Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет61/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Шымкент  қаласы. 


57

www


.kazmektep.kz

Руханият

порт»  моллға  отбасымызбен  барған  болатынбыз.  Әдеттегідей 

құжынаған адамдар: бірі демалу үшін, бірі сауда жасау  үшін, әйтеуір, 

«ШЕШЕ  КӨРГЕН  ТОН  ПІШЕР» 

Ұлжан БӨКЕНТАЙҚЫЗЫ,

журналист

“А

өз  тіршілігімен  жүрген  халық.  Жас  баладан  қарт  адамға  дейін  барлығын 

кезіктіресіз.  «Жағдайы»    жасалған  моллдың  әлемі  өзіңді  өзге  елге    алып 

кеткендей  сезім  ұялатады.  Кіргеннен  шетелдің  әріптерімен  тізбектеліп 

жарнамаланған өзге ел кәсіпорындарының заттары. Ал оны жапа-тармағай 

алып жатқан жұрт. Айналаңа бір сәт қарап қазақтың төл өнімін іздесейсің. 

Тапқан күннің өзінде ілуде біреу ғана. Шетелдік «New Yorker», «Oggi», «Ин-

тертоп»,  «Вanna-banna»,  «Кari»-нен  көз  сүрінеді.  Оларға  айтар  уәжіміз  де 

жоқ, әрине. Сауда еркіндігі, таңдау еріктігі де «демократиялы» түрде. Мұнда 

тек төл өнім деңгейінің төмендігі жанға батады.

Кезінде көшпенді қазақ халқы бүкіл жабдығын өзі өндіріп, өз кәсібіне 

жаратқан. Әсіресе, қазақтың ісмер аналары үстіне киген киімінен бөлек үйдің 

қажетті барша жабдығын өз қолөнері арқылы түрлі бұйымдарды істеген. Киіз 

үйдің  сықырлауығынан  керегеге  керілген  киізге  дейін,  жерге  төселген  түс 

киізден төбегі түндікке дейін өзі тіккен. Әрбірін өрнектеп, бұйымына қарай 

түрлі  ою-өрнекпен  безендірген.  Ас  ішетін  ағаш  қасығынан  ердің  мінген 

ертоқымына дейін қолдан жасалғаны баршаға аян. Иә, бұл халық өнерінің 

құндылығы. Қазақтың қай шығармасын алсаңыз да, «он екі қанат» қонаққа 

тігілген  киіз  үйді  айтпағанның  өзінде,  көрпе-жастықтан  жасалған  жасауға 

дейін  сипаттап  суреттейді.    Көзге  түсер  көркемдігі  болғандықтан  жазыла-

ды  ғой!  Он  саусағынан  өнері    тамған  ісмер  аналарымыз  тұскілем,  алаша, 

тоқыма бұйымдарын керме, қаршын, дорба, қоржын, жержастықтарды түрлі 

өрнекпен сәндеген.Оның әрбіріне салынған суреттерде  өзіндік мән-мағына 

бар. Мәселен, көрпеге салынатын үшбұрыш құрағы: су, жер, ауа – ғаламның 

үш  белгісін  аңғартады.  Ал  бал  арасының  ұясы  негізінде  жасалған  «алты 

табақ» құрағы молшылық, берекелікті білдіретін болған. Жан-жануар бейнесі 

де ырымдалып салынған. Қыздың жасауына кіретін махаббат көрпесіне қос 

аққу  суретін  жібек  жіппен  кестелеген.  Бұл  аталғандардың  барлығы  дала 

заңдылығында дүниеге келген қазақтың ісмер өнері. 

Бүгінде бұл аталған бұйымдар қолданыстан сыртқары қалды. Ал ұлттық 

киім-кешекке  келер  болсақ,  оларды  шығаратын  «Сымбат»,  «Ерке-Нұр», 

«Әдемі-ай»,  «Еркем-ай»,  «Аябабани»,  «Жадо»  секілді  бірнеше  отандық 

сән-компаниялары  жұмыс  істейді.  Олардың  барлығы  да  Қазақстан  атынан 

халықаралық сән апталықтарына қатысып, қазақтың ұлттық киім үлгілерін 

және басқа да қолөнерінен туындаған бұйымдарды насихаттап жүр. Әсіресе, 

Фарида  Мерхамитқызының  бастауымен  құрылған  «Ерке-Нұр»  компаниясы 

нағыз ұлттық нақышта барлық затты шығарады. Он бес жылға жуық уақыт 

аралығында ұлттық киім-кешекті заманауи стильде ұлттық нақыштағы киім 

үлгілерін  насихаттап  келеді.Осы  компанияның  моделі  Айжан  есімді  қыз 

«Ерке-Нұр»-дың атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалайды: «Бұл компа-



нияда жұмыс істеп жатқаныма  4 жылдың жүзі болды. Мұнда қазақтың 

ұлттық киімдері, сондай-ақ заманауи нақыштағы қазақ киімдері тігіледі. 

Негізі  мақсаты    –  ұлттық  киім  үлгілерін  дамыту.  Ол  барлық  қарапайым 

адамға  тиімді  бағамен  де  сатылады.  Бұл  бүгінде  қазақстандық  бренд 


58

www


.kazmektep.kz

өнімдерінің  бірі  болып  саналады»  дейді.  Ал  қарапайым  халық  бұл  туралы 

сұрағанымызда, көбісі білмейді екен. Алматылықтар ғана болмаса, өзге елді-

мекенде танымалдылығы  көрінбейтін секілді.

Жастайынан ісмерлікпен айналысып жүрген Рыскүл апайымыз бүгінде 

мектеп  қабырғасында  оқушыларға  «Технология»  пәнінен  сабақ  береді. 

Тоқыма тоқу, кілемше кестелеу, киім үлгілерін жасау, бесирмен тоқу секілді 

қолөнерге  қатысты  бұйымдарды  жасайды.  Әжесінің  тәрбиесімен  өскен  ол  

бүгінде  отандық  өндіріс  киімдерінің  толыққанды  дамымағанын,  ұлттық 

қолөнер өндірісінің аздығын, ұлттық киімдерге сұраныс  жиі болмайтынын 

айтады.  «Бізде  киім  өндірісі  толық  дамымаған.  Базардан  алатынымыз: 



мына тұрған қырғыз бен қытайдың киімдері. Ұлттық киімдер тек жалда-

малы уақытқа қана керек», – деп  өз пікірін білдірді. Иә, расында да ұлттық 

киімдер  тек мерекелі күндер мен  айтулы той-думанда ғана киіледі. Алайда 

шүкіршілік те етейік, өйткені күні бүгін ұзатылған қыз да, некесін қидырған 

жас отау иелері де ұлттық киіммен, қыздар сәукеле тағып, ұлдар қазақы же-

кет киіп тойларын өткізуге айналды. Шағын кәсіппен айналысатын, өз күнін 

өз өнерімен көріп отырған Рыскүл апай секілді өнерлі адамдар өте көп халық 

арасында. Алайда оны өркендетіп дамыту, үлкен өндіріс айналымына енгізу 

қолдан келмес шаруа болып отыр.  

Үлкен  сауда  орталықтарының  бірі  Алматының  «Көк  базарына»  барған 

болатынбыз бірде. Мақсатымыз – саудагермен тілдесу болатын. Өкініштісі, 

сәтсіз  болды.  Алайда  бір  саудагер  апайымыз  өз  заттарын  Түркиядан  алып 

келетінін, оның сапасына кепілдік беретінін айтып мақтанып алды. Сөзіне 

сенсек, бұрын-соңды түрік жерінде де қытай тауарлары қаптап кетіп, түрік 

өндірісіне қолайсыздық тудырған екен. Қазір олар қытай өнімдерінен тазар-

тылып,  түріктің  өзіндік  отандық  өнімдері  сатылатынын  айтып,  сол  жақта 

туыстары  тұратынын әңгімелеп берді. Сөз соңына қарай біз өлшеп тұрған 

бағалы  жағалыны  алмайтынымызды  білгенде,  ренішін  білдіріп,  әңгімесі 

сап тыйылды. Бізде тайып тұрдық. Байқасақ, «Көк базарда» да, өзгесінде де  

Ресейдің таза алтыны, түріктің таза киімі, арабтың түскілемі, пекиндік өнім 

деген секілді сөздердің мыңын естідік. Осыдан-ақ пайымдай беріңіз. 

Тағы  бір  тілге  тиек  ететін  жайт,  ол    –  тәрбие.  Ұлттық  өнерге  баулып, 

жастайынан  ісмерлікке  тәрбиелеу  қазір  жиі  кездеседі  деп  айта  алмаймыз. 

«Әкесін  көріп  оқ  жонып,  шешесін  көріп  тон  пішкен»  жастар  да  көп  емес. 

Өйткені, алған тәрбие өзгеше. Екінің бірі тоқыма тоқып, киім пішіп, құрақ 

құрамайды.

Ұлттық  өнім,  ұлттық  киім  туралы  көпшілікке  сауал  тастағанымызда, 

барлығына дерлік басына бөрік тағып, үстіне қос етек қамажай көйлек пен 

шапан киген адам елестетеді екен. Басына тақия кигенге мынау діншіл адам ба 

деп үрке қарайтынын, шапанды тек діндар адам киеді деп ойлайтын адамдар 

қоғамда бар екеніне көз жеткіздік. Бұрынғы  кездері екі рудың елеулі ерлері 

мен билері бір-бірінің үйіне түссе тайын сойып, шапан жапқан. Ал бүгінде 

шапан қорапқа салынған қатқан кәмпит секілді қолдан-қолға көшетін киімге 

айналды. Бұл қазақ ұлтының ұлт ретінде өз құндылығынан үрке қарайтын 

қасіретті шағында тұрғанын аңғартады. Рас, кеңестік үстем тап заманында 

«наурыз мерекесін» дін мейрамы ретінде шошына қарайтын қиын кезеңінен 

арылдық.  Әйтсе  де,  соның  қалдықтарынан  құтылмағанымыз  аңғарылып 

тұр.  Тіл  де,  дін  де,  әдебиет  те  құлдырауды  бастан  өткеріп  жатқан  қазіргі 

біздің халық үшін алдағы өмір үшін расымен де қауіп зор. Орыс жазушысы 

Белинскийдің «Өнер –  қоғамдық күрестің құралы» деген сөзі ойға орала-

ды. Өнерді насихаттау, оны қоғам санасына сіңіру қоғамды белгілі бір арнаға 

бағыттайтын  құрал  секілді.  Әрқашанда  ұлттың  даралығы  оның  өнерімен, 

мәдениетімен айшықталмақ.  Ендеше  ұлттың  өзіне тән қолөнерінен қол үзіп 

қалмайық, ағайын!



59

www


.kazmektep.kz

алқымыз  «Қызға қырық үйден тыю», – деп босқа айтпаған. Неге десеңіз  

ер  балаға  қарағанда  қыз  бала  ерте  есейіп,  оның  бойында  еліктеушілік  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет