Кілтті сөздер: есірткі заттары, психотроптық заттар, нашақор, қылмыс, жауаптылық, себептер.
Ключевые слова: наркотические средства, психотропные средства,наркоман, преступление, ответственность,причины.
Keywords: narcotic drugs, psychotropic drugs,addict, crime, liability,causes.
Есірткілік қоғам тіршілігінің әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, экологиялық салаларын қозғайтын әлеуметтік құбылыс болып табылады. Нашақорлықпен күресу мәселелері әлеуметтік мәселелердің тізіміндегі ең өткір бірінші қатардағы мәселелердің санына жақындап келеді. Сондықтан, мұндай құбылыстармен сәтті күресуді іске асыру үшін, «есірткілік» түсінігін анықтау қажет.
Есірткілік түсінігі бір мәнді тұрақты маңызы бар мәнге ие бола қойған жоқ, оны «нашақорлық» түсінігінен бөліп алу қиын. Сонымен, есірткілік түсінігін талдай келе, оның бағасын нашақорлықпен салыстырмай өту мүмкін емес.
Біз көріп отырғанымыздай, медицина заңсыз есірткі саласындағы қоғамдға қауіпті көріністермен күресудің мәселелерін жетілдіру кезіндегі заңгерлердің сәтті пайдаланатын нашақорлық туралы айтарлықтай сыйымдылықты және түсінікті білімін өңдеп шығарады. Бұл біреулер үшін нашақорды, яғни нашақорлықпен ауыратын адамды қылмыскер деп санауға болмайды деген ұғым болды. Ал кейбіреулері нашақорлық туралы түсінікті кеңейте түсті. Сонымен, К.А. Карповичтің ұстанымымен сәйкестендірсек, «нашақорлық – бұл адамдар үшін зиян және қоғамға қауіпті, мерзімдік немесе созылмалы улануға әкелетін және халықаралық – құқықтық немесе ішкі мемлекеттік бақылау шаралары тарататын есірткі заттарын заңсыз әдейі жүйелі қолданудың нәтижесінде болатын әдейі жүйелі қолданудың нәтижесінде болатын қоғамға қауіпті құбылыс» [1, 9 б.]. К.Ш. Курмановтың пікірінше, «нашақорлық – бұл адам денсаулығына зиян келтіруге бағытталған өзінің заңға қайшы, қоғамға қарсы, пайдакүнемдік ниетін қанағаттандыру мақсатындағы, есірткі құралдарымен байланысты қоғамға қауіпті қылмыстық әрекеттер заңында көрсетілгендердің орындалуы» [2, 77 б.]. Бұл ұстанымдармен қатар теорияларда басқа желі дамыды, оның жолын ұстанушылар «есірткіліктің» мүлдем басқа түсінігін пайдаланады.
Сонымен, есірткілік – қоғам тіршілігінің әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, экологиялық салаларын қозғайтын әлеуметтік құбылыс. Наркотизм құқықтың, әлеуметтанудың, психологияның, медицина мен басқа да ғылымдардың қиылысқан категориясы, бұлардың әрқайсысы зерттеудің өзіндік әдістері мен құралдарымен сәйкестендіріп ізденеді.
Мысалы, медицина ұрпақтың физикалық жағдайына есірткіні пайдаланудың әсерін, ал психология есірткі құштарлық дәрежесімен жеке адамның құлдырау дәрежесі арасындағы байланысты зерттейді.
Жоғарыда айтылғандарды қарай келе, наркотизмді нашақорлықпен теңестіруге болмайтыны туралы қорытынды шығаруға болады. Нашақорлық барлығына түсінікті және есірткіні пайдаланумен байланысты аурудың жалғыз сипаттамасы болып қалу қажет. Наркотизм және әртүрлі сипаттағы категория болып қалу керек, мүның біріншісі теріс әлеуметтік құбылысты, ал екіншісі тек ауруды білдіреді.
Криминологияда қылмыстың себептері мен шарттар пайда болулары сияқты, өздерінің маңыздары бойынша да әлеуметтік деп жалпылай қабылданған. Олар қылмыстық өзінің ізі сияқты детерминдейтін теріс құбылыстардың жиынтығын құрайды.
Осы анықтамалардан кейін, наркотизмнің себептері мен шарттарын талдауға көшуге болады. Екі жеке құбылыстық өзара әрекеттесуінен туындаған әлеуметтік құбылыс сияқты, наркотизмнің жалпы сипатын есептей келе, есірткіні пайдалану мен олармен заңсыз айналысудың қалай болатынын наркотизмнің объективті және субъективті себептері мен шарттары ретінде факторлардың қатарына мүшелеуге болады.
Н.М. Абдировтың пікірінше олардың әсерлері адамдардың санасы мен ерігіне байланысты емес объективті себептердің санасы мен ерігіне байланысты емес объективті себептердің қатары төмендегідей көрсетілген:
- қоршаған ортаның адамға, сәтсіз отбасы «түріндегі» өзіне жақын әлеуметтік ортаның, дұрыс қалыптаспаған байланыстардың (достары, жақындары және т.б.) теріс әсерлері;
- өтім көздерінің таралуымен және арзаншылыққа қатысты ешқандай бөгеуліксіз оларды пайдаланудың мүмкіндігімен өрнектелетін есірткілердің өтімділігі [3, 207 б.].
Жақын әлеуметтік ортаның теріс әсері есірткіні бірінші рет пайдалану жағдайы үшін нақты фактор болып саналады. Мұндай ортаның әсері отбасының төмен мінездік – психологиялық параметрмен, тәрбиенің болмауымен, дұрыс қалыптаспаған жақын ортамен: мысалы, бұрын сотталған немесе есірткіні, ішімдікті пайдаланатын адаммен; қоғамға қарсы өмір сүру мәні бар, әлеуметтік зиянды жеке қондырғылары, салттары, дәстурлері бар адамдарымен алдын-ала анықталады. Осындай ортада адамда кәдімгі жағдайда қалыпты адамға өтімі жоқ есірткінің ашылмаған құпияларына қызығушылық қалыптасады.
Есірткілердің өтімділігін кез-келген қалаушыға медициналық емес жолмен оларды пайдалану да наркотизмнің объективті себебі болып табылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ойынша есірткіні пайдалану мен дайындаудағы жеңілдік пен өтімділік итермелейді.
Көрсетілген объективті себептер субъективті қасиеттер себепсіз есірткіні адамның бірінші пайдалану фактісіне оңай алып келе алмайды. Н.М. Абдиров келесі субъективті себептерді көрсетеді.
Оларға жататындар:
- өмірге қанағаттанбауы және осымен байланысты шындықтан кеткісі келетін;
- эйфория (рахат) сезімін көргісі келетіні;
- қызуғышылық, сонымен қатар айналадағыларға електеушілік.
Мұнда белгілі бір қызығушылық субъективтік себеп сияқты қызығушылықты білдіреді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың білуге деген құштарлығын есептей келе, осы қызығушылықтың жасөспірімдерді есірткі думанының құшағына итермелейтінін айтуға болады. Есірткіні пайдаланудың өмірге қанағатсыздық пен «ұмыту» тілегі сияқты субъективті факторлардың күштенуіне әсері болуы мүмкін. Адамның қабылдануындағы есірткіні қиялының әлемі, осы сезімдерін дәм тату нақты шындылықтан айтарлықтай «тартымдырақ». Сондықтан, есірткіні жаңадан пайдалану мен осымен алынған бағаның сезімін есептей келе, адамның өзінің шынайы өмірімен көрсетімдік қанағатсыздығы тек асқына түседі.
Есірткіні пайдаланудың детерминациясы жүйесінде эйфорияны сезінуге адамның қалауы сияқты субъективті себептің қызметі де жоғары. Мұнда әңгіме адамның есірткіден физикалық және психологиялық байланыстылығы туралы болып тұр. Бұл себептің қауіптілігі осындай байланыстылыққа тап болған адамдар оны жеке психикалық қалауына қарамастан өзіне сынап көрумен қорытындыланады. Адамның есірткіден физикалық және психологиялық байланыстылығы адамның мінезін реттеуге, оның өмір сүру мен ойлауын анықтауға қабілетті.
Есірткіні пайдаланудың қарастырылған себептерінің әрекеті шарттың қызметін атқаратын факторлардың икемдейтін әсермен күшейді. Олар көп санды болғандықтан, олардың ең көп таралғанын қалыптастыруға болады. Оларға жататындар:
- Республиканың Оңтүстік аймақтарының тұрғындары арасында есірткіні пайдаланудың көп жылғы дәстүрлерінің жиналуы;
- елдің ерекше географиялық орналасуы;
- тұрғындар арасында әлеуметтік қол бастылық бөлігінің көбеюі;
- елдің өмірлік деңгейінің төмендеуі;
- Отандық сияқты, батыстық өнегесіз және татымсыз кино, бейне, баспа өнімдерінің әсерімен қалыптасуы.
Есірткі пайдаланудың объективті себептері есірткімен заңсыз айналасумен байланысты құбылыстың дамуына да тура әсерін тигізеді.
Есірткімен заңсыз айналасудың негізгі объективті себептері ретінде төмендегілерді айтуға болады:
есірткіні заңсыз сатудан түсетін айтарлықтай материалдық пайда;
есірткіні дайындаудың, қолданудың және сатудың өтімділігі;
Қазақстанның ерекше географиялық жағдайы;
шекараның ашықтығы.
Бірінші көрсетілген себеп, яғни айтарлықтай материалдық пайданың факторы біздің Республиканы қосқандағы, барлық елдегі елдер мен құрлықтар бойынша заңсыз есірткінің мереке құруын туғызады.
Есірткімен заңсыз айналысуды туғызатын тағы маңызды фактор болып оларды дайындаудың, қолданудың және сатудың өтімділігі саналады. Пайдалану мен әрі қарай сату үшін заңсыз есірткілердің құралатын өтімділігінің бірі болып оның қатыстық арзаншылық жатады. Бұл оларды өткізумен айналысатын адамдарға сату-сатып алу бойынша тиімді операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ерекше географиялық жағдай және шекараның «ашықтығы» заңсыз есірткі тарату үшін есірткіні ұрлап өткізуінің гүдленуіне және олардың Республика территориясы арқылы жол жүруіне көмектесетін маңызды фактор болып табылады. Есірткімен заңсыз айналысуға туындалатын әсер көрсететін субъективті сипаттың себептері әртүрлі. Олардың әрқайсысы адамға, санасы мен психикасына әсердің ізі болып қалады.
Есірткімен заңсыз айналасудың себебі ретінде жеткіліксіз және сапасыз ескеретін жұмыс табылады, ол мінездік-психологиялық және ақылдық-еріктік ақау түрінде оларда немесе тұрғындардың басқа да әлеуметтік топтардында көрінеді.
Б.Ж. Жунусов пікірінше есірткімен астыратын айналасудың негізгі себебі – есірткіні медициналық емес пайдаланудың зияны және олармен араласудың құқықтық жауапкершілігі туралы тұрғындардың іс жүзінде сауатының болмауы.
Субъективті сипаттың басқа себебі – бұл тұрғындардың белгілі бір бөлігінде меркантильдік психологияның тұрақты қалыптасуы. Бұл себеп қоғамның нарықтық экономикаға көшуінің әсерімен қалыптасады, ол қоғамдық өмірдегі пайда болған қайшылықтардан және қоғамның мүліктік қабаттасу процесінің жалғасуынан туындаған.
Объективті және субъективті сипаттағы осы барлық себептердің әрекеті өзінің жиынтығында шарттық қызметін орындайтын факторлардың қатарымен күшейеді. Мұндай шарттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1 есірткіні заңсыз айналасумен күресу саласында жұмыс істейтін қызметтердің әлсіз техникалық жабдықтануы;
кадрлық жабдықтаудың жетіспеушілігі;
3 ТМД елдерінің құқық қорғау органдары арасындағы қажетті өзара әсердің болмауы [4, 19 б.]
Қазақстанда адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы жария етілген, цивилизациялық дейнгейде адам өмірін, денсаулығын, қадір-қасиетін, бостандыгын және басқа адамзат құндылыктарын қорғау кепілдігі мен құқықтары заңды бекітілген.
Г. Исаева, Б. Карикболов пікірлерінше қылмыс та адамның әрбір қылығы секілді өзімен тұлғаның жеке-дара қасиеттерінің және адам онда нақты мінез-құлықтық шешім қабылдайтын объективті жағдайдың өзара әрекетету нәтижесін білдіреді. Нақты қылмысты жасау жеке тұлғаның (индивидтің) адамгершілік қалыптасуының қолайсыз жағдайларымең, және де қылмыс жағдайын құрайтын сыртқы объективті мән-жайлардың әсер етуімен калыптасқан (орныққан) тұлғаның негативті (жағымсыз) адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің өзара әрекеттенуінің нәтижесі болып табылады [5, 173 б.]
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.
Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.
Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді ПБЗ-ны теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет.
Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің жеңіл стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыптағы тұрақты теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.
Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар мен студенттердің Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер атты бүкіл қазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.
Әдебиеттер тізімі
Карпович К.А. Проблемы нравственности в рыночных условиях // Вестник МЮ // N 3, 1995. – С. 8-15
Курманов К.Ш. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім). – Қарағанды: ҚР ІІМ ҚЗИ, 2010. – 240 б.
Абдиров Н.М. Казахстан: государство-транзит незаконных наркотиков // Фемида. 1999. № 6. – С. 200-210.
Жунусов Б.Ж. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Караганда, 2007. – 105 с.
Исаева Г., Карикболов Б. Казахстан: наркобизнес. – Алматы, 2015. – 240с.
Достарыңызбен бөлісу: |