауына әкеледі, әрине бұл, практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндіктерін шектейді.

Мұғалім оқушылардың эксперимент жасау біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуын қадағалайды. Байқауды келесі түрде өзіне белшіглеп жазып алуына болады:


  1. Оқушының аты-жөні

  2. Реактивтермен жұмыс істеуі

  3. Пробиркаларды қыздыруы

  4. Құралдармен жұмыс істеу қабілеті

  5. Қралдарды герметикалыққа тексере білуі

  6. Пробиркаларды штативке бекітуі

  7. Пипеткамен жұмыс істеуі

  8. Бюреткамен жұмыс істеуі

  9. Пробикаларды ұстағышпен жұмыс істеуі

  10. Қауіпсіздік ережерін сақтауы

  11.  Жұмыс орынын таза ұстауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет