Камелхан Имашхан №21 кәсіптік лицейінің химия және информатика пәнінің оқытушысы


-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не? 2-оқушы



бет4/7
Дата14.12.2021
өлшемі55 Kb.
#126578
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-14035

1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

2-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2-жүргізуші:

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

4-оқушы: ”Желтоқсан желі” - ән.

1-жүргізуші:

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

5-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет