Кафедрасы


Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет88/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, 
олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады: 
1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық 
уәкiлеттi орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктер шегiнде; 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын 
пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы, жер 
қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, 
ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер 
шегiнде; 
3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi 
мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктер шегiнде; 
4) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын 
зерттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган – жалпы республика бойынша, ал оның 
аумақтық органдары – әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика 
бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 
6) жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, 
молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика 
бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде (ҚР Экол 
кодексі 18-тарау. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары) 
Ақпарат беру 
Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке алу мен 
тiркеудiң нәтижелерiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы уәкiлеттi органға өтеусiз бередi. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiне енгiзiлген 
объект туралы деректерде: 
1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объект 
паспорты және статистикалық ақпарат; 
2) объектiлердiң кеңiстiктегi жағдайы туралы картографиялық материал және 
аумақтарды кешендi бағалау үшiн қажеттi басқа да деректер қамтылуға тиiс. 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың тиiстi 
түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың 
кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет