Мәтіндік объектінің қаріпін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Pick (Көрсеткіш) сайманының көмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе мәтін бөлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз. Жекелеген сөзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.
Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:
қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (Қаріптер тізімі) тізімінен қажет қаріпті таңдаңыз (143-сурет).
143-сурет
Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl + T пернелерінің комбинациясын басыңыз. Экранда Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің ашылатын Font (Қаріп) тізімінен қажет қаріпті таңдап (144-сурет), Ok батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіндік объектінің қаріпі өзгереді.
144-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |