Кадастр кафедрасы



бет2/4
Дата13.06.2023
өлшемі0,9 Mb.
#178738
1   2   3   4
Байланысты:
Ғалымжан Аян отчет

Түсіріндеме жазба
Мен, Ғалымжан Аян Нұрманұлы, оқу жоспарына сәйкес 03.04.2023 ж. - 05.05.2023 ж. аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау обылысы бойынша филиалының мақат ауданы тіркеу және жер кадастрлық бөлімінде тәжірибеден өттім.Тәжірибе барысында мен осы кәсіпорынның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен ,сондай-ақ қолданыстағы бұйрықтар мен жарлықтармен таныстым.
Тәжірибе мақсатына жету үшін мен өзіме келесі міндеттерді қойдым: - ұйымның тарихымен және дамуымен танысу; - кадастрлық филиалдың құрылымы мен функцияларын зерттеу; - лауазымды тұлғалардың негізгі функцияларымен танысу; - өлкенің тарихы және жер қоры туралы ақпарат жинау; - жер учаскелерін кадастрлық бағалау бойынша материалдарды зерделеу және осы жұмысты орындау, сондай-ақ жер учаскесін бағалау туралы акт жасау дағдыларын меңгеру; Осы есепті жазу барысында мен ҚР Жер Кодексі, жер кадастрын жүргізу және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы, жер үшін төлемақының базалық ставкалары және жер-кадастрлық құжаттама нысандарын бекіту, сондай-ақ нақты жұмыстарды орындау жөніндегі Нұсқаулық сияқты филиалдың жұмысын регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделедім және пайдаландым. Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты құқықтық және басқа да кадастрлардың Жер ресурстарын пайдалану және бақылау мониторингін ұйымдастыруды толыққанды қамтамасыз ету,сондай-ақ жер нарығын қалыптастыру және дамыту үшін жер жылжымайтын мүлкі бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурс құру болып табылады .
Өндірістік практикадан өту басында кәсіпорынның құрылымымен және бөлімнің жұмысымен қауіпсіздік техникасымен танысты. Мен жұмыс үшін құжаттар тізімімен таныстым.
Практикадан өту кезінде мен оқытушы берген жұмыс жоспарын орындадым. Практикадан өту барысында мен кәсіпорынның қызметімен ,оның құрылымымен және қызметті жүргізудің негізгі ережелерімен таныстым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет