Байланысты: Экологиялық құқық бойынша емтихан сұрағы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін негізге ала отырып, үш жылдық перспективаға әзірлейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде мүдделі жұртшылықтың қатысуы қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы бекітеді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.