«Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ
Кафедра: Дене тәрбиесі және Бейнелеу өнері
п.ғ.к., доцент Алиев Талгатбек Хасенович (автордың аты-жөні)
Дәріс сабақтарға
Әдістемелік нұсқау
Критериалды бағалау технологиясы (пәннің аты)
Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары үшін
Оқу түрі: күндізгі
Жезқазған, 2022ж
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні бойынша дәрісті тыңдап, жазуға арналған әдістемелік нұсқаудың мақсаты:
студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
міндеттері:
әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Дәріс сабағы студенттерге күрделі және жаңа ақпараттарды беруде тиімді. Дәріс сабағы студенттердің пәнге деген қызығушылығын тудырады, алған білімдерін практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Курс бойынша Сіздің жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің біліміңіздің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеу;дәріс дәптері мен қаламды ұмытпау;дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыну. Себебі дәрістен қалмау тәжірибелік сабақтарға дайындалуда, студенттердің оқытушымен орындайтын өздік жұмыстары (СОӨЖ) мен өздік жұмыстарына (СӨЖ) даярлануда негіз болады.
6В01401- «Бейнелеу өнері және сызу»мамандығы білім беру бағдардамасындағы білім алушыларына арналған
ТКО 2214 «Критериалды бағалау технологиясы» пәні бойынша