97-сурет. Ашылған портрет
Осы портретті бейнеге орналастырыңыз. Ол үшін суреттің үстіне апарып тышқанның сол жақ тетігін басып тұрып бейне үстіне апарыңыз.
Өз фотосуретіңізді сканерден өткізіп, оны файлда сақтаңыз. Осы фотосуретті
Photoshop-та ашыңыз (98-сурет).
Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат → Құру → Қабат). Лассо құралының көмегімен өз фотосуретіңіздегі керек аймақты бөліп алып, құрылған қабатқа орналастырыңыз.
Барлық қабаттарды біріктіріңіз (Shift+Ctrl+E). Ең соңғы нәтиже 99-суретте көрсетілген.
98-сурет 99-сурет. (соңғы нәтиже)
№
Достарыңызбен бөлісу: |