Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық



бет23/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84

№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық


Бұл мысалда бірден үш табиғат құбылыстарын салу әдістері қарастырылады. Жаңа бейне құрыңыз. Бұл мысалдың басқа мысалдардан тағы бір айырмашылығы мұнда жұмысты «таза беттен» бастаймыз.

Ең бірінші жер шарын салудан бастайық. Elliptical Marqule (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын пайдаланып дөңгелек ауданды ерекшелеп алыңыз. Оны бейнеде төрттен бір бөлігі ғана қалатындай етіп орналастырыңыз.

D пернесін басу арқылы негізгі түстерді орнатыңыз (алдыңғы қара; фонның түсі - ақ). Ерекшеленген аймаққа Render (Жарық түсіру, Освещение) бөліміндегі Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз. Содан кейін сол бөлімдегі Difference Clouds (Бұлттар қондыру, Облака с наложением) сүзгісін, ақ және қара түстердің бір–біріне өту мөлшері сізді қанағаттандырғанша, пайдаланыңыз (87-сурет).



Жер шарының қыртысы тегіс емес екендігін көрсетуіміз керек. Ол үшін келесі әдісті ұсынамыз: Filter Texture Craquelure (Сүзгі (Фильтр) Текстура Кракелюралар). Осы сүзгінің диалогтық терезесіндегі баптауларының мәнін өзгерте отырып, эксперимент жүргізіп көріңіз. Ал біздің мысалда қолданылған параметрлер мәндері 88-суретте көрсетілген.


Егер қаласаңыз осы сүзгіні, параметрлер мәнін азайтып беріп, тағы бір рет қолдануыңызға болады.

Жерді шар тәріздес етіп қалай көрсетеміз? Ол үшін: Spherize (Сфералау, Сферизация) сүзгісін пайдаланамыз: Filter Distort Spherize (Сүзгі Деформациялау Сфералау, Фильтр Деформация Сферизация) (89- сурет). Amount (Әсер, Эффект) параметрі ең жоғарғы мән қабылдау керек, ал Mode (Қондыру режимі, Режим наложения) параметрінің мәні сіздің қалауыңызша таңдалады. Осы операцияны бірнеше рет орындауыңызға да болады.

Жерді бояуды әр түрлі тәсілмен орындауға болады, бірақ келесі команданы пайдаланған тиімдірек: Image Adjustments Color Balance (Бейне Баптаулар Түстік баланс, Изображение Настройки Цветавой баланс).

Жерді қандай түске боясаңыз да қазір оның маңызы жоқ, себебі жұмыс соңында ол өзгеріп кетеді. Бірақ ыңғайлы болу үшін оны негізгі түске бояйық, яғни қоңыр немесе жасыл түске. Қолданылған баптаулары бар диалогтық терезе 90- суретте көрсетілген.



Түстік қисықтардың терезесін ашыңыз: Image Adjustments Curves (Бейне Баптаулар Қисықтар, Изображение Настройки Кривые). Түрлі түсті бейнелермен жұмыс істегенде қисықтардың көмегімен оның тек жарықтығын ғана емес, түсін де өзгерте аламыз. Жер шары бір түсті болмас үшін каналдардың әрқайсысын (түстік құраушыларды) жеке–жеке өңдеуіміз керек. Келтірілген мысалда 91-суретте көрсетілген қисықтар қолданылған.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет