56
Партограмманы толтыру
Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін
баяндап беріңіз.
Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: берілген мәліметтер негізінде
партограмманы толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде
келтірілген критерийлерді ескеріп бағалаңыз.
1
Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушы әйелдің
аты-жөнін, акушерлік мәліметтерді (босану санын,
анамнездегі жүктіліктерін), босану тарихының №,
босану бөліміне госпитализацияланған күні мен
уақытын, партограмманы толтыру басталған уакыттағы
сусыз кезеңді (сағатпен) жазамыз.
1 0,5 0
2
Жатыр мойының ашылуын кестеде "X" әрпімен
белгілейміз. Латентті фаза – 0-ден 3см-ге дейін жатыр
мойының баяу ашылу кезеңі, жатыр мойнының
біртіндеп қысқаруымен жүреді. Белсенді (активті) фаза
– бұл жатыр мойының 3-тен 10 см-ге дейін жылдам
ашылу кезеңі.
Жатыр мойының 0-3 см ашылуын босанудың латентті
кезеңі белгіленген жерде көрсетеміз, босану белсенді
фазаға ауысқанда, жатыр мойнының ашылуын пунктир
сызықпен Дабыл сызығына ауыстырамыз. Егер босану
белсенді фазада болса, жатыр мойнының ашылуын
Дабыл сызығына жатыр мойының ашылуына сәйкес
жерде белгілейміз, ал уакытты «X» астына, сйкес жолға
жазамыз.
1 0,5 0
3
Жатырдың жиырылуын штрихтау түрінде: нүкте, қисық
штрих, тұтас штрих ретінде уақыт осінен төмен
«Жатырдың 10 минутта жиырылуы» белгіленетін
жерде көрсетеміз. Клеткалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарға
сәйкес келеді. Әрбір клетка бір жиырылуды білдіреді,
егер 10 минутта 2 жиырылу болса, онда 2 клетканы
штрихтаймыз және т.с.
1 0,5 0
4
Ұрық басының жылжуын "О" әрпімен кестенің оң
жағына «Ұрық басының жылжуы» шкаласына 5-тен 0-ге
дейінгі белгілермен белгілейміз (ұрық басының симфиз
жиегінен жоғары 5 саусақтың көлеміндей орналасуы).
1 0,5 0