Картотека №3«Зообақ» Мақсаты: Балалар ата-аналарымен зообаққа келеді, әртүрлі жануарларды көреді, әйткеншекте тебеді.
Картотека №4«Мектеп» Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
Картотека_№5'>Картотека №5 «Шаштараз» Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
Картотека №6«Отбасы» Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.
Картотека №7 «Құрылысшы» Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Картотека №8«Аспазшы» Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
Картотека №9«Аурухана» Мақсаты: Өздіктерінен рөл дерді бөле білуге үйрету. Қызығу шылықтарын арттыру. Бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Картотека №10«Дүкен» Мақсаты: Сатушының рөлін ойнай білу біліктклікке үйрету.
Картотека №11«Киім дүкені» Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгімелейді.
Картотека №12 «Жолаушылар» Мақсаты: Балалардың көңілдерін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру.
Картотека №13«Дәрігер» Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.