Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Факультеті: «Жаратылыстану»
Кафедрасы: «Экология жəне химия»
Реферат
Тақырыбы: ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР. ƏЛЕУМЕТТІК
НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ РОЛІ
Орындаған: Қайларбек Аида
Тексерген: Муртазаева Г.
Туркестан, 2022ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР
1.1 Əлеуметтік нормалардың түсінігі, түрлері.
1.2. Əлеуметтік нормалардың əр саласы бойынша түсініктер.
2 ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫҢ РОЛІ, ЖАЛПЫ ЖƏНЕ АРНАЙЫ
БЕЛГІЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жалпы, қоғамдық қатынастың басты ұйымдастырушы құралдарына мына
əлеуметтік нормалар жатады: құқық нормалары, мораль нормалары,
салттар жəне т.б. Бұл нормалар мақсатқа сай жəне қоғамның өз
дамуының қажеттілігіне сəйкес, үйлесімді қызмет жасауды қамтамасыз
етеді.
Əлеуметтік нормалар адамдардың тəртібін жəне ұйымдардың қарым –
қатынастағы қызметтерін реттейтін ережелер.
Əлеуметтік нормаларға қажеттілік адам қоғамының
дамуындағы ең ерте заманда, адамдардың тəртібін жалпы ережемен
реттеудің қажет болған кезеңінде пайда болды. Əлеуметтік нормалар
арқылы бір адам шеше алмайтын мəселелерді шешуге болады.
Сондықтан, əлеуметтік нормалардың талабын бұзған адамдарға бұзудың
сипатына байланысты, мемлекеттік не болмаса қоғамдық ықпалы бар
шаралар қолданылуы мүмкін. Егер адамдар құқықты бұзған болса, онда
оған мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы қолданылады. Көрсетілген
белгілерге байланысты, əлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды
реттеудегі ең басты белгіге айналды. Олар адамдардың тəртібіне
белсенді түрде əсер етеді жəне дəстүрлі өмірлік қатынастарда оның
бағытын белгілейді.
1 ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР
1.1 Əлеуметтік нормалардың түсінігі, түрлері.
Əлеуметтік нормалар тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде қоғамдық
қатынастар негізінде қалыптасқан əлеуметтік топтар мен жеке
адамдардың іс - əрекеттерін реттейтін талаптар. Əлеуметтік
нормалардың үш ерекшеліктері бар :
1) Қоғамдық маңызы бар іс - əрекеттерге ынталанудан шығады
(мақсат, ой – арман, рухани құндылық т.б.);
2) Белгілі бір жүйеге сəйкес келетін, міндетті түрде орындалатын
тəртіптің түрі мен шегін көрсетеді.;
3) Қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.
Əлеуметтік нормалардың мəнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен,
оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм
ілімі адамдардың іс - əрекеті мен əлеуметтік нормалардың арасындағы
байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының
негізі экономикалық өмірге тəуелді екендігін ғылыми дəйектілігімен
дəлелдеп береді. Əр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың
өздеріне тəн əлеуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы
мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір
қоғамда экономикалық
формациялардың өздеріне де сол сияқты айрықша бір тəн əлеуметтік
нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің
арақатынастарында, əрине, ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық –
экономикалық формацияның қалыптасуына сəйкес əлеуметтік
нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан,
тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап,
болашақ іс - əрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Ол əрбір
қоғамдағы əлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін қамтиды.
Əлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқаруы үшін,
олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сəйкес
келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір əлеуметтік
норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында
сəйкессіздік болады. Мұндай сəйкессіздік əсіресе діни нормалар мен
адамдардың күнделікті іс - əрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде
алғанда əлеуметтік нормаларға дəстүр, əдет – ғұрып, моральдық жəне
құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар жəне
ұйымдастыру – техникалық ережелері жатады. Солардың ішінде ең
маңыздысы – құқық нормалары.
Əлеуметтік нормалардың компоненттері бір – бірімен тығыз байланысты.
Жеке адамдардың əлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім – ниетіне
айналдыруы – қоғамдық тəрбиенің ең бір маңызды саласы.
Əлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі –
нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық
жағы – сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне,
нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан əлеуметтік жəне
қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды
жетілдіруге, болашақта адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын
тигізеді.
Қоғамдағы əлеуметтік тəртіптің дамып нығаюына сан – қырлы
құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің əсерін тигізіп жатады.
Оларды үш топқа бөлуге болады:
табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін
əсерлері: демографиялық процесстер, халықтың миграциясы,
адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.
нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы
орындалуы;
адамдардың өзара қатынастарын өздерінің саналы түрде
орындауы.
1.2. Əлеуметтік нормалардың əр саласы бойынша түсініктер
Техникалық нормалар – көбінесе, адамдардың табиғи заттармен, еңбек
құралдарымен, əртүрлі техникалық құралдармен орынды араласуының
ережесі. Техникалық нормаларды тағайындау – табиғаттың күшін,
техниканы, көбірек экономикалық жағынан сақтап жəне экономикалық
қауіпсіз жолдармен дұрыс пайдалану.
Техникалық нормалардың қазіргі қоғамдық өмірде атқаратын рөлі зор.
Себебі, өндіріске өте жоғары сападағы техникалық құралдарды кеңінен
кіргізу еңбек өнімділігін арттырады, адамдардың материалдық
жағдайының деңгейін көтереді. Ғылыми – техникалық прогресстің
жетістіктерін қоғам дамуының мүдделеріне жұмсау, техникалық
құралдарды пайдаланудың ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Құқықтық мемлекет өндіріске техникалық құралдарды пайдаланудың
жақсы жағдайларын кіргізу үшін, үлкен қызмет етеді.
Қазіргі қоғамдағы қызмет істейтін барлық əлеуметтік нормалар, екі негізге
байланысты бөлінеді:
А) оларды құру тəсіліне байланысты;
Б) олардың талаптарын бұзылудан қорғайтын құралдарына байланысты.
Солардың негізінде, мынандай əлеуметтік нормалардың түрлері бөлініп
шығады:
1. Құқықтың нормалары – мемлекетпен белгіленетін жəне қорғалатын
тəртіп ережелері
2. Моральдық нормалар (адамгершілік) – қоғамдағы адамдардың
моральдық ойларына айналған тəртіп ережелері. Ол нормалардың
ерекшелігі сонда, олар үйреншікті күштерге, яғни адамдардың табиғи
өмірлік қажеттілігіне айналғандықтан орындалады.
3. Дəстүр нормалары – көбінесе қорытылған жəне біркелкі тəртіп ережесі,
адамдардың өмір сүруіндегі белгілі ортадағы уақытпен сыналған.
Прогрессивтік тұрақтылықты қолданғанда пайда болатын, тəртіп ережесі
(мысалы, отбасылық, кəсіби, əскери, ұлттық жəне басқа салттар).
4. Салт нормалары - əлеуметтік нормалардың бір түрі, адамдардың салт
– дəстүрін қолдану кезіндегі тəртіп ережелері жəне моральдық
шаралардың ықпалымен қорғалады. Салт нормалары көбінесе ұлттық
мерекелер, үйлену, мемлекеттік жəне қоғамдық қайраткерлердің
кездесуіне қолданылады. Салт нормаларының орындалуы – олардың
əсемділігімен жəне театрландырылғандығымен ерекшеленеді.
Барлық əлеуметтік нормалардың өздеріне сай жиынтығы, қарым –
қатынастығы, адам баласының бірігіп өмір сүру ережесі деп аталады.
ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫҢ РОЛІ, ЖАЛПЫ ЖƏНЕ АРНАЙЫ
БЕЛГІЛЕРІ
Əлеуметтік нормалар əркез адамдар мен олардың топтары – қоғамның
тəртібін реттейді, қадағалайды. Олардың компоненттері өзара өте тығыз
байланыста. Адамдар болса белгілі бір əлеуметтік нормаларды
қабылдайды да, өздері іштей соған сеніп, осы нормалар талаптары
бойынша өмір сүреді. Əлеуметтік нормалар қоғам ішінде жаңа
қатынастарды жетілдіреді, болашақта осы қоғам тұрғындарының сана –
сезімінің биік тұрғыдан қалыптасуына ықпал етіп, əсерін тигізеді.
Əлеуметтік нормалардың белгі - нышандары:
1. Əлеуметтік нормалар адамдардың іс - əрекетінің, мінезінің, тəртібінің
қоғамдық ережесі. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар,
ұйымдар осы ережеге сəйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.
2. Əлеуметтік нормалар – қоғамдық ережедегі ереже, бұл нормаларды
дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі
міндеті, орындалмаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады,
жауапкершілікке тартылады
3. Əлеуметтік нормалар – жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті
түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.
Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тəжірибесімен
тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.
Міне, осы көрсетілген белгі – нышандары, ерекшеліктері арқылы
əлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі
құралына айналды.
Əлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз
байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базиста, бір
қоғамдық саясатты,
бір əлеуметтік тұрмысты, бір мəдениетті, бір мүдде – мақсатты қорғап,
дамытады.
Əлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек:
біріншісі – қоғамдық мүдде – мақсатты орындау, іске асыру бағыты;
екіншісі – жеке адамдардың мүдде – мақсатын қорғау, дамыту бағыты.
Бұл объективтік бірлестік. Өмірде біржақты əлеуметтік норма болмайды.
Əлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік
даму процесінде жаңа қарым – қатынастар қалыптасады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кез – келген қоғам даму барысында адамдардың тəртіптерін, мінез
құлықтарын реттемей өмір сүре алмайды, сондықтан да қоғамда тəртіп
орнату үшін, қатынастарды реттеу үшін əлеуметтік нормалар қажет.
Қоғам адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық жəне рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып,
жəне айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тəртіпті, адамдар
арасындағы өзара қарым - қатынастардың орнықтылығы мен
тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез – құлқын
басқарудың, реттеудің жəне ықпал етудің ерекше құралдарының
болуымен сипатталады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Нормативті құқықтық актілер
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж – Алматы,
Юрист, 2008 ж.
2.«Нормативік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
заңы. //Алматы: «Юрист». – 2002ж. 22 б.
3. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация / 25 қазан
1990ж.
4. Ағдарбеков Т. Құқық жəне мемлекет теориясы. Қарағанды: Болашақ –
Баспа. – 2002. – 319б.
5. Алексеев С.С. Общие дозволения и общие запреты в советском праве.
– М. 1989.
6.Жоламан Қ.Д., Мемлекет жəне құқық теориясы. //Жоламан Қ.Д.,
Мұқтарова А.Қ. Алматы, 1999. – 12б.
7. Маликов М.К. Проблемы реализации права. – Иркутск, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |