Саналылық ұстанымы. Студенттердің белсенділігі мен өзіндік әрекет
ете білуіне, креативті ойлау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұстаным.
Жоғары оқу орнының білім алушысының оқу әрекетіндегі белсенділігі мен
өзіндік әрекет ете білуі адамның танымдық әрекетінің табиғатымен
байланысты. Білім – өз бетімен жинақталған ақыл-ой еңбегінің жемісі. Ақыл-ой
еңбегі ғана адамның интеллектуалды дамуына, алынған білімдердің бекітілуіне
жетелейді. «Санамен ұғынылған білім ғана оқушының сөйлеу дағдысын
дамытудың өзегіне айналады. Ол үшін білім «білім үшін» сипатынан арылып,
білім «білік үшін» тұжырымына сәйкестендіріледі. Мұнда әрбір тілдік фактінің
оқушының сөйлеу дағдысын жетілдірудегі рөлі мен орны айқын болуы тиіс.
Сонда басы артық тілдік материалдар өзінен-өзі ықшамдала түседі. Үш сатылы
мектептің
бастауыш
сатысындағы
білім
оқушы
сауаттылығын
қалыптастырудың, негізгі сатыдағы білім оқушының сөз дұрыстығын
меңгеруінің, ал бағдарлы мектептегі білім оқушының сөйлеу шеберлігін
жетілдірудің базасын қалауға лайықталып құрылуы арқылы сөз мәдениетінің
білім нәтижесіне айналуы қамтамасыз етіледі» [97, 129 б.].
7.