«Kaspi Bank» АҚ-тың электрондық банктік қызмет көрсету ережелері



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#86792
Байланысты:
e service agreement kz



«Kaspi Bank» АҚ-тың электрондық банктік қызмет көрсету ережелері 
1. 
Терминдер мен анықтамалар
1.1. Ережелерде
пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Авторландыру – Банктің төлем карточкасын, соның ішінде Картаны пайдаланып, Операция жүргізуге 
Эмитенттің рұқсатын алуы;
2) Акцепт – Шарт жасасу ұсынылатын Клиенттің Шарт жасасу туралы ұсынысты қабылдағанын және 
Шарттың жасалғанын растайтын әрекеттері; 
3) Аутентификация – Операциялар жүргізу үшін Клиенттің қашықтан Кaspi.kz, Терминалдар немесе 
өзге Байланыс арналары арқылы хабарласуға құқықтылығын растау; 
4) биометрикалық сәйкестендіру – клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын бірыңғай растау 
мақсатында клиенттің жеке басын физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде анықтау 
рәсімі; 
5) Анықтау – электрондық банктік қызметтерді алу (соның ішінде Әмиян ашу) мақсатында Клиент пен 
Банктің Телефон нөмірін растауға бағытталған әрекеттерінің кешені; 
6) Үзінді көшірме – Банк жасақтайтын және Банктің айқындаған кезеңінде (көп дегенде үш жыл) Шотта 
көрсетілген Операциялар туралы ақпаратты Клиенттің назарына жеткізу мақсатында Клиентке 
жолдайтын ақпараттық үзінді көшірме;
7) Қолжетімді қалдық – Клиент пен Банктің арасында жасалған шартқа сәйкес кредит лимитінің 
қолжетімді қалдығын қосқанда, Клиенттің Шоттарындағы ақша сомасы, АТТК-дегі ақша сомасы 
және/немесе Электрондық ақша сомасы; 
8) Сәйкестендіру – Клиентке Жеке кабинетке кіруге қолжетімділік беру үшін Клиенттің жеке басын 
анықтау. Кaspi.kz-те сәйкестендіру Логин бойынша жүзеге асырылады. Кaspi.kz-те енгізілген Логин 
Клиентке берілген Логинге сәйкес келген жағдайда Клиент сәйкестендірілген болып саналады; 
9) Кaspi.kz – www.kaspi.kz интернет-сайтын, Мобильді қосымшаны қосқанда, Электрондық банктік 
қызметтердің компоненті, Клиентті Анықтау/Тіркеу фактісі бойынша оған банктік операцияларды 
қашықтан жүргізуге, сондай-ақ Ережелерге сәйкес Клиенттің шарттары мен Шоттары туралы ақпарат 
алуға мүмкіндік береді;
10) Байланыс арналары – электрондық пошта (email), пошта байланысы, Кaspi.kz, мобильді банкинг, 
SMS-хабарлар, Мобильді қосымшадағы хабарламалар, соның ішінде Push-хабарламалар, телефондар, 
факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдар, электрондық терминалдар, Терминалдар, 
Мобильді қосымша арқылы ақпаратты Клиент пен Банктің арасында беру құралдары және Банк 
айқындайтын тәртіппен және талаптарда пайдаланылатын өзге құралдар, құрылғылар; 
11) Карта – Банк эмитеттеген және Шоттағы Клиенттің ақшасына банкоматтар, электрондық 
терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы қол жеткізу құралы болып табылатын, Клиентке 
Терминалдар немесе басқа Байланыс арналары арқылы Операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін 
ақпарат қамтылған төлем жүйесінің (ХТЖ) төлем карточкасы; 
12) Клиент – Банкпен Шарт және/немесе өзге банктік қызмет көрсету шартын жасасқан және 
Ережелерде көзделген Байланыс арнасын пайдаланатын, Карта (бар болса) ұстаушы болып табылатын 
жеке тұлға; 
13) Клуб – Кaspi Red клубы;
14) Әмиян – Банктің бағдарламалық қамсыздандыруы, онда алдын ала төленген төлем карточкалары 
(АТТК) және/немесе Банктің шығарған Электрондық ақшасы туралы ақпарат, сондай-ақ осындай АТТК-
мен және/немесе Электрондық ақшамен жүргізілген Операциялар туралы ақпарат сақталады; 
15) Жеке кабинет – Клиентке Банктің айқындаған электрондық банктік қызметтерін көрсетуге және 
Ережелерде көзделген өзге мақсатқа арналған Кaspi.kz-тегі кеңістік, оған Кaspi.kz-те Клиентті 
Сәйкестендіру және Аутентификациялау арқылы қол жеткізуге болады; 
16) Логин – Кaspi.kz-ті пайдаланушының есептік жазбасының цифрлармен көрсетілген аты. Клиенттің 
Телефон нөмірі Кaspi.kz-тегі Клиенттің Логині болады;
17) Мобильді қосымша – мобильді телефон немесе Мобильді қосымшаны және интернетке 
қолжетімділікті қолдайтын өзге құрылғы арқылы электрондық банктік қызметтерді алуға арналған 
бағдарламалық қамсыздандыру;


18) ХТЖ – MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйелерінің бірі / Visa International халықаралық 
төлем жүйесі / American Express Card / JCB / Diners Club / China UnionPay / PPS PayPal, соның ішінде 
Банктің төлем жүйесі және басқа төлем жүйелері – бір-бірімен белгілі бір ережелермен және 
талаптармен біріккен және төлем карточкалары технологиясын пайдалану негізінде өзара қатынас 
жасайтын есеп айырысуға қатысушылардың және олардың есеп айырысу агенттерінің жүйесі. ХТЖ өз 
қатысушыларының жұмыс істеу ережелерін белгілейді және оларға ақпараттық қолдау көрсетеді; 
19) Телефон нөмірі – Клиент Анықтау және/немесе Кaspi.kz-ке Тіркеу кезінде берген, Клиент Жеке 
кабинетке кіру үшін, сондай-ақ SMS-сұратулар жолдау және SMS-хабарлар алу үшін пайдаланатын 
мобильді телефон нөмірі;
20) Бірреттік код (ДСЖК) – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдар арқылы 
жасалатын және клиентке электрондық банктік қызметтерде қолжетімділікті ұсыну кезінде біржолғы 
пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей жүйелілігі; 
21) Байланыс операторы – Клиентпен байланыс қызметін көрсету туралы шарт не болмаса басқа ұқсас 
шарт (оның аясында Клиенттің Телефон нөмірі Клиентке берілді) жасасқан ұялы байланыс қызметін 
көрсететін адам; 
22) Операциялық күн – төлем қызметтерін, нұсқауларды орындауды тоқтату туралы не болмаса 
осындай нұсқауларды кері қайтару туралы өкімдерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылатын уақыт 
кезеңі;
23) Операция – төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, банктік шотты және Әмиянды пайдаланып 
жүргізілетін шетел валютасымен айырбастау операциялары, банктік шоттарда көрсетілуі тиіс кез келген 
операция (транзакция), соның ішінде қарыз Операцияларын қосқанда, Картаны, АТТК-ні, Электрондық 
ақшаны пайдаланып жүргізілген (тауар ақысын төлеу және қолма-қол ақша алу) шығыс Операциялары 
(кредит лимитінің есебінен шығыс Операциялары), Шотқа қолма-қол ақшамен не болмаса қолма-қол 
ақшасыз тәсілмен ақша салу, Терминалда Шоттан қолма-қол ақша алу; қайтарылған төлемдер; Кaspi.kz-
те жасалған төлемдер мен аударымдар, Клиенттің банктік шоттарында көрсетілуі тиіс немесе 
көрсетілмеуі тиіс басқа операциялар; 
24) Пароль – Клиентке Логин берумен байланысты және Клиентті Кaspi.kz-те Аутентификациялау үшін 
пайдаланылатын цифрлық, әріптік немесе өзге де символдар жиынтығы; 
25) Серіктес – Клубтың және/немесе Банктің тұрақтылық бағдарламаларының қатысушысы болып 
табылатын заңды немесе жеке тұлға;
26) Төлем – Операциялар (соның ішінде Клиенттің әртүрлі шоттарының арасында) және Клиенттің 
нұсқауын/тапсырмасын орындау үшін және ақшалай міндеттеме бойынша төлемді аяқтау үшін қажет 
болатын өзге әрекеттер жиынтығы (соның ішінде Клиенттің ақшасының есебінен Клиенттің атына АТТК, 
Электрондық ақша сатып алу); 
27) Төлем қызметі – аударым операциясы, оған төлемдер және/немесе аударымдар, электрондық нысанда 
бастама көтерілген төлемдер мен аударымдарды қабылдау және өңдеу, банктік шотқа қолма-қол ақша 
қабылдау және өзге Ережелерде көзделген өзге қызметтер кіреді;
28) АТТК – Клиенттің Байланыс арналары арқылы Операциялар жүргізуіне арналған банктік алдын ала 
төленген төлем карточка;
29) Үлгі ережелер – баспада жарияланған банктік қызмет көрсету шарттарының үлгі ережелері немесе 
Банктің сайтында орналастырылған қосылу шарттары;
30) Тіркеу – Пароль алуға және алынған Парольді Кaspi.kz-те енгізуге және Әмиян ашуға бағытталған 
Клиенттің әрекеттерінің кешені, соның ішінде Аутентификация/Анықтау; 
31) Сайт – 
www.kaspi.kz және/немесе www.kaspibank.kz
;
32) Даулы жағдай – төлем қызметін көрсеткен кезде төлемнің ықтимал рұқсат етілмеуіне немесе төлем 
қызметінің тиісінше көрсетілмеуіне қатысты өзге мәселеге байланысты туындайтын жағдай;
33) Шот – Банкте ашылған Клиенттің банктік ағымдағы және/немесе жинақ шоты; 
34) Банктің Тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен Банктің қызметімен байланысты оның 
қызметтері үшін ақы мен комиссиялардың мөлшерлемелері, Сайтта орналастырылған; 
35) Терминал – банкомат, электрондық терминал, ресайклер (ақшаны қабылдау және беру функциясы 
бар құрылғы), автоматтандырылған кассалар және өзге электрондық-механикалық құрылғылар, олар 
қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру операцияларын жүргізуге, төлемдерді өткізуге және 
ақша аударуға, айырбастау операцияларын және банк операцияларының өзге түрлерін (соның ішінде 
төлем карточкаларын (алдын ала төленген төлем карточкаларын) пайдаланып) жүргізуге сондай-ақ тиісті 
операциялардың жүргізілгені фактісін растайтын құжаттарды жасақтауға арналған;
36) «ШМЖС» қызметі – Банктің ақпараттық банктік қызметі, оның аясында Банк Клиентке Карталарды 
пайдаланып, Шот бойынша Операциялар жүргізу туралы мәліметтерді, сондай-ақ «ШМЖС» қызметінің 
талаптарында көзделген өзге мәліметтерді береді;
37) Экожүйе – Банктің сервистерінің, өнімдері мен инфрақұрылымының жиынтығы, соның ішінде 
Шоттарды ашу, төлемдер мен аударымдар жасау, бөлімшелер, кассалар, терминалдар, банкоматтар, 
өзге жабдық, Kaspi.kz, Мобильді қосымша және өзге бағдарламалық қамсыздандыру, төлем карталары, 
Call Center-де қызмет көрсету және электрондық ақпараттық және транзакциялық қызмет көрсетуді 
қосқанда, Шарт бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзге құралдар (бөлек немесе 
жиынтығында); 


38) Электрондық банктік қызметтер – Электрондық төлем қызметтерін және ақпараттық банктік 
қызметтерді алу үшін Клиенттің қашықтан кіру жүйесі арқылы өзінің банктік шотына қол жеткізуімен 
байланысты қызметтер; 
39) Электрондық ақша – электрондық ақша эмитентінің даусыз және кері қайтарылмайтын, электрондық 
нысанда сақталатын және жүйенің басқа қатысушылары төлем құралы ретінде қабылдайтын ақшалай 
міндеттемелері; 
40) Электрондық төлем қызметтері – банк шотын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша 
аударымдарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге және ақпараттық банктік 
ақпараттық қызметтерге жатпайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыруға байланысты 
көрсетілетін электрондық банктік қызметтер;
41) Эмитент – төлем карточкаларын шығаратын банк, соның ішінде Картаны шығарған Банк. 
42) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен жасалған 
және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын 
электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. 
1.2. Ережелерде пайдаланылатын, бас әріппен жазылған өзге терминдердің де Үлгі ережелерде және 
электрондық банктік қызметтерді алған кезде Клиент пен Банктің арасында жасалатын шарттардағы 
мағынасы бар. 
2. Жалпы ережелер және Шартты жасасу тәртібі 
2.1. Осы «Kaspi Bank» АҚ-тың электрондық банктік қызметтерді көрсету ережелері (бұдан әрі және бұрын 
– Ережелер) электрондық банктік қызметтерді көрсету және банктік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан 
әрі – Шарт) болып табылады, онда электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары қамтылған. Шарт 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген 
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық 
банктік қызметтерді көрсету қағидаларының негізінде әзірленді және Азаматтық кодексінің 389-бабында 
көзделген тәртіппен жасалады. 
2.2. Ережелер Клиент пен Банктің арасындағы электрондық банктік қызметтерді көрсетуге байланысты 
қатынастарды реттейді және Байланыс арналары арқылы, соның ішінде Кaspi.kz арқылы электрондық 
банктік қызметтерді көрсету тәртібі мен тәсілдерін айқындайды.
2.3. Ережелердің аясында Клиенттің құқықтары банктік қызметтер көрсету туралы шарттар бойынша, 
соның ішінде Үлгі ережелерге сәйкес жасалған шарттар бойынша іске асырылады және бұл жағдайда 
Ережелер Үлгі ережелердің ажырамас бөлігі болады. Клиент пен Банктің арасында қашықтан банктік қызмет 
көрсету туралы ережелер қамтылған қолданыстағы шарттар болған кезде, тиісті банктік қызметтер көрсету 
шарттарын жасасу немесе өзгерту үшін қажет болатын құжаттар Кaspi.kz-тің көмегімен, егер шартта өзгеше 
көзделмесе, онда тиісті электрондық шаблонды толтыру арқылы ресімделуі мүмкін. 
2.4. Клиент Акцепт жасау арқылы Шартқа қосылады. Акцепт – Клиенттің әрекеттері (оларды жасау Клиенттің 
Шарт жасасу, соның ішінде Кaspi.kz-ті ашқан кезде сұратылатын ақпаратты енгізу, Терминалдар арқылы 
Операциялар жүргізу ниетін растайды), сондай-ақ Банкпен банк қарызы және/немесе банктік қызметтер 
шарттарын жасасу бойынша, соның ішінде баспада жарияланған банктік қызмет көрсету шарттарының үлгі 
ережелеріне немесе Сайтта жарияланған қосылу шарттарына сәйкес жасалған шарттар бойынша әрекеттері. 
Кейбір қызмет түрлеріне қатысты Шартты жасасудың өзге тәртібі Шартта көзделуі мүмкін. 
2.5. Шартқа қосылған Клиент пен Банк Шартта белгіленген барлық талаптар мен міндеттемелерді 
қабылдайды. 
2.6. Электрондық банктік қызметтер Ережелерге сәйкес көрсетіледі және Ережелерде айқындалмаған 
бөлігінде Сайтта орналастырылған, Банк пен Клиенттің арасында жасалатын қосылу шарттарымен 
реттеледі. Шарт жасалған сәттен бастап электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты 
бұрын жасалған шарттардың қолданысы тоқтатылады.
2.7. Электрондық банктік қызметтерге қатысты Банктің өзге қызметтерін көрсету тәртібін Банк айқындап, 
Сайтта жариялайды.
2.8. Алдын ала төленген төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережелері www.kaspi.kz 
мекенжайы бойынша орналастырылған Банктің құжаттарында айқындалады. 
2.9. Банктік шоттарды ашу, төлем карточкаларын шығару және оларға қызмет көрсету ережелері, қарыз 
берудің үлгі ережелері www.kaspi.kz мекенжайы бойынша орналастырылған Банктің құжаттарында 
айқындалады. 
2.10. Клиенттің Шотын ашу, сондай-ақ Картаны шығару тәртібі, Банк мұндай Қызметтерді көрсеткен 
кезде, Ережелерде айқындалады. 
2.11. Банктің Электрондық ақша жүйесі ережелері www.kaspi.kz мекенжайы бойынша орналастырылған 
Банктің құжаттарында айқындалады. 
2.12. Электрондық ақшаны шығару, өтеу және онымен операциялар жүргізу тәртібі «Kaspi Bank» АҚ 
электрондық ақша жүйесінің ережелерінде және электрондық ақша шығару туралы шартта (Сайтта 
орналастырылады) белгіленеді. Электрондық ақшаны пайдаланып жүргізілетін Операциялар «Kaspi 
Bank» АҚ электрондық ақша жүйесінің ережелерінде және электрондық ақша шығару туралы шартта 
белгіленген шектеулер ескеріліп жүзеге асырылады. Банктің аталған шектеулерді белгілеуі және/немесе 
өзгерту туралы шешімі туралы ақпарат Сайтта орналастырылады. 
3. Электрондық банктік қызметтер тізбесі 


3.1. Электрондық банктік қызметтерге Кaspi.kz-те көрсетілген қызметтер жатады: 
1) электрондық төлем қызметтері – ақпараттық банктік қызметтерге жатпайтын Операцияларды 
жүргізуге байланысты электрондық банктік қызметтер; 
2) электрондық банктік қызметтер – банктік шоттағы(-тардағы) ақша сомасы, банктік шот(-тар) бойынша 
жүргізілген операциялар туралы ақпаратты алу үшін Клиенттің өзінің банктік шот(тар)ына қолжетімділік 
алуымен, төлемдер мен ақша аударымдарын жасаумен, банктік шотты(-тарды) ашумен немесе жабумен 
және/немесе телекоммуникация желілері бойынша, спутниктік байланыс немесе байланыстың өзге 
түрлері арқылы банк ұсынатын банктік операциялардың өзге түрлерін жүргізумен байланысты қызметтер; 
3) ақпараттық қызметтер – Банктің Клиентке оның банктік шоттары бойынша ақша қалдығы және 
қозғалысы туралы, жасалған төлемдер мен ақша аударымдары туралы ақпаратты және Клиентті 
сұратулары бойынша не болмаса Банк пен Клиенттің арасында жасалған шарт бойынша көрсетілетін 
және көрсетілген банктік қызметтер туралы өзге ақпаратты беруімен, банктік қызметтерді ресімдеуімен, 
Картаны шығаруды және қайта шығаруды ресімдеумен байланысты электрондық банктік қызметтер; 
4) «ШМЖС» (Шотқа Мониторинг жүргізу сервисі) қызметі; 
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шотқа төлем тапсырмасы, төлем талабы, 
төлем ордері арқылы нұсқаулар қою; 
6) Байланыс арналары, Терминалдар, Мобильді қосымша арқылы банктік шотқа ақшаны есепке жазу; 
7) Клиенттің Банкке төлем нұсқауын, төлем жасау не болмаса банктік шотқа ақша аудару туралы төлем 
ордерін жолдауы;
8) аударуға, Төлем жасауға өтінішті Банкке беру; 
9) Клиенттің (Серіктестің тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін сатып алушының) Серіктестің 
пайдасына, соның ішінде электрондық ақшаны пайдаланып, ақша аударуға/төлем жасауға электрондық 
нұсқауға бастама көтеруі; 
10) Клиенттің Жеке кабинетіне төлем картасының электрондық деректемелерін жолдау арқылы төлем 
картасын шығару/қайта шығару; 
11) Шартта және Клиентпен жасалған банктік қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге электрондық 
банктік қызметтер.
3.2. Банк Клиентке Ережелерде, Шарт жасасқан сәттегі Банктің Тарифтерінде көзделмеген жаңа 
қосымша ақылы электрондық банктік қызметтерді ұсынуға және мұндай қызметтерге Банктің 
Тарифтерінің мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда Банк мұндай жаңа қызметтерді көрсету 
талаптарын Кaspi.kz-те орналастыру арқылы Клиентке қосымша қызметтерді көрсету (қосу) ұсыну 
туралы хабарлама жолдайды. Клиентке қосымша қызметтер Клиент жарияланған қосымша қызметтерді 
көрсету талаптарында көзделген қызметтерді алу бойынша әрекеттерді жасау, Шот-көшірмедегі Банктің 
(қызметтерді қосу) ұсынысының талаптарында көзделген тәсілдермен ақпаратты сұрату сияқты 
конклюденттік әрекеттерді немесе өзге әрекеттерді жасаған жағдайда көрсетіледі (қосылады). 
4. Электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі және ең ұзақ мерзімі 
4.1. Электрондық банктік қызметтерді көрсету, соның ішінде Кaspi.kz-те банктік қызмет көрсету және оларға 
қолжетімділік (соның ішінде Мобильді қосымшаны пайдаланып) алу Интернет желісі арқылы және өзге 
Байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. 
4.2. Төлем қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында, төлем жүйелерінің қолданылатын 
ережелерінде, Банктің қауіпсіздік рәсімдерінің талаптарына, Банктің ішкі рәсемдерінде көзделген тәртіппен 
көрсетіледі. Төлем қызметін көрсетудің кейбір ерекшелеріктері Клиентпен жасалатын шарттарда белгіленуі 
мүмкін. 
4.3. Электрондық төлем қызметтерін көрсетудің ең ұзақ мерзімі – егер заңнамада немесе шарттарда өзгеше 
көзделмесе, тиісті нұсқау түскен Банктің Операциялық күні ішінде. 
4.4. Клиенттің Картасы Жеке кабинетте көрсетілген Клиенттің банктік ағымдағы шоттарына, егер Картаны 
пайдаланып мұндай Шоттарға қолжетімділік Кaspi.kz-те берілсе, қол жеткізу құралы болып табылады. Картаны 
пайдаланып аударым немесе төлем бойынша әрекеттер жасау кейіннен Карта арқылы Клиенттің тиісті банктік 
ағымдағы шоты бойынша Операциялар жүргізуге Клиенттің келісімі болып табылады. Клиент Банкке төлемді 
немесе аударымды жіберушіге/алушыға Клиенттің тегін, аты мен әкесінің атын, сондай-ақ Мобильді 
қосымшада немесе Жеке кабинетте Телефон нөмірі енгізілген жағдайда Картаның бары туралы ақпаратты 
хабарлауға құқық береді.
4.5. Кaspi.kz-те төлемдер жасаған кезде Клиент шығыс Операцияларын жүргізу бойынша лимиттер белгілеген 
жағдайда, Клиент төлемдерді белгіленген лимиттер шегінде жасайды. 
5. Комиссиялардың мөлшерлері. Оларды ұстау тәртібі
5.1. Төлем қызметінің ақысын төлеу бойынша комиссиялардың мөлшерлері және оларды ұстау тәртібі туралы 
ақпарат Сайтта жарияланатын Банктің Тарифтерінде көрсетіледі. 
5.2. Төлем/электрондық банктік қызмет ақысын Клиент Сайтта жарияланған Банктің Тарифтеріне сай төлейді.
5.3. Клиент электрондық төлем қызметінің әр түрінің (әр аударым операциясының) ақысын Тарифтерде 
көрсетілген тиісті мөлшерлеме бойынша төлейді. 
5.4. Клиент төлем қызметінің ақысын, егер Тарифтерде өзгеше көзделмесе, ол көрсетілгенге дейін төлейді. 
5.5. Егер шарттарда өзгеше көзделмесе, қызмет ақысы Клиенттің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы не 
болмаса комиссия сомасын есепке жазылатын ақша сомасынан ұстау арқылы не болмаса техникалық 
овердрафтың есебінен төленеді. Клиент Банкке Шарттың талаптарына сай комиссияны есептен шығаруға 


келісім береді.
5.6. Егер Банктің Тарифтеріне сай қызмет көрсетілгені үшін комиссия ұстау көзделсе, комиссия мөлшері 
туралы ақпарат, сондай-ақ комиссия ескерілгенде, Операцияның қорытынды сомасы Кaspi.kz-те, Мобильді 
қосымшада Клиент Банктің мұндай қызметті көрсетуіне келісімін берген сәтке дейін көрінеді. 
5.7. Операция төлем карточкасы арқылы жүргізілген кезде, комиссия Операция сомасына қарай есептеледі 
және Авторландыруға сұратудың жалпы сомасына қосылады. Банк комиссияны оны пайдаланып Операция 
жүргізілген төлем карточкасының банктік шотынан Клиенттің қосымша өкімдерінсіз, егер қызмет көрсетілгенге 
дейін комиссия төлеудің өзге талаптары Клиентке Кaspi.kz немесе өзге Байланыс арналары арқылы 
хабарланбаса, Операция (аударым/төлем) сомасынан үстеме есептен шығарады. 
5.8. Операция жүргізілген сәтте немесе Авторландырған сәтте тиісті банктік шотта Қызмет көрсетуге және 
Комиссия төлеуге жеткілікті (егер оны ұстау көзделсе) сома болмаған кезде, сондай-ақ Эмитент 
Авторландырудан бас тартқан жағдайда, Банк қызмет көрсетуден бас тартады және төлем/аударым 
жүргізбейді. 
6. Электрондық құжаттарды ұсыну тәртібі мен мерзімдері
6.1. Жасалған төлем қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің 
жазбаша сұратуы бойынша беріледі. Чектер/түбіртектер және Кaspi.kz-те жүргізілген Операциялар бойынша 
өзге төлем құжаттары Клиентке электрондық түрде беріледі. 
6.2. Төлем қызметін жеткізушінің ұстайтын көрсетілетін төлем қызметі бойынша ақшалай түрдегі 
комиссиясының мөлшері туралы ақпарат, егер заңнамада немесе Шартта өзгеше көзделмесе, Байланыс 
арналарының біреуі арқылы Банкке нұсқау қойылған сәтте беріледі. 
6.3. Төлемді немесе ақша аударымын растайтын құжаттар электрондық тәсілмен Кaspi.kz-тің пошталық 
жүйесіндегі Клиенттің электрондық поштасының мекенжайына және/немесе Клиенттің көрсеткен Телефон 
нөміріне оны жолдау арқылы, қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарлар арқылы және/немесе, 
егер Ережелерде өзгеше көзделмесе, қызмет көрсетілгеннен кейін Кaspi.kz-те көрсету арқылы Клиентке 
жолданады. 
6.4. Банк Клиенттің талап етуімен оған 3 (үш) жылдан аспайтын кезеңге Картаны (соның ішінде АТТК-ні) 
пайдаланып жүргізілген Операциялар және/немесе Төлемдер туралы ақпарат қамтылған үзінді көшірмені 
электрондық түрде беруге міндетті. 
6.5. Клиент пен Банктің арасындағы өзара қатынастарда пайдаланылатын, Клиент Кaspi.kz-тегі Жеке 
кабинетте, Мобильді қосымшада, Терминалдарда сәтті авторландырылған электрондық түрдегі құжаттар қағаз 
жеткізгіштегі тиісті құжаттарға тең болып танылады және оларға ұқсас Тараптардың Шарт бойынша (Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қағаз жеткізгіште берілуі тиіс құжаттар мен 
шарттардан басқа) құқықтары мен міндеттерін тудырады. 
6.6. Банктің Клиенттің Телефон нөмірінен алған SMS-сұратуын Клиенттің өзі жіберген болып саналады, бұл 
ретте Банк Телефон нөміріне SMS-хабарлар түрінде жіберілетін мәліметтерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз 
алуымен байланысты қауіптер үшін жауапкершілік атқармайды. 
6.7. Банк Қызмет көрсету нәтижесі туралы Клиентке Кaspi.kz-тің немесе өзге Байланыс арналарының экран 
бетіне Қызмет көрсету нәтижесі бар хабарламаны шығару арқылы хабарлайды. Төлем карточкаларының 
арасында ақша аударған кезде Банк Эмитенті болып табылмайтын төлем карточкасына ақшаны есепке жазу 
мерзімі төлем карточкасының Эмитент-банкіне байланысты болады. 
7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 
7.1. 
Банктің: 
1)
Ережелерде көзделген жағдайларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекетік 
органдарының тарапынан Клиентке қойылған талаптар болған жағдайда, Шоттар бойынша Операциялар 
жүргізуден бас тартуға;
2)
Терминал арқылы электрондық банктік қызметтердің функционалын шектеуге; 
3)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған 
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы 
заңнамаға сәйкес Клиенттің Шоттары бойынша Операциялар/Төлемдер жүргізуді тоқтата тұруға;
4)
төлем деректемелерін көрсеткенде Клиенттің қате жібергені анықталғанда, Клиент Банкке қажетті 
құжаттарды/деректемелерді бермеген немесе толық жиынтығын бермеген жағдайда, сондай-ақ 
Операциялар/Төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және 
Шарттың талаптарына қайшы келген жағдайда Клиенттің нұсқауларын орындамауға;
5)
Клиент Шарттың талаптарын бұзғанда және/немесе Клиенттің Банктің алдында берешегі болғанда 
және/немесе Шоттар бойынша салынған тыйымдар болғанда, Шоттар бойынша шығыс операцияларын 
тоқтата тұрылғанда немесе заңнамаға сәйкес өзге шектеулер болғанда және/немесе Клиенттің жеке 
басы расталмағанда және/немесе Банктің белгілеген қауіпсіздік критерийлеріне сәйкес күмәнді 
операцияға жатқызылса және клиентке немесе Банкке залал келтіруі мүмкін Операция жүргізілген 
жағдайда және Ережелерде көзделген өзге жағдайларда Кaspi.kz-те, Терминалдарда, Мобильді 
қосымшада көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті тосқауылдауға; 
6)
Клиенттен құжаттарды және валюталық бақылау жасауға және заңнаманың және Банктің ішкі 
нормативтік құжаттарының талаптарын орындауға қажетті өзге ақпаратты сұратуға;
7)
Кaspi.kz-те, Терминалдарда, Мобильді қосымшада Операциялар/Төлемдер бойынша шектеулерді 
белгілеуге және біржақты тәртіппен өзгертуге;


8)
Пароль жоғалған жағдайда Шоттан ақшаны Парольді пайдаланып жүргізілген Операциялар 
сомасының мөлшерінде, Банк Клиенттен Kaspi.kz-ке қолжетімділіктің тосқауылданғаны туралы жазбаша 
хабарды (соның ішінде факспен) алған сәтке дейін есептен шығаруға; 
9)
Операцияны жасалған шарттарға сәйкес техникалық овердрафтың есебінен орындауға; 
9-1) Өз қалауы бойынша, оның ішінде, Банктің пікірінше, Шарт жасасқан кезде Клиент ұсынған 
сауалнамалық деректерді өзгерту күдікті болған жағдайда, Клиенттің сауалнамалық деректерін 
электрондық түрде өзгертуден бас тартуға немесе өзгерту процесін тоқтата тұруға; 
10)
Шартта көзделген өзге әрекеттерді жасауға 
құқығы бар.
7.2. 
Клиенттің: 
1)
заңнамада және Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Шоттардағы ақшаға билік етуге 
және АТТК-ні, Электрондық ақшаны және кредиттік/дебеттік төлем карточкаларын пайдаланып, 
Операциялар жүргізуге; 
2)
заңнамада, ХТЖ-да, Ережелерде және Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, VISA, 
MasterCard ХТЖ-ларының төлем карточкалары, басқа ХТЖ-лардың төлем карточкалары арқылы 
Операциялар/Төлемдер жүргізуге; 
3)
АТТК-ні және/немесе Банктің ережелеріне сай Терминал арқылы Банктің өткізетін Электрондық 
ақшасын төлеу бойынша Операцияларды орындауға; 
4)
Шоттар бойынша Операцияларды Шоттардағы ақша қалдығы/Қолжетімді қалдық шегінде, соның 
ішінде Банк мұндай мүмкіндікті берген кезде жасалған шарттар бойынша техникалық овердрафт есебінен 
жүргізуге; 
5)
кез келген сәтте Шартты бұзуға ниеттенгені туралы Банкке Шартты бұзатын болжамды күнге дейін 
30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлауға; 
6)
Кaspi.kz-ті пайдаланып Шоттар бойынша Үзінді көшірмелерді электрондық түрде алуға; 
7)
Банктің Шартқа және/немесе Банктің Тарифтеріне енгізетін өзгерістерімен және/немесе 
толықтыруларымен келіспеген жағдайда, Шартты бұзуға; 
8)
АТТК-ні және/немесе Электрондық ақшаны төлеу және электрондық төлем қызметінің жасалуы 
бойынша қызмет көрсетілуі фактісін растайтын құжатты заңнаманың және Банктің талаптарына сәйкес 
нысан бойынша алуға; 
9)
Жеке кабинет арқылы Кaspi.kz-те төлемдер жасау лимитін өзгертуге/оның күшін жоюға; 
9-1) Шарт жасасқан кезде Клиент ұсынған сауалнамалық деректерді ЭЦҚ-ны қолданып, Жеке кабинет 
немесе Мобильді қосымша арқылы жаңартуға; 
10)
чек болған кезде Банкке даулы жағдайларды қарастыру бойынша көмек сұрап, өтініш білдіруге 
құқығы бар

7.3. 
Банк: 
1)
Шартқа өзгерістердің енгізілгені туралы Клиентке аталған өзгерістер қолданысқа енгізілген күнге 
дейін күнтізбелік 10 күн бұрын 
www.kaspi.kz-те
тиісті хабарлама орналастыру арқылы хабарлауға; 
2)
Клиенттің Шоттары және олар бойынша жүргізілген Операциялар/Төлемдер туралы ақпаратқа өзге 
тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуін болдырмау үшін шаралар қолдануға; 
3)
Кaspi.kz-те ресімделген Клиенттің өкімдері мен тапсырмаларын орындауға;
4)
Клиенттердің өтініштерін қабылдауға; 
5)
электрондық банктік қызметтер көрсеткен кезде Клиенттен алған ақпаратты ашпауға; 
6)
Клиентке электрондық банктік қызметтерді көрсету фактісі бойынша банк құпиясын сақтауға; 
7)
рұқсатсыз төлемдерді тергеу, шаралар қолдану және олардың алдын алу мәселелерінде 
ынтымақтастық орнатуға; 
8)
Экожүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге; 
9)
Клиенттің сатып алынған АТТК-нің және/немесе Электрондық ақшаның сомасына ақша аударуға 
талабы түскен жағдайда, Банктің белгіленген ішкі нормативтік құжаттамасының ережелеріне сай ақшаны 
есепке жазуға 
міндеттенеді

7.4. 
Клиент: 
1)
басқа тұлғаларға Пароль, Логин туралы ақпаратты және Кaspi.kz-те қызметтер алуға берілетін өзге 
ақпаратты бермеуге (құпия ақпараттың жарияланбауын қамтамасыз етуге); 
2)
Шартта көзделген қолжетімділік құралдарын, Кaspi.kz-тегі Логинді, Парольді жоғалтқан жағдайда, 
бұл туралы Банкке Клиентке қолжетімді байланыс құралдары арқылы дереу хабарлауға міндеттенеді. 
Банк қолжетімділік құралдарының жоғалғаны туралы хабарламаны алғанға дейін Клиент барлық 
жағдайда үшінші тұлғалардың Шоттар бойынша жүргізген барлық Операциялары/Төлемдері үшін 
жауапкершілік атқарады; 
3)
Банктің көрсеткен мерзімдерінде Банкке Операциялар/Төлемдер жүргізу үшін немесе жүргізілген 
Операциялар/Төлемдер бойынша заңнамаға (соның ішінде валюталық бақылау туралы, қылмыстық 
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-
қимыл туралы заңнамаға) және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес талап етілетін қажетті құжаттар мен 
ақпаратты ұсынуға; 
4)
Банктегі Шоттарда сақтаулы ақшаға ҚР заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және 
Шартқа сәйкес билік етуге; 


5)
Банктің қызметінің ақысын Банктің Тарифтеріне сай төлеуге; 
6)
Кaspi.kz-те қызметтерді алған кезде техникалық жарамды жабдықты пайдалануға; 
7)
Клиент ұстаушысы болып табылмайтын төлем карточкаларын пайдаланып, Операциялар/Төлемдер 
жүргізбеуге;. 
8)
Мынадай: 
- валюталық заңнамаға сәйкес тіркеу куәлігін, хабарлау туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін 
(ҚР резиденттері үшін) алуды талап ететін; 
- кәсіпкерлік қызметті жүргізумен байланысты; 
- террористік және экстремистік және өзге терроризмге не болмаса экстремизмге дем беретін қызметті 
қаржыландырумен байланысты; 
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты немесе жүргізілуі 
заңнаманың өзге талаптарын бұзуға әкеп соқтыратын Операцияларды/Төлемдерді жүргізбеуге
міндеттенеді

8. Қауіпсіздік рәсімдері. Клиенттің қызметтерге құқықтарын аутентификациялау және растау
8.1. Терминалдар және өзге құрылғылар арқылы Кaspi.kz-ті банктік қызметтер көрсеткен кезде 
пайдаланылатын қауіпсіздік рәсімдерін Банк бекітіп, Сайтта орналастырады. 
8.2. Кaspi.kz-ке және Әмиянға қол жеткізу HTTPS қорғалған хаттамасы арқылы Kaspi.kz-ке қосылу 
арқылы жүзеге асырылады.
8.3. Жеке кабинетке қолжетімділік (соның ішінде Мобильді қосымшаны пайдаланып) Клиентке Кaspi.kz-те 
Клиентті Сәйкестендірген және Аутентификациялағаннан кейін беріледі. 
8.4. Клиенттің техникалық құралының және Кaspi.kz-тің арасында берілетін деректер DigiCert Inc 
компаниясының сертификатымен шифрланады. Шифрлау жылдамдығы 128 бит болып айқындалды. 
8.5. Интернет желісіндегі бірінші деңгейдің домендік атауы – www.kaspi.kz Банкке тиесілі. Kaspi.kz 
қосымшасы да Банкке тиесілі. Банк Кaspi.kz сервистерін пайдаланушыларға олардың дербес және төлем 
деректерінің қорғалуына кепілдік береді. 
8.6. Кaspi.kz бағдарламалық-техникалық кешені, сондай-ақ банктік жүйелермен өзара әрекет ету 
модульдері тек қана Банктің аумағында орналасады. Банк – Кaspi.kz бағдарламалық-техникалық 
кешенінің иесі.
8.7. Кaspi.kz бағдарламалық-техникалық кешені бөлек қорғалған желіге бөліп шығарылған. Банктік жүйе 
мен Кaspi.kz-тің тікелей қосылыстары жоқ. 
8.8. Парольді растау үшін Клиентке Логин ретінде пайдаланылатын Клиенттің Телефон нөміріне Банктің 
жіберген ДСЖК-сін енгізу қажет. 
8.9. ДСЖК Клиенттің Телефон нөміріне SMS-хабармен жіберілуі мүмкін. ДСЖК-ні енгізу Терминалда 
кейбір Операцияларды жүргізген кезде Клиенттің түпнұсқалығын растайды, Кaspi.kz-те Клиентті 
сәйкестендіреді және Кaspi.kz-те, Терминалда Төлемдер/Операциялар жүргізу үшін Клиентке Шарт 
бойынша электрондық банктік қызметтерге қолжетімділік беруге негіз болады. Шарт бойынша
қызметтерге қолжетімділік Клиентке ол Кaspi.kz-те, Терминалда Төлемдер/Операциялар жүргізу үшін 
әрекеттер жасағаннан кейін және Банк белгілеген жағдайларда, сондай-ақ ДСЖК-ні енгізген кезде 
беріледі. Қызметтерге бір қолжетімділік аясында бір ДСЖК-мен бірнеше Төлемдердің/Операциялардың 
жүргізілгені расталады. ДСЖК Клиентті Анықтау, қосымша Тіркеу үшін де пайдаланылады. 
8.10. ДСЖК-нің әрекет ету уақыты 15 минутқа тең. 
8.11. Парольді өзгертуге әр жаңа сұрату қайта генерацияланған ДСЖК-мен расталады. Дұрыс Парольді 
енгізуге 5 рет әрекет жасауға болады, әйтпесе Клиент үшін Кaspi.kz-ке қол жеткізуге 15 минутқа тосқауыл 
қойылады. 
8.12. Электрондық төлем қызметтері Кaspi.kz-тегі Логин болып табылатын Клиенттің Телефон нөміріне 
жіберілген ДСЖК-мен қосымша расталуы мүмкін.
Электрондық банктік қызметтердің кейбір түрлері Клиент Биометрикалық сәйкестендіруден өткен кезде 
көрсетіледі. Егер Банк Клиенттің тиісті Электрондық банктік қызметтерді алуға құқығын растау үшін 
Клиенттің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерінің негізінде Банкте бар биометрикалық 
деректер бойынша Клиенттің жеке басын анықтаса, биометрикалық сәйкестендіру өткізілген болып 
саналады. 
Клиенттің сауалнамалық деректерін ЭЦҚ-ны қолданып, Жеке кабинет немесе Мобильді қосымша арқылы 
өзгерту Клиенттің жазбаша өтінішпен Банкке жеке хабарласуына және Клиенттің өз қолымен қол қоюына 
тең.
8.13. Қауіпсіздік және Клиенттің қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Банк Клиенттің 
Кaspi.kz-тегі Жеке кабинетке қолжетімділігін тосқауылдауға және/немесе қызмет көрсетуді тоқтатуға 
құқылы. 
8.14. Кaspi.kz-тегі клиенттердің барлық әрекеттері туралы ақпарат 10 жыл ғана сақталады. 
8.15. Клиент оған Кaspi.kz-те банктік қызмет көрсетілуінен бас тартқан жағдайда, қызметтерді ажырату 
туралы жазбаша өтініштің негізінде қызметтерден ажыратылады. Бұл ретте Тараптардың барлық 
қаржылық және өзге міндеттемелері толық көлемде орындалуға тиіс.
8.16. Банк Кaspi.kz-те қызмет көрсеткенде және Әмиянға қызмет көрсеткен кезде туындайтын банктік 
құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оны рұқсатсыз өзгерту, рұқсатсыз төлемдерді немесе 
ақша аударымдарын және өзге де рұқсат берілмеген іс-әрекеттерді жүзеге асыру анықталған кезде, Банк 


олар анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы осындай іс-әрекеттерге жол беруге 
қатысы бар Клиентке хабарлайды. 
8.17. Заңнамада және/немесе Шартта белгіленген талаптар сақталмай жасалған төлем рұқсат етілмеген 
болып табылады. Қолдан жасалған төлем құжаттарын немесе қолдан жасалған төлем құралдарын 
пайдаланып жасалған төлемдер де рұқсат етілмеген болып табылады. 
8.18. Рұқсат етілмеген төлемден қорғану әрекеттеріне келесі әрекеттер жатады:
1) егер төлем құжаттары қағаз жеткізгіште қабылданған жағдайда, қолдан жасау, түзету, толықтыру және 
қолдан түзету белгілері барын көзбен тексеру; 
2) Шартта және Клиент электрондық нысанда бастама көтерген электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін 
Банктің айқындаған қауіпсіздік рәсімдерін орындау. 
9. Тараптардың жауапкершілігі
9.1. Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сай жауапкершілік атқарады. 
9.2. Тараптар Шарт бойынша кез келген міндеттемесін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) 
төлеу және шығындар мен шығыстарды өтеу Шарт бойынша тиісті міндеттемесін тиісті түрде орындау 
міндетінен босатпайды. 
9.3. Тараптардың біреуі де кез келген зақымнан немесе байланыс жүйесіндегі немесе жабдықтағы 
жаңылысудан болған қандай да бір залал немесе тікелей немесе жанама шығын үшін немесе табиғи 
катаклизмдерден, апаттардан, қоғамдық тәртіпсіздіктерден немесе Тараптардың еркінен тыс басқа 
себептерден болған қызметтер көрсетудегі үзілістер үшін екінші Тараптың алдында жауапкершілік 
атқармайды. Егер кез келген мұндай жағдай міндеттемелерді Шартта белгіленген мерзімде орындауға 
тікелей әсер етсе, бұл мерзім тиісті жағдайдың әрекет еткен уақытына ұзартылады. Қазақстан 
Республикасының уәкілетті органының форс-мажор жағдайларының туындағанын растайтын жазбаша 
куәлігі форс-мажордың дәлелі болып табылады. 
9.4. Банк: 
1) құжаттар ресімдегенде және Терминалдардағы қызметтерді, Кaspi.kz-тегі қызметтерді және Әмиян 
қызметін көрсеткенде және өзге Байланыс арналарын пайдаланған кезде дұрыс емес телефон 
нөмірлерін, деректемелерін көрсеткенде Клиенттің жіберген қателері үшін; 
2) Клиентке хабарлар, соның ішінде Push-хабарламалар жолдауға және Клиенттен SMS-сұратулар алуға 
мүмкіндіктің болмағаны үшін («ШМЖС» қызметін көрсету мүмкін болмағаны үшін), егер мұндай 
мүмкіндіктің болмауы Клиенттің және/немесе Байланыс операторының арасында бар құқықтық 
қатынастар аясында олардың әрекетінен не болмаса әрекетсіздігінен болған, сондай-ақ Клиенттің, 
Байланыс операторының және өзге үшінші тұлғаның өзге әрекеттерімен байланысты немесе Банктің 
бақылау саласынан тыс тұрған өзге себептерден болған жағдайда, жауапкершілік атқармайды және 
Байланыс операторының не болмаса өзге үшінші тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде 
Клиенттің шеккен кез келген шығын үшін жауапкершілік атқармайды; 
3) электр энергиясының ажыратылуы, байланыс желілерінің зақымдалуы, сондай-ақ Клиенттің түсініксіз, 
толық емес немесе дәл емес нұсқауларының салдарынан туындайтын қателік, дұрыс түсіндірмеу және 
т.с.с., үшінші тұлғалардың төлемдерді орындамағаны немесе орындауды кешіктіргені нәтижесінде, 
Клиенттің Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің 
талаптарын бұзуы нәтижесінде туындаған және Банкке байланысты емес басқа себептер бойынша 
туындаған төлемдерді орындамағаны немесе орындауды кешіктіргені үшін жауапкершілік атқармайды. 
Банкке қатысы жоқ себептерден туындаған және Банктің хабарламаларын және Клиенттің Шоттары 
бойынша үзінді көшірмелерді Клиенттің уақтылы алмауына немесе алмауына әкеп соқтырған 
Интернеттің, поштаның, байланыс желілерінің жұмысындағы жаңылысулар үшін Банк жауапкершілік 
атқармайды. Банктің Шарттың талаптарын орындамауына әкеп соқтырған техникалық жаңылысулар 
(электр 
қуатының 
және 
байланыс 
желілерінің 
ажыратылуы/зақымдалуы, 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың жаңылысулары, төлем жүйелеріндегі техникалық жаңылысулар) болған жағдайда, 
Банк мүліктік жауапкершіліктен босатылады; 
4) егер Шоттар, Пароль, Логин, ДСЖК немесе Клиенттің жүргізген Операциялары/Төлемдері туралы 
ақпарат оларды пайдаланған уақытта байланыс арналарын тыңдау немесе ұстап алу, Клиенттің 
пайдаланатын құрылғысының операциялық жүйесін бұзу, құпия ақпаратты Клиенттің жария етуі 
нәтижесінде, соның ішінде Клиенттің мобильді телефонды, планшетті немесе өзге жабдықты, 
бағдарламалық қамсыздандыруды (солардың көмегімен қызметтерге қол жеткізіледі, Клиентті 
Аутентификациялайдын және Анықтайды) жоғалтуына немесе үшінші тұлғаларға беруіне өзге тұлғаларға 
белгілі болса, сондай-ақ Кaspi.kz-те, соның ішінде Мобильді қосымша арқылы қызметтер алған кезде 
жарамсыз жабдықты, вирустық бағдарламалық қамсыздандыруы бар жабдықты пайдаланған жағдайда, 
5) Клиенттің сауалнамалық деректерін ауыстырған кезде ЭЦҚ немесе ЭЦҚ кодтары/парольдері туралы 
ақпарат Клиенттің өзінің кінәсінен үшінші тұлғаларға белгілі болған жағдайда, жауапкершілік атқармайды. 
9.5. Клиент: 
1) Терминал арқылы, Шартта көзделген оны Сәйкестендіру және Аутентификациялау құралдарын 
пайдаланып жүргізілетін барлық операциялар үшін; 


2) Кaspi.kz-те жүргізілетін және Әмиянға қызмет көрсеткенде, соның ішінде Мобильді қосымша арқылы, 
Жеке кабинет арқылы оны Сәйкестендіру және Аутентификациялау құралдарын пайдаланып жүргізілетін 
барлық операциялар үшін жауапкершілік атқарады.
10. Электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру, тоқтату.
Клиентке хабарлау тәртібі мен нысандары 
10.1. Мына жағдайларда: 
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соның ішінде нұсқауды орындаудан 
бас тарту үшін; 
2) Банктің пікірі бойынша, рұқсат етілмеген төлем белгілері анықталғанда; 
3) егер Клиент Шартта көзделген тәртіппен сәйкестендірілмегенде (анықталмағанда); 
4) егер Шоттардағы ақша сомасы операцияларды жүргізуге және Банктің Тарифтерінде көзделген 
комиссияларды есептен шығаруға жеткіліксіз болғанда; 
5) ұсынылған құжаттар заңнаманың талаптарына сәйкес келмегенде; 
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және 
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында, валюталық заңнамасында көзделген 
жағдайларда; 
7) Клиент Шарттың немесе Клиентпен жасалған өзге шарттардың талаптарын елеулі түрде бұзған 
жағдайларда; 
8) Банктің алдында берешегі болғанда; 
9) егер ақша сомасы, (Шоттардағы ақшаның) Қолжетімді қалдығы операциялар жүргізуге және Тарифтерде 
көзделген комиссияларды есептен шығаруға жеткіліксіз болса немесе Банк өнімінің талаптарына сай 
толықтыруға болатын ең көп сомадан асып кетсе (оған жасалған шарттар бойынша техникалық овердрафты 
пайдалану жағдайы қосылмайды);
10) Клиенттің сұратқан Операциясын жүргізуге төлем карточкасының Эмитентінен Авторландыру 
алынбағанда;
11) қызмет көрсетілген сәтте қолданыстағы Банктің белгілеген шектеулері мен лимиттері (олар туралы ақпарат 
Кaspi.kz немесе Байланыс арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізіледі) немесе төлем карточкасының 
Эмитенті белгілеген лимиттер/шектеулер бұзылғанда;
12) банктік шоттардың/төлем карточкаларының валюталарының Операция жүргізу валютасына сәйкес 
келмегенде; 
13) Операция жүрзілетін және Авторландырған сәтте банктік шотта Қызмет көрсетуге және комиссия төлеуге 
жеткілікті сома болмағанда, сондай-ақ Эмитент Авторландырудан бас тартқан жағдайда; 
14) шарттарда көзделген өзге жағдайларда
Банк төлем қызметін көрсетуден бас тартуға/көрсетуді тоқтата тұруға құқылы. 
10.2. Шартта көзделген жағдайларда, соның ішінде Шарттың талаптары бұзылған кезде, Банктің 
заңнамаға және/немесе Шартқа сәйкес шаралар қолдануға, соның ішінде: 
1)
қызмет көрсетудің ықтимал шектелетіні туралы ескертуге; 
2)
қызметтерді көрсетуді шектеуге және (немесе) тоқтата тұруға; 
3)
Кaspi.kz-ке қолжетімділікті тосқауылдауға;
4)
Шартты біржақты тәртіппен бұзаға құқығы бар. 
10.3. Мына жағдайларда: 
1) қызметті өшіру туралы Клиенттің өтініші болғанда (Кaspi.kz-те қызмет көрсету Клиенттің өшіру туралы 
жазбаша өтінішін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң тоқтатылады); 
2) Кaspi.kz-те техникалық жұмыстар жүргізілгенде (Банк жұмыстар тоқтатылғанға дейін 15 минут бұрын 
Кaspi.kz-ке немесе 
www.kaspibank.kz
сайтына бұл туралы хабарламаны орналастыру арқылы мұндай 
жұмыстар кезеңін хабарлайды); 
3) оларға сәйкес қызметтерді көрсету тоқтатылатын немесе тоқтатыла тұратын Клиентпен жасалған 
шарттардың талаптары өзгергенде; 
4) Клиентке қызметтер көрсетуді тоқтатқанға дейін күнтізбелік 1 күн бұрын онымен жасалған Шартты 
орындаудан біржақты тәртіппен бас тартатыны туралы хабарлағанда, Кaspi.kz-те қызметтерді көрсету 
тоқтатыла тұрады немесе тоқтатылады.
10.4. Клиент қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланатын Пароль, Логин, ДСЖК, жабдық, 
бағдарламалық қамсыздандыру жоғалған жағдайда, Банк Клиенттен Кaspi.kz-ке қолжетімділігін 
жоғалтқаны туралы жазбаша хабарын (соның ішінде факспен) алған сәтке дейін және/немесе Клиент 
Парольді тосқауылдаған сәтке дейін Банк Шоттан/төлем карточкасынан Парольді және/немесе ДСЖК-ні 
пайдаланып жүргізілген Операциялардың/Төлемдердің сомасы мөлшерінде ақшаны есептен шығарады. 
10.5. Банк рұқсатсыз төлемдерден қауіпсіздік деңгейін арттыру, алаяқтық әрекеттердің алдын алу, құпия 
ақпараттың жария етілуіне немесе өзге құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында төлем қызметін 
көрсетуге қажетті қосымша талаптарды көздеуі мүмкін. 
10.6. Банк біржақты тәртіппен Шартта көзделген Қызметтердің кез келгенін көрсетуден бас 
тартуға/тоқтатуға/тоқтата тұруға не болмаса Шарттан бас тартуға құқылы, бұл ретте Банк бұл туралы 
хабарламаны Сайтта орналастырады (соның ішінде мерзімді көрсетеді, ол аяқталған соң Банк қызмет 
(қызметтер) көрсетуден бас тартады/қызмет (қызметтер) көрсетуді тоқтатады/тоқтата тұрады не болмаса Шарт 
бұзылған болып саналады) немесе аталған ақпаратты Кaspi.kz арқылы немесе өзге Байланыс арналары 


арқылы оларға қатысты жоғарыда аталған әрекеттер қабылданатын кейбір Клиенттерге (кейіннен олар 
қызметтерге қол жеткізген кезде) жеткізеді. 
10.7. Шарт бойынша ақпарат Байланыс арналарының біреуі, соның ішінде Call Center арқылы Клиенттің 
назарына жеткізіледі. Call Center клиенттердің қоңырауларын қабылдайды және өңдейді, Банктің өнімдері мен 
қызметтері туралы хабарлайды, Карталарды іске қосады, тосқауылдайды және Клиентке ағымдағы қызмет 
көрсету үшін Банктің айқындайтын өзге функцияларын орындайды. 
11. Шағымдар. Даулы жағдайларды шешу
11.1. Тараптардың арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешеді. 
Егер Тараптар келіссөздер арқылы өзара келісімге келе алмаса, даулар мен келіспеушіліктер Банктің 
орналасқан жері бойынша сот тәртібімен қаралады.
11.2. Шиеленісті және/немесе даулы жағдайлар туындағанда Тараптар келесі әрекеттерді жасайды: 
1) Клиент мекенжайын, телефон нөмірін, шағымның мазмұнын және өзге ақпаратты көрсетіп, 
https://kaspi.kz/guide/ask/form_to_fill/
сілтемесі бойынша өтіп, хабарды электрондық нысанда жолдайды не 
болмаса Банктің Саll Center-іне 8-727-258-59-55 нөмірі (Алматы үшін) және 8-800-080-18-00 арқылы (бүкіл 
Қазақстан) телефон соғады;
2) Банк Клиенттің өтінімін ҚР азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген 
мерзімдерде қарайды; 
3) Банк Клиентке жауапты Банкке жолданған хабарда көрсетілген мекенжайға Қазақстан 
Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жазбаша түрде ұсынады. 
11.3. Операция (төлем қызметтері) бойынша даулы жағдайлар туындаған жағдайда, Клиент даулы жағдай 
анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде шағымның (болған кезде) негізділігін 
растайтын құжаттарды қоса тіркеп, бұл туралы Банкке жазбаша түрде хабарлайды. Банктің көрсетілген 
мерзім ішінде Клиенттен мұндай хабарламаны алмауы төлем қызметін көрсетудің дұрыстығын растау 
болып саналады. 
11.4. Банк даулы жағдай бойынша тексеру жүргізген кезде рұқсат етілмеген төлемдердің қаупін азайту 
мақсатында, Банк өз қалауы бойынша Клиенттің мүддесіне сай Клиенттің шығындары мен шығыстарының 
алдын алу үшін банктік шотқа нұсқауларды қабылдауды уақытша тоқтата тұрғанды қосқанда, шаралар 
қолдана алады. 
11.5. Егер Банк Клиенттің даулы жағдайы жөніндегі шағымдарын негізді деп таныса, Банк мұндай шығыс 
операциясының сомасын немесе оның баламасын қайтарады. 
11.6. Банк негізді шағым бойынша Клиентке ақшаны ол Банкке қайтарылған кейін ғана Банктің 
және/немесе төлем жүйесінің нормалары мен ережелерін сақтай отырып қайтарады. 
11.7. Егер даулы жағдай бойынша Клиенттің өтініші бойынша жүргізілген тергеу нәтижесінде Клиенттің 
шағымы негізсіз болып танылған жағдайда, Банк Клиенттен Банктің мұндай даулы жағдай бойынша тексеру 
жүргізуімен байланысты Банктің барлық шығыстарын нақты құны бойынша төлеуін талап етуге құқылы. 
11.8. Нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартылғаны не болмаса нұсқаудың тиісінше орындалмағаны 
анықталған жағдайда, Банк Клиенттің шеккен шығыстарының сомасынан аспайтын құжатпен расталатын 
нақты залал сомасын Клиентке өтейді. Мұндай төлемді жасау Банкті мұндай нұсқауды орындаудан 
босатпайды, бұл ретте Клиент жаңа нұсқау қоюға құқылы. 
11.9. Төлем нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартылғанын не болмаса тиісінше орындалмағанын растауға 
жеткілікті құжаттар Банкке берілген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннің ішінде жасалады. 
12. Банктің байланыс телефондары мен мекенжайлары
12.1. Банктің деректемелері: «Kaspi Bank» АҚ, Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай 
батыр к-сі, 154 «А», Ұлттық Банктегі № KZ69125KZT1001300249 к/шот, БСК NBRK KZ KX, БСН 
971240001315, Банктің сайты 
www.kaspi.kz
, https://www.kaspibank.kz, электрондық мекенжайы: 
business@kaspi.kz. Call center____жұмыс тәртібі: сағат 9:00-23:00 (мобильді телефоннан қоңырау соғу 
тегін). 
13. Құпия ақпарат 
13.1. Тараптардың Шартты орындауға байланысты алмасатын ақпаратын олар құпия ақпарат деп 
санауға және оны екінші Тараптың жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге келісті, оған Шарттың 
талаптарына сай жағдайлар және мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасының 
талаптарына сәйкес міндетті болатын жағдайлар қосылмайды. 
14. Клиенттің Шартты бұзу құқығы 
14.1. Клиент Картаны (ол бар болса) өткізген және Банкпен барлық есеп айырысуды жүргізген кезде, 
Шартты бұзуға бастап көтеруге құқылы. 
14.2. Мынадай бөлігінде: 
1) ақшаны Шотқа қабылдау қызметі бөлігінде – ақша Шотқа есепке жазылғанға дейін; 
2) банктік шотты пайдаланып төлем жасау қызметі бөлігінде – Банк Шотттан төлемді орындағанға дейін; 
3) банктік шотты пайдаланып ақша аудару қызметі бөлігінде – Шоттан ақша аударылғанға дейін Клиент 
төлем қызметі нақты орындалған сәтке дейін Шартты бұзуға құқылы. 
14.3. Клиенттің толтырған және Банкке жеке өзі не болмаса қолданыстағы заңнамада, Ережелерде көзделген 
өзге тәсілмен жолдаған тиісті өтінішті Банкке беруі Шартты бұзуға негіз болып табылады. 


15. Электрондық банктік қызметтер көрсеткен кезде валюта айырбастау бағамын айқындау 
тәртібі 
15.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Шартта көзделген жағдайларда, Шоттың 
валютасынан өзгеше валютада не болмаса шетел валютасында төлем қызметін көрсеткен кезде, Банк Шоттан 
ақша қаражаты есептен шығарылатын күні Банк белгіленген валюта айырбастау бағамын қолданады. 
15.2. Шоттың валютасынан өзгеше валютада төлем немесе ақша аударымын жасаған кезде, Банк төлем 
құжаты Банкке түскен күні және уақытта қолданыста болған Банктің шетел валютасын айырбастау бағамын 
қолданып, Шотта көрсетеді не болмаса аударуға өтінімде ақшаны есептен шығарудың өзге тәртібі көзделуі 
мүмкін. Банк төлем құжатын Банкте айырбастау бағамы немесе оны айқындау тәртібі белгіленбеген 
валютада орындаудан бас тартуға құқылы. 
15.3. Банктің ХТЖ-мен есеп айырысу валютасы – АҚШ доллары. Қазақстан Республикасының аумағынан 
тысқары ХТЖ арқылы АҚШ долларынан өзге валютада жүргізілген Операцияның сомасы Банк осы Операция 
бойынша ХТЖ-мен есеп айырысқан күні ХТЖ белгілеген Операция валютасының АҚШ долларына шаққандағы 
айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларына айырбасталады және бұл соманы Банк Банктің ішкі 
талаптарына сәйкес белгіленген, Картаны пайдаланып, төлем жасалған кезде толтырылған төлем құжаты 
Банкке түскен күні және уақытта қолданыста болған айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларының сомасына 
балама сомада акцептсіз тәртіппен Шоттан алады. 
15.4. Қазақстан Республикасының аумағында ХТЖ арқылы жүргізілген Операцияның валютасынан өзгеше 
валютада жүргізілетін Шоттан сома Банктің ішкі талаптарына сәйкес белгіленген, Картаны пайдаланып, төлем 
жасалған кезде толтырылған төлем құжаты Банкке түскен күні және уақытта қолданыста болған айырбастау 
бағамы бойынша Операцияның сомасына балама сомада акцептсіз тәртіппен Шот жүргізілетін валютада 
алынады. 
15.5. Егер Шот валютасы Қазақстан Республикасының аумағында ХТЖ арқылы жүргізілген Шотқа есепке жазу 
(толықтыру) операциясы бойынша Операцияның валютасынан өзгеше болған жағдайда, Операция сомасы 
Шотқа Банктің ішкі талаптарына сәйкес белгіленген, Картаны пайдаланып төлем жасалған кезде толтырылған 
төлем құжаты Банкке түскен күні және уақытта қолданыста болған валюта айырбастау бағамы бойынша 
Операцияның сомасына балама сомада Шоттың валютасында есепке жазылады. 
15.6. Мультивалюталық қызмет көрсету қызметін көрсету аясында Банк Қазақстан Республикасының 
заңнамасында және Клиентпен жасалған тиісті шарттарда көзделген валюталық шоттар бойынша және 
мультивалюталық шоттар бойынша Операциялар жүргізеді. Мультивалюталық қызмет көрсету қызметінің 
ақысы жүргізілген операцияларға қарай Банктің Тарифтеріне сай төленеді. 
15.7. Қызметтер Кaspi.kz-те Банктің айқындаған шектеулері мен лимиттерін ескере отырып, валюталарда 
көрсетіледі. Егер Кaspi.kz-те қызметті таңдау немесе Банктің ұсынған валютасын өзгерту мүмкіндігі болмаса, 
ондай мұндай қызмет көрсетілмейді (басқа валюталарда көрсетілмейді). 
16. Қорытынды ережелер
16.1. Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің Банкке Шарт бойынша жолдайтын 
барлық хабарламаларының және (немесе) хабарларының, егер олар жазбаша түрде жасалып, Клиенттің 
қолы қойылса және тапсырысты хатпен не курьер қызметімен жіберілсе не Ережелерде көрсетілген 
мекенжайларда қолына берілсе, күші болады және жеткізілген болып саналады. 
16.2. Шартта реттелмеген барлық басқа өзара қарым-қатынастар Тараптардың арасындағы бөлек 
шарттармен және (немесе) қосымша келісімдермен айқындалады.
16.3. Ережелердің аясында жасалған шарт Банк пен Клиенттің арасында бұрын жасалған шарттармен 
реттелетін Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қосымша келісім ретінде қолданылады.
16.4. 
Шарттың талаптары біржақты немесе екіжақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін

16.5. 
Банк өзгерістерді оларды
Клиент 
үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен жасауға құқылы. 
Төмендегілерге қатысты талаптардың өзгерісі Шарт бойынша жақсартулар болып табылады

1) комиссия мөлшерінің азаюы; 
2) 
комиссияны төлеу мерзімін кейінге қалдыру

3) 
комиссияны төлеу бойынша жеңілдіктің берілуі

4) 
қолма-қол ақшасыз төлем жасағаны үшін бонустың, көтермелеу сыйлықақылары мен төлемдердің 
берілуі

5) 
Төлем қызметін көрсеткен кезде көрсетілетін қосымша қызметтердің көлемінің ұлғаюы

6) 
рұқсат етілмеген төлемдерден, алаяқтық әрекеттерден, құпия ақпаратты жария етуден немесе өзге 
заңға қайшы әрекеттерден қорғайтын қауіпсіздік рәсімдерінің күшейтілуі

7) 
қызмет көрсетудің қолайлылығын арттыруды көздейтін төлем қызметтерін көрсету талаптарының 
және/немесе тәртібінің өзгертілуі

8) 
Төлем қызметтерін көрсету тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруіне 
байланысты Шарттың талаптарының өзгертілуі

9) 
Төлем жүйелері ережелерінің немесе талаптарының өзгертілуіне байланысты Шарт талаптарының 
өзгертілуі (егер олардың қабылданбауы төлем қызметін көрсетуден бас тартуға немесе кешіктіруге себеп 
болуы мүмкін болса)

16.6. Банкпен жасалған қарыз қарызы шарттарын және банктік қызмет көрсету шарттарын орындауға 
байланысты мәмілелер, соның ішінде қарыз қарызы шарттарының талаптарын, сауалнамалық деректерді 
және Дербес талаптарды өзгерту; қарыз беруге және/немесе оған қызмет көрсетуге байланысты 


комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа мөлшерлерін енгізу немесе мөлшерлерін ұлғайту, оларды 
ұстау тәртібін немесе талаптарын өзгерту; төлемдерді жасау тәртібін, әдісін және тәсілдерін, Берешекті 
өтеу кезектілігін өзгерту қашықтан байланысу арналары арқылы хабарламалар алмасу арқылы Банк 
көздеген тәсілмен, атап айтқанда, ДСЖК, ДСН-кодты енгізу, электрондық және өзге құжат алмасу, Жеке 
кабинетте және/немесе Терминалда әрекеттер жасау арқылы орындалған және екіжақты тәртіппен 
жасалған болып саналады. 
16.7. 
Шарттың талаптары мынадай тәсілдердің бірімен: тиісті келісімге қол қою; хаттармен, 
жеделхаттармен, телефонжазбалармен, телетайп жазбалармен, факстармен, электрондық құжаттармен, 
электрондық хабарлармен немесе тараптардың ерік білдіруінің мазмұнын анықтайтын басқа 
құжаттармен алмасу арқылы немесе заңнамада көзделген қорғаныс әрекеттерінің өзге элементтерімен 
куәландырылады, атап айтқанда, динамикалық сәйкестендіру жүйесінің кодын, ДСН-кодын енгізу, Жеке 
кабинетте немесе электрондық терминалда әрекеттер жасау арқылы, Байланыс арналары бойынша 
хабарлармен алмасу арқылы, Банкте көзделген тәсілмен екіжақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Осы 
тармақта көзделген тәсілдердің бірімен жасалған мәмілелер Тараптардың келісімімен жазбаша түрде 
мәміле жасаумен тең

16.8. 
Банктің төлем қызметін көрсету мүмкіндігін көздейтін банктік қызмет көрсету шарттарының өзгерісі 
осындай шарттарда көзделген тәртіппен және талаптарда енгізіледі

16.9. 
Банк Төлем қызметін көрсетуге арналған шарт жасалған күнгі жағдай бойынша белгіленген 
халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жасалған кезде ұсталынатын төлем қызметі 
бойынша комиссияны ұлғайту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы, олар бойынша Банк 
комиссияның өзгертілгені туралы 
Клиентке 
өзгерістер енгізілгенге дейін күнтізбелік 1 (бір) күннен 
кешіктірмей хабарлайды

16.10. Шарттың қолданылу мерзімі – мерзімсіз. 
17. Электрондық банктік қызметтерді алу тәсілдері
1-тарау. «ШМЖС» (Шотқа мониторинг жүргізу сервисі) қызметі 
1. Банктік шоттарды жүргізу аясында ақпарат «ШМЖС» қызметі арқылы беріледі. 
2. «ШМЖС» қызметі аясында Банк автоматты режимде Push-хабарламаларды не болмаса соның 
ішінде Клиенттің Шот бойынша Операция жүргізгені туралы және Төлем лимитінің өзгергені туралы 
мәліметтер; Төлем лимиті туралы мәліметтер қамтылған SMS-хабарларды; Шағын үзінді көшірмелерді 
және Шот бойынша операциялар туралы басқа ақпаратты жолдайды. 
3. SMS-сұратуларды Банкке беру үшін телефонның(-дардың) нөмір(-лер)і туралы ақпаратты Клиент 
Банкке, соның ішінде Call Center телефоны арқылы хабарласып немесе Сайттан алады. 
4. Банк Банкке SMS-сұратулар беру үшін телефон нөмірлерін өз қалауынша анықтауға құқылы, бұл 
ретте Банк мұндай өзгерістер туралы Клиентке өзгерістердің болжамды күніне дейінгі 10 (он) күннен 
кешіктірмей Банктің ішкі құрылымдық бөлімшелеріндегі және филиалдарындағы ақпараттық стендтерде 
және/немесе Сайтта және/немесе SMS-хабар жолдау арқылы хабарлайды. 
5. Мынадай барлық ережелер сақталған кезде «ШМЖС» қызметі көрсетіледі: 
1) Клиентте «ШМЖС» қызметін алу үшін техникалық және басқа да мүмкіндіктері бар, атап айтқанда: 
2) Клиентте GSM стандартында SMS-сұратулар жолдау және SMS-хабарлар немесе Push-хабарламалар 
алу үшін техникалық құрал бар; 
3) Клиент – Байланыс операторының абоненті, онымен құқықтық қарым-қатынастардың аясында Банктің 
тиісті телефон нөміріне Банкке SMS-сұратулар беруге және Банктен Клиенттің Телефон нөміріне 
жолданатын SMS-хабарларды не болмаса Мобильді қосымша мен интернетке қолжетімділік болған 
кезде Push- хабарламаларды алуға мүмкіндік қамтамасыз етіледі; 
4) Клиент Банкке «ШМЖС» қызметін алу үшін қажетті ақпаратты берген; 
5) Банк Телефон нөмірін іске қосқан. 
6. «ШМЖС» қызметтері Банк Шартты/банктік қызмет көрсету шартын акцепттеген, Банктің Клиентке 
«ШМЖС» қызметін көрсетуі үшін Банк техникалық шектеулерді алған және Банктің SMS-сұратуларды 
алуы және SMS-хабарларды не болмаса Push-хабарламаларды жолдауы мақсатында Банктің Деректер 
базасында «SMS-сервис» қызметі үшін Клиенттің Сауалнамасында көрсетілген Клиенттің мобильді/ұялы 
Телефон нөмірін Банктің тіркеген сәтінен бастап көрсетіледі. Банк қызметті көрсетуі үшін Клиенттің 
қосымша келесі әрекеттердің бірін жасауы: 
1) Шарт жасасқаннан кейін Банк белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш беру арқылы Клиенттің 
жеке өзінің хабарласуы, бұл ретте Клиент жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге тиіс; 
2) Байланыс операторы арқылы немесе Байланыс арналарының бірі арқылы Клиенттің өтінішін Банктің 
алуы; 
3) Клиенттің Жеке кабинетте көрсетілген әрекеттерді жасауы қажеттігі көзделуі мүмкін.
7. Мына жағдайларда: 
1) егер Шартта «ШМЖС» қызметін көрсету мүмкіндігі көзделмесе; 
2) егер Банкпен жасалған кез келген банктік қызмет көрсету шарты және/немесе банк қарызы шарты 
бойынша Банктің алдында берешек болса; 
3) егер Клиенттің Шарттың аясында, сондай-ақ Банк пен Клиенттің арасында жасалған кез келген басқа 
шарттың аясында Банктің алдында орындалмаған міндеттемелері болса; 


4) егер Клиент өзінде «ШМЖС» қызметін алу үшін техникалық және басқа да мүмкіндіктерінің бар екенін 
растамаса және/немесе ақпаратты, атап айтқанда, «ШМЖС» қызметін алу үшін Клиенттің мобильді/ұялы 
телефон нөмірін Банкке бермесе не болмаса Push-хабарламаларды жолдау үшін Мобильді қосымша 
болмағанда; 
5) Клиент қызмет көрсету барысында «ШМЖС» қызметін көрсету үшін екі және одан көп нөмір бергенде, 
Банк Клиентке «ШМЖС» қызметін көрсетуден бас тартуға құқылы. 
8. Банк Клиенттен «ШМЖС» қызметі үшін ақыны, егер мұндай ақы көзделсе, Тарифттерге сәйкес 
ұстайды. «ШМЖС» қызметін көрсеткені үшін ақы Клиенттен Шартта белгіленген тәртіппен Клиенттің 
қосымша өкімінсіз ақы сомасын тікелей дебеттеу арқылы ұсталады. 
9. «ШМЖС» қызметі Клиентке Банк пен Клиенттің арасында жасалған тағы бір немесе бірнеше 
шарттың аясындағы Шартпен бірге берілген жағдайда, «ШМЖС» қызметін көрсеткені үшін ақы тек 
Шарттың/банктік қызмет көрсету шартының аясында ғана ұсталады. 
10. Клиент Банктің белгілеген нысанында жазбаша өтінішпен Банкке (жеке өзі) хабарласып, «ШМЖС» 
қызметін алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Клиент жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс.
11. Клиент «ШМЖС» қызметін алудан бас тартқан жағдайда, банктік қызмет көрсету шарттары 
бұзылмайды. 
12. Мына жағдайларда: 
а) «ШМЖС» қызметінің Ережелерде анықталған тәртіппен, соның ішінде «ШМЖС» қызметін алу үшін 
техникалық және басқа да мүмкіндіктердің болмауынан Клиент «ШМЖС» қызметін алудан бас тартқан 
кезде (Банк мұндай өтінішті қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап Банк «ШМЖС» қызметін 
көрсетпейді);
б) Клиент Шарттан бас тартқан кезде; 
в) Банк Клиентке шарттың аясында Қорытынды Шот-көшірме ұсынған кезде «ШМЖС» қызметін көрсету 
тоқтатылады. Банк Клиентке Қорытынды Шот-көшірме ұсынған жағдайда осылай ұсынған күні 
тоқтатылады. 
13. Үлгілік ережелердің немесе өзге шарттың аясында Картаны қайта шығарғанда және сәйкесінше 
осылай қайта шығару нәтижесінде Картаның деректемелері (нөмірлері) өзгерген жағдайда, қайта 
шығарылған Картаның нөмірін (деректемелерін) пайдаланып, «ШМЖС» қызметі аясында мәліметтер 
беру жалғаса береді. 
14. «ШМЖС» қызметін алуға техникалық және/немесе басқа да мүмкіндіктерін жоғалтқан Клиент Банктің 
бөлімшелеріне/филиалдарына дереу хабарласуға міндетті. 
15. Егер Клиент «ШМЖС» қызметін алу үшін өзінде бар техникалық және басқа да мүмкіндіктері туралы 
шынайы емес ақпаратты Банкке берген жағдайда, Клиенттің Телефон нөмірі туралы шынайы емес 
ақпаратты берсе, Клиент осындай ақпаратты беруге байланысты барлық (соның ішінде қаржылық) 
қауіптерді көтереді. 
16. Клиент Банктің ақпараттық жүйесіндегі Шартты жасасқан кезде немесе жасасқаннан кейін Клиент 
ұсынған сауалнамалық деректерді жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, жазбаша 
өтінішпен Банкке хабарласу арқылы немесе ЭЦҚ-ны қолданып, Жеке кабинет немесе Мобильді қосымша 
арқылы өзгертуге құқылы.
ЭЦҚ-ны қолдану арқылы сауалнамалық деректерді өзгерту Клиенттің жазбаша өтінішпен Банкке жеке 
хабарласуына тең.
ЭЦҚ-ны қолданып, Жеке кабинет немесе Мобильді қосымша арқылы сауалнамалық деректер өзгерген 
кезде Банк Клиентті қосымша Аутентификациялауды/ Анықтауды талап етуге құқылы.
17. Клиенттің Телефон нөмірін Клиенттің пайдалану тәртібі Банктің қатысуынсыз Клиент пен Байланыс 
операторының арасындағы шарттық қарым-қатынастармен реттеледі. 
18. Клиенттің «ШМЖС» қызметін алуы үшін техникалық және/немесе басқа да мүмкіндіктерін жоғалтуы 
Клиентті бұл туралы Банк хабардар болған және Клиент жоғарыда аталған мүмкіндіктерін жоғалтуынан 
«ШМЖС» қызметін алудан бас тартқан сәтке дейін Банкке «ШМЖС» қызметін көрсеткені үшін 
Ережелерде көзделген тәртіппен ақы төлеу міндетінен босатпайды.
2-тарау. Терминалдар 
1. Терминалдар келесі банктік қызметтердің алынуын қамтамасыз етеді: 
1) банктік шот ашпай, Терминалдар арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жасау; 
2) Терминалдарды пайдаланып, Банк ақша жіберушіден қолма-қол ақшаны қабылдаған кезде 
жасалатын төлемдік электрондық хабардың (бұдан әрі – төлемдік хабар) негізінде Шотты немесе 
Әмиянды толықтыру. Төлемдік хабар бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын 
жасау туралы ақша жіберушінің Банкке нұсқауын білдіреді; 
3) ақпараттық қызметті алу; 
4) ДСН-кодты, Қолжетімді қалдықтың мөлшерін, клиент туралы мәліметтерді және банктік қызмет 
көрсету шартына немесе клиент туралы мәліметтерге қатысты өзге ақпаратты өзгерту; 
5) Шоттан қолма-қол ақша алу. 
2. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Терминал арқылы ұсыналатын әр электрондық төлем 
қызметі: 
1) жеке сессияның шегінде бірегей ДСЖК-ні генерациялау және ДСЖК-ні міндетті түрде енгізу; 


2) Клиентті Аутентификациялау барысында Телефон нөмірін және/немесе Клиенттің туған күнін немесе 
ЖСН немесе банктік қызмет көрсету шартының нөмірін немесе жеке цифрлық кодты (ЖЦК) немесе QR-
кодты және/немесе Клиентті биометрикалық сәйкестендіруді қосымша енгізуді пайдалану; 
3) Клиентті Сәйкестендіру мақсатында Терминалға төлем карточкасын енгізу әрекеттерінің бірі немесе 
бірнешеуі сақталған жағдайда, көрсетіледі. 
3. Ақпаратты беру деректерді шифрлау әдісін пайдаланып, Байланыс арнасы арқылы жүзеге 
асырылады. 
4. Аутентификация төмендегі бір немесе бірнеше тәсіл арқылы жүргізіледі: 
- Клиентті Телефон нөмірі немесе ЖСН нөмірі және/немесе банктік қызмет көрсету шартының нөмірі 
бойынша және/немесе биометрикалық сәйкестендіру үшін Клиенттің Банкте бар биометрикалық 
деректері бойынша іздеу; 
- клиенттің туған күнін немесе ЖЦК-ні қосымша сәйкестендірушіні енгізу арқылы сәйкестіктерді алып 
тастау; 
- Клиенттің карточкасымен байланысты Банктің өнімдерін іздеу; 
- Терминал арқылы Банктің қызметін пайдалану мүмкіндігі туралы Клиентке хабарлау. 
5. Банктік шот ашпай, Терминалдар арқылы қолма-қол ақша салу арқылы төлемдер мен ақша 
аударымдарын жасаған, Терминал арқылы Шоттан қолма-қол ақша алған кезде Клиентке оның сұратуы 
бойынша чек клиенттің таңдауы бойынша электрондық түрде немесе қағаз тасымалдаушыда беріледі, 
чекте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті деректемелер болуы тиіс. 
6. Ақша жіберушіге Терминал беретін чек бастапқы құжат болып табылады және Терминал арқылы 
Банккке қолма-қол ақша салу арқылы төлем және/немесе ақша аударымын жасау немесе Терминал 
арқылы Шоттан қолма-қол ақша алу фактісінің растамасы болады. 
7. Терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны қабылдағаннан кейін және Қазақстан Республикасының 
заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған чекті (клиенттің сұратуы болған жағдайда) бергеннен кейін 
Банктің ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын 
жасау міндеттемесі не болмаса АТТК-ны және/немесе Электрондық ақшаны шығару және оларға қызмет 
көрсету міндеттемелері туындайды. 
8. Банктің АБАЖ-ында Клиенттің Аутентификациядан және Сәйкестендіруден сәтті өтуі Клиенттің 
электрондық банктік қызметтерді алуға құқықтарының растамасы болып табылады. 
9. Клиент қызметтерді алу үшін Терминалда аутентификация процесінің барлық талаптарының 
сақталуын қамтамасыз етеді. Операцияның түріне байланысты Банк Клиенттің жеке басын анықтаудың 
және оның Электрондық банктік қызметтерді немесе олардың жиынтығын алуға құқықтарын растаудың 
әртүрлі рәсімдерін пайдалануға және/немесе Терминалда оларды жүргізуге қойылатын өзге талаптарды 
көздеуге құқылы. 
10. Клиентке электрондық банктік қызмет көрсету барысында Терминал экранында көрсетілген 
нұсқамаларды Клиент орындауға міндетті.
3-тарау. Кaspi.kz
1. Кaspi.kz-те банктік қызмет көрсетуге мыналар кіреді: 
1)
Кaspi.kz-те белгіленген шектеулерді ескере отырып, Клиенттің Шоттарының (Банкте ашылған) 
арасында ақша аудару туралы Клиенттің өкімдерін орындау, соның ішінде кредитті өтеу мақсатында 
Шоттарды толықтыру, Шоттардың арасындағы ақша аударымдары; 
2)
Карта, Клиенттің VISA, MasterCard ХТЖ-ның, Клиентпен жасалған шартқа сай басқа ХТЖ-ның өзге 
төлем карточкалары, АТТК және Электрондық ақша арқылы Клиенттің төлемдер мен аударымдар 
жөніндегі өкімдерін орындау; 
3)
Банкпен жасалған шарттар жөнінде ақпарат беру, соның ішінде кредит шарттарының жай-күйін қарау 
мүмкіндігін, кредит шарты бойынша кезең үшін үзінді көшірмелер, кредиттер бойынша өтеу кестесін 
(ақша, тауар), депозиттік шарттар бойынша кезең үшін үзінді көшірмелер, Операциялар жүргізілген 
Карталар бойынша үзінді көшірмелер беру, қашықтан байланысу арналарымен (соның ішінде қайта 
шығарған кезде) төлем карталарының деректемелері туралы ақпаратты электрондық түрде беру; 
4)
қызметтердің ақысын (мобильді байланыс, коммуналдық төлемдер, теледидар және т.б.) төлем 
карточкаларынан, сондай-ақ Электрондық ақша арқылы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету; 
5)
Клиенттің АТТК және банктік шоттарынан, соның ішінде Клиенттің төлем карточкаларын 
пайдаланып, сондай-ақ Электрондық ақша арқылы жеткізушілерге қызметтер/жұмыстар/тауарлар 
(мобильді байланыс, коммуналдық төлемдер, теледидар және т.б.) үшін ақша аудару; 
6)
Автотөлемақыны (және Банктің көрсететін басқа да қызметтерін) қосу және шарттарын өзгерту; 
7)
Банкпен жасалған банк қарызы шарты бойынша төлемдерді басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету; 
8)
Кредит карточкасына берілетін қарыз бойынша кредиттеу талаптарын өзгерту (кредит төлемін 
басқару); 
9)
ШМЖС (Шотқа мониторинг жүргізу сервисі) қызметін көрсету; 
10)
АТТК-ны және/немесе Электрондық ақшаны сатып алу; 
11)
Мерзімді төлемдер сервисі. Мерзімді төлемдер сервисі – Кaspi.kz-те мерзімді төлемдерді жасауды 
автоматтандыруға арналған сервис. Операциялар Мерзімді төлемдер сервисінде белгіленген 
шоблондардың негізінде жасалады. Клиент VISA, MasterCard ХТЖ-ның, клиентпен жасалған шартқа сай 
басқа халықаралық төлем жүйелерінің Картасы арқылы бірінші Операцияны жүргізген күннен бастап 
және Кaspi.kz-те белгіленген әрекеттерді жасаған жағдайда Мерзімді төлемдер сервисін пайдаланады. 


12)
қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескеріп, ондағы тәртіппен Шоттарды ашу; 
13)
Электрондық ақшаларды шығару және өтеу; 
12) АТТК-ны қоспағанда, Карточкаларға тосқауыл қою/Тосқауылдан шығару; 
13) мультивалюталық қызмет көрсету;
14) интернет желісінде сатып алу үшін Карталарды іске қосу; 
15) интернет-ресурста төлемдер жасаған кезде шығыс Операцияларын жасау бойынша лимиттерді 
белгілеу;
16) Кредитті Онлайн алу; 
17) Картаны пайдаланып, Клиенттің ағымдағы банктік шоттары бойынша Операцияларды жүргізу үшін 
қолжетімділік беру. Клиенттің банктік шот бойынша төлем жасауы. 
18) Кредитті өтеу; 
19) Кaspi.kz-те айқындалған көлемде және тәртіппен Клиенттің сауалнамалық деректерін өзгерту; 
20) Электрондық ақшамен төлемдер жасау; 
21) Электрондық ақшаны өтеу; 
22) Электрондық төлемдік және ақпараттық банктік қызметтерге жататын өзге қызметтер. 
2. Кaspi.kz-те төлемдер мен аударымдар бойынша Клиенттің нұсқауларын Банк нұсқауды алған күннен 
кейінгі Операциялық күннен кешіктірмей орындайды, оған заңнамада және/немесе шарттарда 
белгіленген (нұсқау өзге мерзімдерде орындалуы тиіс болатын) жағдайлар қосылмайды. Банк нұсқау 
түскен Операциялық күннен кешіктірмей оны орындаудан бас тартады. 
3. Кaspi.kz-те қызметтерді алу үшін Клиент мынадай барлық талаптардың сақталуын: 
1) Клиенттің Кaspi.kz-те қызметтерді алу үшін техникалық құралының болуын; 
2) Клиенттің Банкке Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпаратты беруін; 
3) Клиенттің Тіркеу/ Аутентификациялау/Анықтау бойынша әрекеттерді және қызметтер көрсету үшін 
Шартта және Ережелерде көзделген қажетті өзге әрекеттерді жасауын; 
4) Мобильді қосымшаны пайдалану үшін Мобильді қосымшаны пайдалануға мүмкіндік беретін 
операциялық жүйесі мен интернетке қолжетімділігі бар мобильді телефонының немесе өзге құралының 
болуын қамтамасыз етеді. 
4. Кaspi.kz-тегі қызметтерге қолжетімділік келесі тәсілдермен: 
1)
Клиент Анықтау рәсімінен өткенде (электрондық банктік қызметтерді алу мақсатында ДСЖК-ні 
алғанда); 
2)
Клиент Тіркеу рәсімінен өткенде (электрондық банктік қызметтерді алу мақсатында Парольді 
алғанда) беріледі. 
5. Банк Кaspi.kz қызметтерін Жеке кабинет арқылы көрсетеді. Шартты (Ережелер оның ажырамас бөлігі 
болып табылады) жасасқан Клиенттерге жасасқан күні Жеке кабинет ашылады. 
6. Кaspi.kz-те Тіркелу немесе Анықтау, сондай-ақ Шартта, соның ішінде Ережелерде көзделген 
тәртіппен және жағдайларда нақты Қызметті көрсетуге нұсқау мен келісімді Банкке беру Клиентке 
Кaspi.kz арқылы қызметтер көрсетуге негіз болып табылады. 
7. Кaspi.kz-те Клиент Пароль бойынша не болмаса Клиенттің Банктен Телефон нөміріне алған ДСЖК-ні 
енгізу арқылы Аутентификацияланады. 
8. Тіркелу рәсімінен өткен Клиенттер, егер Кaspi.kz-тің сұратуы бойынша бір немесе бірнеше 
параметрлерді (Кaspi.kz анықтайды), атап айтқанда а) Пароль; б) төлем карточкасының нөмірін; в) 
кредит шартының нөмірін; г) банктік қызмет көрсету шартының нөмірін (банктік шот, банктік салым, 
сервис-пакет және өзге шарттар); д) Клиенттің Телефон нөмірін енгізген жағдайда, қолданыстағы 
кредиттер/депозиттер/транзакциялар/Шоттар бойынша қосымша ақпаратты және қосымша ақпараттық 
банктік қызметтерді алуға құқылы. 
9. Клиент Кaspi.kz-те тіркелген кезде бір мезгілде Кaspi.kz ішкі пошталық жүйесінде де тіркеледі. 
Клиентті Кaspi.kz пошталық жүйесінде тіркеген кезде Клиентке электрондық поштаның мекенжайы 
беріледі, мекенжай «@» символымен бөлінген екі бөліктен тұрады, оған қолжетімділік Жеке кабинет 
арқылы жүзеге асырылады. Мекенжайдың сол жақ бөлігі Клиент тіркелген телефон нөмірінен тұрады да, 
мекенжайдың оң жақ бөлігі «kaspi.kz» домендік атауы болады. Электрондық поштаның бұл мекенжайы 
тек Кaspi.kz жүйесінің оған хабарламалар жіберуі үшін пайдаланылуы мүмкін және ол Клиенттің басқа 
пошта жүйелерінде пайдалануына арналмаған, атап айтқанда, Клиент бұл мекенжайға электрондық 
хабарламалар жібере алмайды немесе басқа жүйелердің хабарламаларын осы мекенжайда қабылдай 
алмайды. 
10. Кaspi.kz пошталық жүйесі арқылы Клиентке жолданған хабарлар – Клиенттің жүргізілген Нұсқаулары 
туралы ақпарат, Клиентке арналған Банктің арнайы ұсыныстары, Шарттың талаптарына сай жолданатын 
хабарламалар мен өзге ақпарат. 
11. Кaspi.kz-тегі Клиенттің Логині – Клиенттің Телефон нөмірі. 
12. Кaspi.kz-те Анықтау мына талаптардың бірі немесе бірнешеуі болған жағдайда: 
1) төлемдер мен аударымдар бойынша тапсырманы орындау үшін үшінші тұлғалардан Банк алған 
мобильді телефон нөмірі Банкте болған кезде;
2) Клиент Телефон нөмірін Кaspi.kz-те, соның ішінде жүйенің сұратуы бойынша, сондай-ақ Мобильді 
қосымша арқылы көрсеткенде, жүзеге асырылады.
13. Парольді қалпына келтіру рәсімі Кaspi.kz-те айқындалатын әрекеттерге сай жүзеге асырылады 
(әрекеттердің реттілігін Банк өз қалауы бойынша айқындайды және Кaspi.kz-те Клиенттің назарына 
жеткізіледі). 


14. Кaspi.kz-те тіркеліп, Клиент Банкке Тіркеу, қызметтерді көрсету, Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтін қорғану әрекеттерінің элементтері қолдану арқылы шарттар бойынша 
құқықтар мен міндеттерді іске асыру үшін өзінің дербес, соның ішінде биометрикалық деректерін жинауға 
және өңдеуге, сондай-ақ Шартты орындау мақсатында Мобильді қосымшада орналастырылған Клиенттің 
бейнесін (фотосуретін) Банктің пайдалануына өз келісімін береді. 
15. 
Кaspi.kz-ті пайдалануға қойылатын шектеулер: 
Мына жағдайларда: 
1)
қызметті өшіру туралы Клиенттің өтініші болғанда (Кaspi.kz-те қызмет көрсету Клиенттің өшіру 
туралы жазбаша өтінішін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң тоқтатылады); 
2)
Кaspi.kz-те техникалық жұмыстар жүргізілгенде (Банк жұмыстар тоқтатылғанға дейін 15 минут бұрын 
Сайтқа бұл туралы хабарламаны орналастыру арқылы мұндай жұмыстар кезеңін хабарлайды); 
3)
оларға сәйкес қызметтерді көрсету тоқтатылатын немесе тоқтатыла тұратын Клиентпен жасалған 
шарттардың талаптары өзгергенде; 
4)
Клиентке қызметтер көрсетуді тоқтатқанға дейін күнтізбелік 1 күн бұрын онымен жасалған Шартты 
орындаудан біржақты тәртіппен бас тартатыны туралы хабарлағанда, Кaspi.kz-те қызметтерді көрсету 
тоқтатыла тұрады немесе тоқтатылады.
4-тарау. Әмиян 
1. Шарт бойынша қызметтерді алуы үшін Клиент барлық мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз 
етеді: 
1) Клиенттің Кaspi.kz-тің қызметтерін алуға және Әмиянға қолжетімділігін қамтамасыз етуге техникалық 
құралы бар; 
2) Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін Клиент Банкке ақпаратты берді және қажетті іс-әрекеттерді 
жасады; 
3) Клиент Анықтау/Тіркеу/Аутентификация бойынша қызметтерді көрсетуге және Жеке кабинетке 
қолжетімділікті алуға қажетті әрекеттерді жасады. 
2. Әмиянға банктік қызмет көрсетуге мыналар кіреді

1) Шоттар бойынша жүргізілген Операциялар туралы ақпаратты алу; 
2) ағымдағы баланс және Клиентке қолжетімді ақшаның жалпы сомасы, Қолжетімді қалдық туралы 
ақпарат (Шот бойынша Үзінді көшірмелер) алу; 
3) Электрондық төлем қызметтерін орындау; 
4) Ақпараттық банктік қызметтерді орындау; 
5) АТТК, Электрондық ақша сатып алу, АТТК балансын/Қолжетімді қалдықты есепке алу және АТТК-ге 
және төлем карточкасына байланысты Операциялар жөніндегі ақпаратты есепке алу; 
6) Банктің соның ішінде адалдық бағдарламасының аясында ұсынатын өзге төлемдік емес қызметтері 
жөнінде ақпарат алу.
3. 
Әмиянды: 
- Банкте ағымдағы және/немесе жинақ шоты бар/болған (Клиенттер), 
- Клиенттер олардың пайдасына банктік операциялар жүргізген және Банкте олар бойынша байланыс 
ақпараты бар, 
- Ережелерге және Шартқа сәйкес Кaspi.kz-те Анықтаудан және/немесе Тіркеуден өткен 
жеке тұлғалар 
пайдаланады
.
4. Әмиян Клиенттің банктік шоты емес. Әмиян Клиентке интернет желісі арқылы жеткізушілердің (ССК) 
қызметтерінің ақысын төлеу мақсатында, сондай-ақ Ережелерде көзделген электрондық банктік 
қызметтерді көрсету үшін ашылады. 
5. Әмияннан жеткізушілердің (ССК) қызметтерінің ақысын төлеу Сайтта орналастырылған «Kaspi Bank» 
АҚ алдын ала төленген төлем карточкасын шығару, тарату және оған қызмет көрсету ережелеріне сәйкес 
жүргізілуі мүмкін. 
6. Әмиян келесі тәсілдермен: 
1) Банктің Терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен; 
2) АТТК-ны және/немесе Электрондық ақшаны өткізу туралы шарттар жасалған Банктің серіктестерінің 
өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен; 
3) Клиенттің Банкте ашылған жинақ және/немесе ағымдағы шоттарынан Кaspi.kz-те ақша аудару арқылы 
қолма-қол ақшасыз төлеммен; 
4) 3-ші тұлғалардың тапсырмасымен ақшаны есепке жазу арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен; 
5) басқа екінші деңгейдегі банктер шығарған «Visa», «MasterCard» халықаралық төлем жүйесінің 
карточкаларынан Кaspi.kz-те ақша аудару арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен АТТК және/немесе 
Электрондық ақша сатып алу арқылы толықтырылады. 
7. Клиентте бірнеше АТТК бар болып, ол Операцияларды жүргізген жағдайда, Банк АТТК-мен 
көрсетілетін банктік төлем қызметтерін шығарылу кезектілігі тәртібімен көрсетеді (бірінші кезекте 
неғұрлым бұрын шығарылған күні бар АТТК пайдаланылады). 
8. Әмиянға қызметтер көрсетілген кезде АТТК-ны және/немесе Электрондық ақшаны қате сатып алған 
жағдайда, Клиент Банкке ақшаны Клиенттің Банкте ашылған ағымдағы шотына аудару туралы өтініш 
білдіреді не болмаса Кaspi.kz-тегі ақшаға билік ету әрекеттерін жасайды. 
9. Клиентке АТТК және/немесе Электрондық ақша арқылы қолжетімді ақша Банк кассасында қолма-қол 
ақша түрінде алынбайды. 


10. Клиент Кaspi.kz-те Анықтаудан/Тіркеуден өткеннен кейін Әмиянға қолжетімділік алады.
11. Әмиян арқылы көрсетілетін банктік қызметтер Банкпен банктік қызмет көрсету шарттарын, банк 
салымы шарттарын, банк қарызы шарттарын, төлем картасын шығару шарттарын және т.с.с. жасасқан 
және/немесе Кaspi.kz-те Анықтаудан/Тіркеуден өткен жеке тұлғаларға көрсетіледі. 
5-тарау. Мобильді қосымша 
1. Мобильді қосымша арқылы Кaspi.kz-те көзделген электрондық банктік қызметтер көрсетіледі. 
2. www.kaspi.kz сайты арқылы қолжетімді Kaspi.kz қызметтерінің тізбесі Мобильді қосымшада 
қолжетімді тізбеден өзгешеленуі мүмкін және оны Банк өз бетінше айқындайды. 
3. Мобильді қосымшада көрсетілетін қызметтер Мобильді қосымшаның техникалық мүмкіндіктеріне сай 
айқындалған және оларға электрондық банктік қызметтер (электрондық төлем қызметтері және 
ақпараттық қызметтер) кіреді. 
4. Клиент Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде Клиентке қызметтер көрсету барысында Мобильді 
қосымшада көрсетілген нұсқамаларды орындауға міндетті. 
5. Мобильді қосымша арқылы қызметтердің көрсетілу үшін Клиенттің APP Store, Google Play-да 
Мобильді қосымшаны жүктеуі, Мобильді қосымшаны орнатуы қажет. 
6. Мобильді қосымшаны пайдаланып көрсетілетін электрондық банктік қызметтер Android/IOS 
операциялық жүйесі бар құрылғыларды (телефондарды) пайдаланатын және Мобильді қосымшаны 
орнатқан Клиенттерге көрсетіледі. 
7. Клиент Мобильді қосымшаны өз бетінше орнатады. Егер Мобильді қосымша Клиенттің мобильді 
телефонымен/құрылғысымен үйлеспей, Клиентке қызметтерді көрсету мүмкін болмаған жағдайда, Банк 
жауапкершілік атқармайды. 
8. Клиент интернет желісінде 
https://kaspi.kz/Terms
мекенжайында орналасқан Пайдаланушының 
келісімімен танысуға міндетті. 
9. Мобильді қосымшаның жұмысын Мобильді қосымшада қамтылған нұсқаулықтарға сай аяқтау қажет. 
6-тарау. QR-код 
1. QR-код – Серіктесті және/немесе Клиентті сәйкестендіруге, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы 
Операцияға нұсқау беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін штрихты кодталған кодтарды пайдаланып, 
төлем жасауды және Операцияларды жүргізуді қамтамасыз ету технологиясы.
2. Тараптар Клиентті (сатып алушы) және/немесе Серіктесті (сатушыны) сәйкестендіру және 
Операцияны жүргізуді, соның ішінде Тауардың ақысын төлеуді қамтамасыз ету мақсатында QR-код 
технологиясын қолданады. Мобильді қосымшасын қолданып, QR-кодты сканерлеу Клиенттің (сатып 
алушының) Операцияны жүргізуге, соның ішінде Серіктеске ақша аударуға берген нұсқауы болып 
табылады. 
3. Операциялар жүргізілгеннен кейін, соның ішінде Тауар үшін ақша төлегенде немесе қайтарған кезде 
Банк Клиентке Операцияның сомасы көрсетілген Push-хабарлама не болмаса SMS-хабарлама жолдауы 
мүмкін.
4. Клиенттің QR-кодтың көмегімен Тауар үшін төлеген сомасы сәйкес келмеген кезде, Серіктес бұрын 
төленген соманы Клиентке қайтарады. Серіктес пен Клиенттің арасындағы соманы соңғысы Банктің 
қатысуынсыз өз бетінше реттейді. 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет