«Кактус» графикалық әдістемесі


Өзіне деген сенімсіздік, тәуелділік



бет2/2
Дата29.03.2022
өлшемі34,85 Kb.
#137202
1   2
Өзіне деген сенімсіздік, тәуелділік –парақтың төмен жағына салынған кішкентай сурет.
Өзін жариялау, көрсету және ашықтық – кактускағы қосымша шөптер, форманың анықтылығы.
Жасырынушылық, сақтық – кактустың ішінде немесе сыртында салынған зигзаг.
Оптимизм –«қуанышты кактус», яғни, ашық түстерді қолдану.
Үрей – қара түстерді қолдану, іштегі штрихтар.
Экстравертивтілік-Кактустағы басқа кактустармен, гүлдер.
Интровертивтілік – Суретте, бір ғана кактус салынса.
Үйдің қорғанысына ұмтылу – кактус ыдыста салынған болса.
«Жалғыздық» сезіну – құмдағы кактус салынса.

«Менің жанұям» әдістемесі

Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.

Реті бойынша. Үй ішіндегілердің пайда болу реттілігі балғын суретшінің оларға деген қатынасын көрсетеді. Әдетте балалар ең жақсы көретін жанды бірінші салады. Егер ол біреуді ұмытып кетсе, демек баланың ол адаммен қарым-қатынасы шиеленісті болуы мүмкін. Балалар әдетте өздерін суреттің ортасына орналастырады. Бұл оның ата-анасының өзін жақсы көретініне сенімділігін көрсетеді. Ал егер өзін салмаған болса, ол өзін жалғыз, әрі сүйкімсіз, керексіз сезінеді.

Құрамы бойынша. Егер отбасылық суретте үй ішіндегілердің бірі болмаса, баладан оны неге салмағанын сұраңыз. Себебі бұл – ойлануға тұрарлықтай нәрсе.

Көлемі бойынша. Салынып жатқан адамның баланың алдында беделі жоғары болған сайын, ол оны соғұрлым үлкен етіп бейнелейді. Өзін сүйкімсіз сезінетін не тасталған балалар өздерін кішкентай етіп, ал тым еркелер өздерін тым үлкен етіп кескіндеуі мүмкін.

Арақашықтығы бойынша. Үйдің іші берекелі әрі тату болса, барлық кейіпкерлер бір-біріне тығыз орналасады. Ата-анасының қайсысына бала өзін жақынырақ салса, сол кісіге ол көбірек бауыр басқан. Отбасы мүшелері арасында салынған кез келген зат – олардың ара-қатынасындағы тосқауыл.

✅ Түсі бойынша. Бала өзі жақсы көретіннің бәрін жылы түстерге бояйды. Ерекше жақындығын ол ашық түстермен жеткізеді. Егер кімде-кімнің киімін көк түске бояса, демек сол адамның жанында бала өзін жайлы сезінеді. Егер жасыл түске бояса, ол кісіні бала құрметтейді және өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Сары түс – ырықсыздық, қызыл – агрессия, қара түс – туысқандардың бірін қабылдамайтындығын білдіреді.

✅ Дене мүшелері бойынша. Егер бет-әлпетін анық салған болса, бұл ата-анасына деген махаббатын, олардың өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Егер суреттің авторы өзінің бет-әлпетін айқындай түссе, өзінің келбетімен тамсаныс, сыртқы көрінісіне ерекше назар аударғандығы. Алайда 4 жасқа дейін мұндай суреттердің болуы қалыпты. Егер ата-анасының бірінің аузын үлкен етіп салса, демек, ол кісі балаға көбірек ескертулер жасауы мүмкін. Егер аузы мүлде жоқ болса немесе тым кіші болса, бұл кейіпкер өмірде өз сезімдерін көрсетпейді. Егер тістердің суреті салынса, бұл агрессияны блідіреді. Үлкен көзді кейіпкерлер әлденеден қорқады, ал кішкентай көзбен бір нәрсені жасырады. Ұзын қолдар, не олардың мүлдем жоқ болуы – адамның қатал екенін әрі балаға қысым көрсететінін білдіреді. Қысқа қолдар – ішкі әлсіздікті білдіреді. Ал егер бала суретте қолдарын көтеріп тұрса, оған көңіл бөлінбейді және ол өзіне назар аударғысы келеді.

Балаңыз отбасылық қарым-қатынастағы осал тұстарды тауып қана қоймай, олардан құтылуға көмектесе алады. Егер оның салған суретінен ештеңе айыра алмай, әбден шатассаңыз, таза параққа оның «Мен қалайтын жанұя» тақырыбына сурет салуын сұраңыз. Сонда суреттен отбасының әрбір мүшесінің бақытты болуына не жетіспейтіндігін көресіз.



Тақырыбы: «Басса - Дарки» сұрақнамасы
Мақсаты: Жеткіншектердің тұлғалық агрессия деңгейін бағалау
Нұсқау: Сізге берілген 40 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп
Сұрақ парағы:
Келіспеушілік кезінде мен жиі дауыс көтеремін.
Егер менде біреу тітіркендірсе мен оған өзі туралы
Егер өзімнің құқығымды қорғау үшін денелік күш көрсету керек
Мен өзім ұнатпайтын адаммен кездескенде мен оны байқатпай
Басқа біреумен келісе алмай жатқанда мен столды қолымен ұра
Мен ылғида басқалар менің құқығымды сыйламайтынын сезініп тұрамын.
Мен өткенді еске ала отырып, кейде өзіме деген
Сырт көзге байқатпағаныммен, кейде мені ішкі көреалмаушылық сезімім жегідей
Егер мен таныстарымның жағымсыз қылықтарын ұнатпасам оны мен өздеріне
Мен қатты ашуланғанда ауыр сөздер қолданамын.
Егер маған қол көтерсе, мен оны бірінші болып ұруға
Мен соншалықты ашуланғанда заттарды лақтыра бастаймын.
Менде пәтерімдегі мүліктердің орнын ауыстырып қоюға немесе мүлдем
Адамдармен қарым-қатынаста мен жиі өзімді жарылуға дайын тұрған «оқ
Кей-кездері мен басқаларды келемеждеп, әзілдескім келіп тұрады.
Мен ашуланғанда, түнеріп кетемін.
Басқа адаммен сөйлескенде оның сөзін бөлмеуге, құлақ салып тыңдауға
Жас кезімде менің елді «жұдырықтауым жиі болатын» .
Егер мені әдейі итеріп жібергенін білсем, онда іс нашырға
Менің жұмыс столымның үстіндегі ретсіздік шығармашылықта әрекет
Мен қатты ашуланған кезімде қолыма не түссе, соны
Кейде адамдарды көрудің өзі мені тітіркендіреді.
Көбінде мені жиі өзге адамдарға жақсылық жасауыма қандай
Егер мені қатты өкпелетсе, онда менің
Кейде мен өзіме ұнамайтын адам туралы әдейі жағымсыз
Қатты ызаланғанда мен өте ауыр, ауыр сөздер айтып
Мен кішкентайкезімде төбелестен аулақ жүретінмін.
Мен қашан және не себепті
Мен қатты ызаланғанда есікті тарс жабуым мүмкін.
Менің айналамдағы адамдар мені жақтырмайтын сияқты.
Мен жиі өзімнің мазасыздану мен сезімімді жиі айналамдағылармен бөлісемін.
Мен өте жиі сөзім және іс-қимылым арқылы өзіме
Маған біреу қатты дауыс көтерсе, менде солай жауап
Егер маған біреу бірінші болып қолкөтерсе менде
Мені киім мен заттардың өз орнында жатпауы ашуландырады.
Егер бұзылған не жыртылған заттарды орнына келтіру қолымнан келмесе,
Мен үшін өзге адамдар табыстырақ сияқты.
Мен өзіме ұнамайтын адамды ойыма алсам, оған қалай жамандық
Кейде тағдыр менімен қатал әзілдескен болып көрінеді.
Егер менің қалауымша қарым-қатынасқа түспесе, мен қатты ренжитін
Жауап парағы
Мерзімі: ___________
№ Иә жоқ № Иә жоқ № Иә жоқ
1
11
21
31
2
12
22
32
3
13
23
33
4
14
24
34
5
15
25
35
6
16
26
36
7
17
27
37
8
18
28
38
9
19
29
39
10
20
30
40
ВА – вербальды агрессия, ФА – физикалық агрессия, ЗА
ВА ФА ЗА ЭА ӨА
1. иә 3. иә 5. иә 6. иә 7.
2. иә 4. иә 12. иә 14. иә 8.
9. иә 11. иә 13. иә 15. иә 16.
10. иә 18. иә 20. жоқ 22. иә 24.
17. жоқ 19. иә 21. иә 23. жоқ 31.
25.иә 27. жоқ 29. иә 30. иә 32. иә
26. иә 28. иә 35. иә 37. иә 39.
33. иә 34. иә 36. иә 38. иә 40.
Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі
Тұлғаны зерттеудің проективті әдістемесі. 1948 ж. Дж.Букпен ұсынылған. Тест, ересек адамдар мен балаларды тексеруге арналған, топтық тексеруге де болады.
Сыналушыға үй, ағаш, адамды салуды сұрайды. Кейін, әбден өнделген сауалнама өткізеді. Автор, сурет салуға таңдалған заттарды, олар әр сыналушыға таныс, суретті салуға ыңғайлы объектілер және басқа объектілерге қарағанда, емін – еркін сөз сөйлеуге ынталандырады деп түсіндіреді.
Дж.Буктың ойы бойынша, әрбір сурет -бұл бөлшектерінде тұлғалық мәнділгі бар, өзгеше автопортрет.
Суретке қарап, тұлғаның аффективті сферасы туралы, оның қажеттіліктері туралы, психосексуалды дамудың деңгейі және т.б. туралы айтуға болады. Тесті қолданудан басқа, проективті әдістеме ретінде, автор, интеллектуалды дамудың деңгейін анықтаудың мүмкіндігін көрсетеді (интеллект тестісінде рангілік корреляция коэффициенті 0,41-0,75 құрайды). Шетел зерттеушілері, интеллекті және тұлғалық ерекшеліктерін өлшеу құралы ретінде, әдістеменің сәйкестілігін қосымша зерттеу қажет екені туралы мәлімдейді. Тест Ресейде қолданылады, ол Керн – Йерасек әдістемесіне қосылған.
Экспериментаторға нұсқау:
Сыналушыға А4 үлгідегі (формат) ақ немесе ақ сары түсті қағазды, орташа жұмсақты қаламды беру керек. Фломастермен немесе сиямен салуға болмайды.
Құрал – жабдықтар:
Ортасынан бүгілген ақ қағаз, сонда көлемі 15х21 4 бет шағады. Бірінші бет, сыналушыға қатысты, керекті мәліметтерді жазуға және күнді тіркеуге арналған. Келесі 3 бет, суреттерге арналған және Үй, Ағаш, Адам деп ат қойылған;
- пост – суреттік сұрақ бланкісі;
- бірнеше өшіргіші бар №2 сұр қаламдар (№ 2 қарандаш сыналушының моторлық бақылауды, сызықтың боялуын және сапасын, штрихты дәл бейнелейді );
- сандық өндеудің бланкісі;
- басшылық.
Автопортрет әдістемесі
Е.С. Романова мен С.Ф. Потемкина проективті әдістемелер кітабында оқырмандарға «Автопортрет» әдістемесін ұсынды, сондай-ақ бұл әдістеме жоғарғы деңгейдегі тұлғаларды диагностикалауға мүмкіндік береді. Авторлық нұсқаның өзінде бұл әдістеменің екі интерпретациясы берілген: біріншісін Р.Бернс (АҚШ) ұсынса, екіншісі оригиналды нұсқа, яғни авторлардың өздері ұсынған нұсқасы болып табылады.
Анықтама бойынша, автопортрет - тұлғаның өзін бейнелеп салған, адам бейнесі. Психодиагностика үшін автопортреттердің мүмкіндігін анықтау және белгілі бір типологиялық белгілері бойынша ажырату маңызды болып табылады. Жалпы бұл әдістің даму тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді. Өнер саласында автопортреттің түрлі формасын бөліп көрсетуге болады, олар:
- Орталықта адам жүзінің орналасуы; оны жиі графикалық бейне дейді.
- Портреттің интерьерлі (жабдықталған түрде) бейнеленуі, портреттің толықтырылуы.
- Бір сәтте бірнеше автопортреттің бейнеленуі, тұлға өмір жолындағы түрлі жастық кезеңді бейнелейді, яғни жас бойынша айырмашылық;
Соңғы кезеңде автопортрет - метафорасының өзі кеңінен қолданылады, әсіресе түрлі психологиялық эксперименттерде барлық адамға арналғандығы ақпарат алуға мүмкіндік береді және тұлға қиялының көрінісінің шектеусіз дамығандығын салынған бейнелерден аңғартады. Мысалы: экстравагантты модадағы костюмде жас әйелдің ауадағы қанатта ілініп тұрған бейнесінің бейнеленуі, сюжетті автопортрет, яғни қарапайым, реалды ситуацияда бейнеленуі: жақын достарының арасында автордың қарым - қатынас жасауы, күлуі, әңгімелесуі, тамақтану т.б. бейнесінің бейнеленуі; енгізілмеген ситуация, бірақ реалды бейне: шындығында болатын маңызды бір оқиғаға қатысып бейнеленуі; фантастикалық ситуация, автордың өзі қатыспаған, болмаған ситуацияны бейнелеуі.
Бірінші интерпретациясы. «Автопортрет» тестін Р.Берн (АҚШ, Адам дамуының институты, Г.Сиэтл ) бейімдеді және бұл әдістемеде өзіңді жалғыз немесе жанұя, жұмыстағы әріптестерімен бірге бейнелеуді ұсынды. Р.Бернс автопортреттегі мына элементтірді сипаттаиды:
Бас.Бастың үлкен болуы - интелектісінің жоғарғы деңгейде болуына немесе өз интеллектісіне риза болмауды білдіреді. Кішкентай бас - көп жағдайда интеллектуалды деңгейінің жасына сай еместігін немесе әлеуметтік сәйкессіздіктің сезімін бейнелейді.
Көз-қауіптілікті және қоғамдық көзқарасқа деген гипер- сезімталдылықты бейнелейді. Кішкене және жабық көздер -интроверсияға деген тенденцияны аңғартады.
Құлақ пен мұрын.Үлкен құлақ - сынға деген үлкен сезімталдықты аңғартса, аралас мұрын - сексуалды мәселенің бар екенін байқатады. Танаудың айқын байқалуы - агрессияға деген басымдылықты дәлелдейді.
Ауыз.Айқындалған ауыз – примитивті оральды тенденцияны немесе сөйлеу процесіндегі қиындықты болжайды. Бейнеде ауыздың салынбауы - қарым - қатынастағы селқостықты немесе депрессия күйін білдіреді.
Кол.Сыртқы әлеммен тұлғаның қарым-қатынасын символдайды; тұйықталған, байланысқан қол – қатты, міндеттелген, тұйықталған тұлғаны бейнелейді. Нәзік қол-физикалық немесе психологияляқ әлсіздікті байқатады. Ұзын, күшті қол - амбициоздықты және сыртқы әлем оқиғасына араласудағы қатты қызығушылықты білдіреді. Өте қысқа қол – сәйкессіздік сезімі мен амбициоздықтың болмауын көрсетеді.
Аяқ.Ұзын аяқ–тәуелсіздікке деген қажеттілік. Үлкен аяқ –қауіпсіздікке деген қажеттілік. Аяқсыз салынған сурет-тұрақсыздықты және негіздің болмауын айтады. Мысалы: әскерден қашқандар (дезиртерлер) әдетте жиі адамның бейнесін аяқсыз салады.
Екінші интерпритациясы.Тест адамның индивидуалды– типологиялық ерекшеліктерін анықтауға жасалған, өзі жайлы елесі, сыртқы бейнесі, тұлғаға және өзіне деген қатынасын анықтауға арналған.
Әдістеменің мақстаты:адамның индивидуалды – типологиялық ерекшелігін анықтау.
Қажетті құрал-жабдық:қалам, 10х15 см - дегі ақ парақ.
Сыналушыға нұсқау:«Өз портретіңізді салыңыз!».
Бейнені талдағанда суреттің белгілерін бөліп көрсетеді, оның негізінде барлық суреттерді мына бейнелер арқылы біріктіруге болады:
1. Эстетикалық бейне – шығармашылық қабілеті бар, адам жүзінің бейнеленуі арқылы жүзеге асады. Суреттің бейнесін ажырату қиынға соқпайды. Салынған сурет жеңілдік, иілгіштік, көркемдіктің байқалуымен ерекшеленеді .
2. Схематикалық бейне – адамның жүзі, дене схемасы, бюст суреттері арқылы көрінеді. Мұндай суретті интелектуалды қорға бай тұлға салады (И.П.Павлов бойынша ойлаушылар типі). Сурет декоративті түрінде болады. Бұл адамдар үшін кішкене бөлшектер өте маңызды.
3. Реалды бейне – нақтыланып салынған, яғни беттің, шаштың, құлақтың, мойынның, киімнің т.б. элементтерідің толық бөлшектерін қамтып салынуы. Мұндай бөлшектеуге жақын, икемді аналитикалық когнитивті стильдегі және үлкен педанттілікпен ерекшелентін адамдар бейнелейді. Яғни, сурет барлық элементті қамтиды.
4. Метафорлық бейне – адам өзін бір зат секілді бейнелейді, мысалы, шәйнек немесе химиялық құрал т.б. Бұлай шығармашылық қорға бай, қиялы мен фантазиясы дамыған, шығармашылық қабілеті және әйгілі юмор сезімі бар тұлға салады.
5. «Интерьердегі автопортрет» - адамның бейнесін оның айналасын қоршаған заттардың ортасында салу, пейзаж фонында, бөлмеде, т.б. Мұндай сюжет бейнелеушілерге тән және сыртқы заттарға бағытталып салады.
6. Эмоционалды автопортрет – адам өзін эмоционалды күйде бейнелейді. Жоғарғы эмоцияға тән, өз күйін рефлексиялай алады, кейде уайымның эмоциясы керісінше бейнеленуі мүмкін. Мысалы: мұңлы адам көңілді адамды салады.
7. Қозғалыс немесе позаны бейнелеу – адам өзін болып жатқан іс - әрекет түрінде бейнелейді. Мұндай суреттер мәнерлеп қозғалатындарға, бишілерге, спортпен шұғылданатын тұлғаларға тән.
8. Автопортреттің арқа жағынан бейнеленуі – адам жүзінің орнына жұлынның салынуы. Мұндай суретті нұсқауға қарсы келетіндер салады.
9. Портрет көлемі - жағымды физикалық күйді, оның орегиналдылығы - қарым-қатынастағы демонстративтілікті, адамға деген қызығушылықты білдіреді. Штрих пен суреттің басып салынуы тұлға бойындағы қысымды көрсетеді.
Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.
Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі бойынша тестегі агрессивтіліктің сиптомокомплекстері
Симптомо
комплекс Симптом Балл
дұшпандық
1 Терезелердің жоқтығы 0,2
2 Кілт тесігі бар есік 0,1
3 Қағаздың шет жағындағы ағаш 0,1
4 Адамның, ағаштың кері профилі 0,1
5 Қарашығы жоқ көздер 0,2
6 Ұзын үшкір саусақтар 0,2
7 Көрініп тұрған тістер 0,1
8 Адамның агрессивті позициясы 0,1,2
9 Үйдің артқы қабырғасы басқа жақтан салынған; әдеттен тыс 0,1
10 Үлкен құлпы бар есік 0,2
11 Шынысы жоқ терезе 0,1
12 Бірінші қабатта терезелердің жоқтығы 0,1
13 Шаш штрихталмаған 0,1,2
14 Кеудеде қосылған қолдар 0,2
15 Мазақ сурет 0,1,2
16 Тістелген қисық сызықтар 0,1,2
17 Жалмауыз кемпір фигурасы 0,1
18 Басқа мүмкін белгілер 0,1,2
19 Ірі саусақтар, шегеге ұқсаған 0,1,2
20 Ағаштың ұшар асы дөңгелек 0,1,2
21 өте үлкен ағаш 0,1
Шиеленістік
1 Кеңістікпен шектелу 0,1,2
2 Астынан перспектива 0,1,2
3 Объектіні қайта сау 0,2
4 Белгілі объектіні салмау 0,2
5 Ағаш, екі ағаш сияқты 0,2
6 Белдің айқын бейнеленуі 0,1
7 Шатырдағы мұржаның жоқтығы 0,1
8 Басқа мүмкін белгілер 0,1
Агрессивтілік
1 Әр түрлі құрылыстар 0,1,2
2 Танау тесіктері айқын бейнеленген 0,1
3 Тістер анық салынған 0,1,2
4 Күшті қолдар 0,1,2
5 Бокс қолғабы секілді қол 0,2
6 Бөлек саусақтар 0,1,2
7 Үлкен саусақтар 0,2
8 Бестен көп саусақтар 0,2
9 Ұзын саусақтар 0,2
10 Қару 0,1,2
11 Иіліп келген сызықтар аз, үшкір сызықтар көп 0,1,2
12 Қатты басылған сызық 0,1,2
13 Өз жағынан штриховка 0,1,2
14 Жабық қалың жапырақтар 0,1,2
15 Діннің штрихталануы 0,1
16 Басқа мүмкін белгілер 0,1
негативизм
1 Әр түрлі құрылыстар 0,1,2
2 Кішкентай құлақтар 0,1
3 Құлақтар аса бейнеленуі 0,1,2
4 Саусақтар жұдырыққа жиналған 0,1,2
5 Жұдырықтар денеге жабыстырылған 0,2
6 Жұдырықтар денеден алыс 0,1,2
7 Пропорционалды емес ұзын аяқтар 0,2
8 Аяқтар кең қойылған 0,1 tarbie.at.ua сайтынан Аяқталмаған сөйлем әдістемесі Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес
Авторы: Чуренова Молдир Сауытбаевна
С. Датұлы ЖОМ педагог психолог

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет