Каз Мектеп-10-2015. indd


 Ойында жеңу үшін қандай қасиет керек? 2



Pdf көрінісі
бет47/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

1. Ойында жеңу үшін қандай қасиет керек?

2. Жалпы адам бойындағы  қандай қасиетті бағалайсың?

1-сұрақ. “Дүниеге көзімді ашқан” деп Абай кімді айтқан?

а.  Долгополов;   

б. Михаэлис;

ә.  Леонтьев;  

 

в. Чернышевский.



2-сұрақ.  Абайды  әкесі  неше  жасында  оқудан  шығарып  алып,  ел  билеу 

ісіне араластырмақшы болды?

а. 10; 

б. 12;


ә. 11; 

в. 13.


3-сұрақ. Абайдың “Қарға мен бүркіт” кімнен аударған аудармасы?

а. Крылов;  

 

б. Пушкин;



ә. Лермонтов;  

 

в. Толстой.



4-сұрақ. Ақанның құмай тазысы қалай аталады?

а. Ақтөс;   

б. Жолбарыс;  

ә. Базарала;  

в. Көксерек. 

5-сұрақ. Абайдың қара сөзі нешеу?

а. 43; 


б. 45;

ә. 44; 


в. 46.

6-сұрақ. Ыбырайдың кімге жолдаған хатынан үзінді?

“Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп 

ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен 

балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім”.




43

www


.kazmektep.kz

а. Н.И. Ильминскийге;  б. Ф.Д. Соколовқа; 

ә. А.Мазохинге;   

в. Самойловичке.



7-сұрақ. Шоқан Омбыдағы кадет корпусын нешінші жылы бітіріп шықты?

а. 1817;   

б. 1819;

ә. 1818;   

в. 1820.

8-сұрақ.  “Бостандық  туы  жарқырап”,    “Бостандық  таңы  атты”  кімнің 

өлеңі?


а. Ыбырай;  

б. Шәкәрім; 

ә. Абай;    

в. Мағауия. 



9-сұрақ. Мына үзінді кімнің өлеңінен?

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген, 

Жәндіктің киік деген баласы бар.

а. Сәкен;    

б. Ілияс; 

ә. Мағжан;  

в. Бейімбет. 

10-сұрақ. Ғұламаһи Дауани есімі Абайдың қай өлеңінде кездеседі?

а. Әсемпаз болма әрнеге;         б. Жасымда ғылым бар деп ескермедім;

ә. Ғылым таппай мақтанба;     в. Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. 

11-сұрақ. Шоқан туралы мына ойды айтқан кім?

“Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды 

еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік... Жалпы жолдастарына, соның 

ішінде маған, ол еріксіз Еуропаға ашқан терезе сықылды болды”.

а. Потанин;  

 

б. Семенов Тянь-Шяньский;



ә. Достоевский;    

в. Ковалевский. 



12-сұрақ. Абайдың руы кім?

а. Керей;    

б. Тобықты;

ә. Найман;  

в. Қоңырат. 

13-сұрақ. “Балқадиша” кімнің әні?

а. Ақан сері; 

 

б. Әсет Найманбаев;



ә. Жаяу мұса; 

 

в. Үкілі Ыбырай.



14-сұрақ. Абай афоризмін аяқта.

“Әкесінің баласы – адамның дұшпаны,

Адамның баласы – ...” 

а. Жолдасың; 

б. Бауырың; 

ә. Туысың;  

в. Қолдаушың. 

15-сұрақ. Шоқан неше жасында қайтыс болды?

а. 27; 


б. 29;

ә. 28; 


в. 30.

III. Үштіктен іріктеу туры.

Абай өлеңін жатқа жалғастырып айт.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы...

Ойыншыдан сұхбат алу.

Абай өлеңге осындай талап қойса, өзіңе қандай талап қоясың?



1-сұрақ. “Қыпшақ Сейітқұл” кімнің әңгімесі?

а. Ыбырай;  

б. Бейімбет; 

ә. Сәкен;    

в. Абай. 

2-сұрақ. Абай өзінің алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялаған?

а. Ақылбай; 

б. Көкбай; 

ә. Мағауия;  

в. Әсет. 



44

www


.kazmektep.kz

3-сұрақ. Абай Лермонтовтан жалпы саны неше шығарма аударған?

а. 25; 


б. 27;

ә. 26; 


в. 28.

4-сұрақ.  Абайдың  “Жарқ  етпес  қара  көңілім  не  қылса  да”  өлеңі  кімге 

арналған? 

а. Тоғжанға; 

 

б. Еркежанға; 



ә. Әйгерімге;  

 

в. Ділдәға. 



5-сұрақ. Ыбырай 1887 жылы қай жерде қыздар мектебін ашады?

а. Қазалыда; 

б. Троицкіде; 

ә. Торғайда; 

в. Ырғызда. 

6-сұрақ. Шоқан өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын қай жылдары жаса-

ды?


а. 1856-1857; 

б. 1860-1861; 

ә. 1858-1859;  

в. 1862-1863. 



7 сұрақ. Абайдың нешінші қара сөзінен алынған?

“Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар-мінез  деген 

нәрселерменен  озады.  Одан  басқа  нәрселермен  оздым  ғой  демектің  бәрі  –

ақымақшылық”.

а. 15; 

б. 17;


ә. 16; 

в. 18.


8-сұрақ.  Өлең жолынан түсіп қалған сөзді тап:

“Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

... жалғыз алыстым, кінә қойма”.

а. Көппен;  

б. Жұртпен; 

ә.  Мыңмен;  

в. Бірмен. 

9-сұрақ. А.С. Пушкиннің “Дубровский”,  “Боран” повестерін қазақ тіліне 

аударған ақын кім?

а. Абай;   

б. Шәкәрім;  

ә. Мағауия;  

в. Ыбырай. 



10-сұрақ. Ақан серінің “Мылтық пен мергеншілік” өлеңін неше бөлімге 

бөлеміз?


а. 4; 

б. 2;


ә. 3; 

в. 1.


11-сұрақ. Еңбек туралы мына терең  ой  Ыбырайдың қай әңгімесінде ай-

тылады?


«Аз  жұмысты  қиынсынсаң,  көп  жұмысқа  тап  боларсың,  азға  қанағат 

етпесең, көптен  құр  қаларсың».

а. «Бай баласы мен жарлы баласы»;  

б. «Бақша ағаштары»; 

ә. «Талаптың пайдасы»;    

 

в. «Әке мен бала».



12-сұрақ. Мына өлең жолдары қай ақынның шығармасынан?

“Жер таппан жерге жетер, Жетісуым,

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым.

Асқардың аспан сүйген сілекейін 

Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын”?

а. Мағжан; 

б. Ілияс;  

ә. Абай;    

в. Сәкен. 

13-сұрақ. “Қанжар” Абайдың кімнен аударған аудармасы?

а. Лермонтов; 

б. Крылов; 

ә. Пушкин;  

в. Некрасов. 



45

www


.kazmektep.kz

14-сұрақ. Абай өзіне дейін болмаған неше тармақты өлеңді шығарды?

а. 15; 


б. 13;

ә. 14; 


в. 12.

15-сұрақ. Қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп 

5-ке бөлген кім?

а. Абай;    

б. Ахмет; 

ә. Ыбырай;  

в. Шоқан.

Ойын  өз  мәресіне  жеткен соң жеңімпаздар  марапатталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет