№14 Практикалық жұмыс. Шық түйіршігін жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, кез-келген суретті импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (188-сурет).
Ctrl+C және Ctrl+V пернелері арқылы суреттің көшірмесін алыңыз. Нәтижесінде бір суреттен екі дана болу қажет.
Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманын алып, шық түйіршігіне ұқсайтын форманы таңдап, шықтың суретін салыңыз (189-сурет)
188-сурет 189-сурет
Екінші пункте көрсетілгендей «шықтың» көшірмесін алыңыз.
«Шықтың» бір көшірмесін суреттің үстіне орналастырып, келесі команданы орындаңыз: Effects → Power Clip → Place Inside Container (Эффекты → Фигурная обрезка → Поместить в контейнер). Пайда болған бағдаршамен фигураны белгілеңіз, нәтижесінде сурет фигураның ішіне енеді (190-сурет).
Бұл әрекетті жасау себебіміз, гүлге «шық» түйіршігінің ар жағынан қараймыз. Ондай эффектіні жасау үшін Sphere (Сфера) растрлы фильтрі қолданылады: Bitmaps → 3D Effects → Sphere (Точечная графика → Трехмерные эффекты → Сфера). Қажет өзгертулер көрсетілген (191-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |