Калашников автоматының (қол пулеметі) жұмыс қағидаты Автоматтың автоматтық əрекеті ұңғы арасынан газ камерасына
бөлінетін оқ - дəрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.
Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ - дəрі газдарының бір бөлігі
ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады,
газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен
бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін
итерілгенде бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып,
сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып,
шүріппені қайырады (оны ұрыстық қайырмаға қояды).
Бекітпе
жақтауы
бекітпесімен
алдыңғы
орынға
қайтармалы
механизм əсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті
патрон ды іліп алып оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал
бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесiн шүріппенің автоілмегінен
шығарады.