Кафедра: Дене тәрбиесі және Бейнелеу өнері


«Қызығушылықты ояту» стратегиясы



бет34/34
Дата18.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#186571
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
lektsiya 3

«Қызығушылықты ояту» стратегиясы. (Оқушылар ақын жайлы білгендерін сызбаға түсіреді, уақыты белгіленеді.)

Білемін

Білдім

Білгім келеді












Концептуалдық кесте

Р/с

Шығарманың аты

Кейіпкер

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел,

1
















Сөздікпен жұмыс















«Екі бетті күнделік» стратегиясы.



Алған әсерім

Пікірім







Таратпа материал үлгісі



Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білемін?
Не біліп келдім?










Мысал ретінде талданған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.




8- дәріс. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио-бейне-құндақтар) жатады.
Электронды оқулықтар-ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар, электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді.
Модульдік оқытудың негізі-оқу модулі. Ол өзіне:- информацияның аяқталған блогын;-оқушы әрекетінің мақсатты бағдарламасын;-мұғалімнің осы бағдарламаны нәтижелі іс-жүзіне асыру үшін нұсқауларын (кеңестері) қамтиды.
Модульдік технология даралап оқытудың сапасына; меңгеру қарқынына; өздік әрекет сатысына; оқу әдістері мен тәсілдеріне; бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдеріне байланысты асырады.


Оқу модулінің кестесі:

Модуль құрылысы

Сабақ реті

Игеруге тиісті білім-білік дағдысы

Туындайтын проблемалық
мәселе, ізденіс

Кіріспе бөлім (тақырыпты
модельдеу)

Бірінші сабақ




.

Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық
қызметін өзара сөйлесу
негізінде

Екінші сабақ

Оқулықпен жұмыс: топтық жұмыс, ойын элементтерін пайдалану



проблемалық сұрақтарды шешу.

Ұйымдастыру)




негізделген кесте, сызба дайындау. Білімді жинақтау.

.

Қорытынды
бөлім
(бақылау)

Үшінші сабақ







Бұл әдістің тиімділігі оқушылар теориялық білімді аз уақытта меңгереді, өздіктерінен ізденуге талпыныс жасайды, танымдық, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Ал нәтижесі


- оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, іскерлік, біліктілік дағдысы дамиды;

  • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, шығармашылықпен айналысу, сызба, кесте құрастыру барысында әр оқушының қабілеті, бейімділігі танылады.

  • өзіндік пікір айту, шешім қабылдау, қорытынды шығару, тұжырым жасау арқылы оқушының ойлау белсенділігі артып, тапқырлығы, белгілі бір мақсатқа ұмтылу әрекеті қалыптасады.




  1. дәріс. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары:




Мазмұнындағы басымдылық.

Педагогикалық процесінің компоненттері.

Дәстүрлі сабақ (түсіндірме әдісі).

Дамыта оқыту.

Мақсат.


Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру.

Байқампаздығын, ойлауын, тәжірибелік әрекетін дамыту.

Бастапқы мазмұн.



Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер.

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту.

Оқытудың формалары.

Жеке, топтық, фронтальды.

Бірлескен, ұжымдық іс-әрекет.

Оқыту әдістері.



Ауызша түсіндіру, көрнекілік, тәжірибелік.

Проблемалық, баяндау, ізденушілік, зерттеушілік.

Бақылау, бағалау.



Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы.

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция.

Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.


Сабақта дамыта оқыту технологиясын жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушылардың ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.
Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі.

10- дәріс Теориялық ұғымдарды сыныпта түсіндіру.



Сынып тар

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып














































































11-дәріс П.ғ.к. доцент Н.А.Оразахнованың «Сатылай комплексті талдау технологиясы».
сатылай кешенді талдау үлгісі.

\


12- дәріс Оқушылардың теориялық ұғымдарды танып-білуі мақсатында арнайы кесте толтыру үлгісі

































Дамыта оқыту идеясына негізделген модульдік блок технологиялық әдісі бойынша қарастыру жолы.




Оқу модулінің кестесі:

Модуль құрылысы

Сабақ реті

Игеруге тиісті білім-білік дағдысы

Туындайтын проблемалық
мәселе, ізденіс

Кіріспе бөлім (тақырыпты
модельдеу)

Бірінші сабақ







Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың
Танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

Екінші сабақ







Қорытынды бөлім
(бақылау)

Үшінші сабақ







Бұл әдістің тиімділігі оқушылар теориялық білімді аз уақытта меңгереді, өздіктерінен ізденуге талпыныс жасайды, танымдық, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Ал нәтижесі


- оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, іскерлік, біліктілік дағдысы дамиды;

  • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, шығармашылықпен айналысу, сызба, кесте құрастыру барысында әр оқушының қабілеті, бейімділігі танылады.

  • өзіндік пікір айту, шешім қабылдау, қорытынды шығару, тұжырым жасау арқылы оқушының ойлау белсенділігі артып, тапқырлығы, белгілі бір мақсатқа ұмтылу әрекеті қалыптасады.



Сабақтың үлгісін кесте арқылы көрсету.

Журнал беттері

Сабақтың тақырыбы, мазмұны

Сабақта қолданылған негізгі әдіс-тәсілдер

Сабақтың ішкі элементтері

1-бет:"Талабы алда баламыз







Оқушылар мен эмпатиялық диалог жүргізу. Әр оқушының өз ойын ашық айтуына негізделген әңгіме-сұхбат өткізу.







Салыстыру. Екіжақты пікірлесу

идея мен мазмұн бірлестігіне талдау




бүгінгі таңдағы тәрбиелік маңызы.

Қосымша материал ретінде пайдалану.




2-бет:




Түсіндірмелі әдіс. Практикалық жұмыс: Проблемалық сұрақтар.

Практикалық тапсырмаларға, проблемалық сұрақтарға негізделген ғылыми тұрғыдағы іздендіру жұмыстары.

3-бет:




Оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарын ұйымдастыру. Әңгіме, пікірлесу, өзара сұрақтар алмасу, шағын пікірталас өткізу

Пікір қорғау, ой бөлісу, пікірлесу



13- дәріс . Күнделік жүргізу сабағының үлгісі
Әр оқушыға тапсырма жазылған күнделік-парақтар таратылды.



Бөлімдер

Менің қойған тақырыбым

Бұл тақырыпты қою себебім

I бөлім
(1-тарау)







II бөлім
(2-3 тарау)







III бөлім
(4-5 тарау)







ІҮ бөлім
(6-7-8-9 тарау)







Ү бөлім (10-11-12 тарау)







ҮІ бөлім
(13 - тарау)







1 Бақылаудың және оқытудың нәтижелілігін есепке алудың теориялық негіздері;


2 Оқыту нәтижесін есепке алу және бақылау түрлері мен оны ұйымдастыру формалары.
1 Бақылаудың және оқытудың нәтижелілігін есепке алудың теориялық негіздері
Кез келген процесті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқыту нәтижесін бақылау мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау.
Қазіргі педагогика теориясы мен практикасында оқыту нәтижесін бақылаумен қатар педагогикалық диагностика түсінігі кең қолданылып келе жатыр. «Педагогикалық диагностика» түсінігін алғаш рет 1968 К.Ингенкамп ұсынды. Отандық ғылымда және мектеп практикасында «педагогикалық диагностика» түсінігінің қолдану аясы тар және ол негізінен тәрбие саласына қатысты қолданылады.
Дегенмен «педагогикалық диагностика» түсінігінің мәні дәстүрлі бақылаудың мәнінен кең әрі тереңірек. Себебі, педагогикалық диагностика оқыту нәтижелерін оған жету жолдарымен, әдістерімен бірлікте қарастырады, олардың даму бағыттары мен тенденцияларын анықтайды.
Дидактикалық диагностиканың мақсаты оқыту процесінің жүру жағдайын анықтау, бағалау және талдау. Дидактикалық диагностиканың құрамды бөліктері бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерді жинау, оларды талдау, оқыту процесінің дамуын болжамдау.
Оқыту процесін бақылау дегеніміз бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми-әкімшілік тәртібі, екінші жағынан мұғалімнің оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жүйелі бақылауы.
Оқыту процесінің жеке компоненті ретінде ол білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларды атқарады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ беруге қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекеттерін іске асырады. Мұғалімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды.
Бақылаудың тәрбиелік функциясы – оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларды тәртіптілік және жігерге тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауға және өзінің оқу іс-әрекетін түзетуіне мүмкіндік береді. Бақылаудың негізгі функцияларының бірі ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан корқуы, мұғалімнен мақтау естуі бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың теориясы мен практикасы бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауды ұйымдастыруға келесі педагогикалық талаптар қойылады:
- әр оқушының жеке жұмысына бақылау жасауды талап ететін бақылаудың жекелік сипаты;
- бақылаудың оқыту процесінің барлық кезеңінде жүйелі жүруі, оның оқушылардың оқу іс-әрекетінің басқа жақтарымен байланысы;
- бақылаудың барлық функцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін бақылаудың әртүрлі формаларын қолдану;
- оқыту бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтитын, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық іскерліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз ететін бақылаудың жан-жақтылығы;
- оқушыларды жетік білмеуінен және кейбір оқушыларға деген теріс қарым-қатынастан туған мұғалімнің субъективті көзқарастарынан тәуелсіздікті талап ететін бақылаудың объективтілігі;
- әр оқу пәнінің және оның жеке бөлімдерінің, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін бақылауға саралық тұрғыдан келу;
- оқушылардың оқу жұмыстарына бақылауды іске асырудағы мұғалімдердің талаптарының бірлігі.
Аталған талаптарды сақтау бақылаудың сенімділігін және оның оқыту процесіндегі барлық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.
2 Оқыту нәтижесін есепке алу және бақылау түрлері мен оны ұйымдастыру формалары
Оқытудың әр кезеңінде бақылаудың әр түрлері қолданылады: алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.
Кез келген тақырыпты игерудің нәтижелілігі алдыңғы кезеңде игерілген білімдердің көлемі мен деңгейіне тәуелді. Егер мұғалімде ондай ақпараттар болмаса оның оқыту процесін тиімді жобалау және басқару мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар пән немесе бөлім бойынша оқушылардың білімдерін анықтау мұғалімнің өзінің іс-әрекетін дұрыс жоспарлауына және ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Аталған міндеттер алдын-ала бақылау арқылы шешіледі.
Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және алдыңғы материалдарды игеруін тексеру мақсатында іске асырылады.
Тақырыптық бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың бұл түрі жүйелеу сабақтарында қолданылады және оқушыларды қорытынды бақылауға дайындайды.
Қорытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі.
Бақылау формалары: жеке, топтық және фронталды.
Бақылау әдісі оқыту процесінің тиімділігі, оқытудың нәтижелілігі туралы мәліметтер алу мақсатымен оқыту процесіндегі қарама-қарсы байланыстардықамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді өзара байланысқан әрекеттер жүйесі. Олар оқыту процесі туралы жүйелі, толық, жан-жақты, дәл жәнеоперативті ақпараттарды алуды қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі кездегі дидактикада келесі бақылау әдістері көрсетіледі: ауызша бақылау әдістері, жазбаша бақылау әдістері, практикалық бақылау әдістері, дидактикалық тесттер. Жекелеген ғалымдар графикалық бақылау әдістерін (Щукина Г.И.), бағдарламаланған және лабораториялық бақылау әдістерін (Бабанский Ю.К.) көрсетеді.
Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушы әңгімесі, түсіндіру, мәтінді, технологиялық картаны, схеманы оқу және тағы басқалар. Ауызша бақылаудың негізі - оқушының монолог түріндегі жауабы немесе сұрақ–жауап формасындағы әңгімелесу. Ағымдық ретіндегі ауызша бақылау әр сабақта жеке және фронталды формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Ауызша жеке бақылау барысында мұғалім оқушының білім деңгейі туралы толық және нақты деректер алады. Ауызша жеке бақылаудың кемшілігі ретінде бір оқушы жауап бергенде басқа оқушылардың оқу белсенділігінің төмендеуін айтуға болады.
Ауызша фронтальды бақылау аз көлемді оқу материалы бойынша бір-бірімен логикалы байланысы бар сұрақтар ретін қажет етеді. Әдетте бұл әдіс қысқа уақыт аралығында оқу материалдарын қайталау және бекіту үшін қолданылады. Фронтальды сұраумен жеке сұраумен салыстырғанда артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оның артықшылығы бүкіл сыныптың жұмысын белсендіруге, аз уақыт ішінде көп оқушыларды сұрауға жағдай жасайды, уақытты үнемдейді. Сонымен қатар фронтальды сұрау барлық оқушыларға басқа оқушының жауабын толықтыруға, түзетуге мүмкіндік береді. Бірақ ол оқушының білімінің тереңдігін, жан-жақтылығын тексермейді және ондай сұрау барысында оқушының кездейсоқ сәтті жауаптары болып қалуы мүмкін.
Жазбаша бақылау (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) оқушылардың білім деңгейін терең және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстарда оқушы өзінің теориялық білімдерімен қатар оларды нақты міндеттерді шешуде қолдану іскерліктерін көрсетуі керек.
Практикалық бақылау әдістері бейнелеу өнері, технология, дене тәрбиесі, математика, физика, химия пәндері сабақтарында қолданылады. Жоғары сыныптарда лабораториялық жұмыстар орындалады. Практикалық бақылау әдістері белгілі бір практикалық жұмыс іскерліктері мен дағдыларының қалыптасқандығын тексеру үшін қолданылады.
Дидактикалық тест – оқушылардың белгілі бір оқу материалдарын меңгеру дәрежесін анықтауға арналған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы. Тестіге қойылатын талаптар: валидтілігі, сенімділігі және объективтілігі. Тесттің валидтілігі тест құрастырушы қандай білімдерді анықтауды және өлшеуді жоспарлады, тесттің соларды өлшеуі. Тесттің сенімділігі ұқсас жағдайларда бірдей нәтижелерді көрсетуімен анықталады. Дұрыс құрастырылған тест тапсырмалары бірнеше талаптарға сәйкес болуы керек:
- жауапқа көп уақытты қажет етпеуі;
- тапсырманың бір мәнді болуы, әртүрлі түсінуге мүмкіндік бермеуі;
- көпмәнді жауап құрастыру мүмкіндігін бермеуі;
- тапсырманың қысқа жауап беруді қажет етуі және т.б.
Тесттерді оқыту мақсатына сәйкес ажыратуға болады. Оқыту мақсатының төрт таксономиялық категорияларына сәйкес тесттің төрт түрі бар. Тесттің бірінші түрі оқушының фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды білуін тексереді. Екінші түрі игерілген білімдер негізіндегі ойлау операцияларын орындау іскерліктерін тексереді. Үшінші түрі оқығанға өзінше сынай баға беру іскерлігінің қалыптасуын тексереді. Ал төртінші деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың игерілген білімдер негізінде жаңа нақты жағдайларды шешу іскерліктерін тексереді.
Білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды бағалау деп оқушылардың оларды меңгеру деңгейлерін оқу бағдарламаларында көрсетілген эталондық көріністермен салыстыруын айтады. Отандық дидактикада білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды бағалаудың 4-баллдақ жүйесі қалыптасқан:
«5» - толық меңгерген (үздік);
«4» - жеткілікті меңгерген (жақсы);
«3» - жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық);
«2» – меңгермеген (қанағаттанарлықсыз).
Білім қалыптасқандығының көрсеткіштері:
- түсініктерді меңгеруі;
- фактілерді меңгеруі;
- ғылыми проблематиканы меңгеруі;
- теорияны меңгеруі;
- заңдылықтар мен ережелерді меңгеруі;
- әдістер мен процедураларды меңгеруі.
Іскерлік қалыптасқандығының көрсеткіштері:
- нақты әрекеттің алгоритмін құрастыру;
- практикалық әрекетті модельдеу;
- әрекеттер кешенін орындау;
- әрекетті орындау нәтижелерін талдау.
Дағды қалыптасқандығының көрсеткіштері іскерлік көрсеткіштерімен сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет