Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет14/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84

56-сурет 57-сурет

Мәтінді өңдеуді ары қарай жалғастыру үшін оны растрға ауыстыру керек. Мәтін орналасқан қабатта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған мәзірден Rasterise Layer (Қабатты растрлеу, Растрировать слой) командасын таңдаңыз.

Енді мәтінді ерекшелеңіз. Ең жеңіл әдіс - Layers (Қабаттар) палитрасындағы осы қабатта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту. Ерекшеленгенді маска ретінде жеке каналға сақтаңыз. Ол үшін Channels (Каналдар) палитрасының төменгі жағында орналасқан, штрихталған сызықтармен шектелген, ақ дөңгелекке шертсе немесе Select → Save Selection (Ерекшелеу → Ерекшеленгенді сақтау, Выделение → Сохранить выделение) командасын орындау жеткілікті.

Жаңа ғана құрылған каналды екпінді күйге келтіріңіз (каналдар палитрасында оған шерту арқылы) және оны Blur (Шаю, Размытие) бөліміндегі радиусы 2-3 пиксель болатын Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісінің көмегімен шайыңыз (58-сурет).

RGB каналына қайтып келіп, Layers (Қабаттар) палитрасын ашыңыз. Мәтін орналасқан қабат екпінді екеніне көз жеткізгеннен кейін, Filter → Render → Lighting Effects (Сүзгі → Жарықтандыру → Жарық әсерлері, Фильтр → Освещение → Эффекты света) командасын орындаңыз. Texture Channel (Каналдың текстурасы, Текстура канала) бөлімінде шайылған мәтін орналасқан каналды таңдаңыз. Қалған баптаулар мынадай (111-сурет): Light type (Қайнар көзі, Источник) - Spotlight (Прожектор), Intensity (Ашықтығы, Яркость) – 35,

Focus (Фокус) – 69, Gloss (Фактура) – 0, Material (Материал) – 69, Exposure

(Ұстап тұру, Выдержка) – 0, Ambience (Орта, Среда) – 8, баптаулардағы екі түс те – ақ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет