Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005


АЛЫСТАН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАРУ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178
sillabus madeniettanu (3), Н С аулар растырушы а а о ытушы М атаева С. А
1.3. 2. АЛЫСТАН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАРУ ТҮРЛЕРІ 
Жак, (садақ). 
Жақ — отты қару пайда болғанға дейінгі көшпелі ха-лықтардың атты әскеріндегі 
ең негізгі қарулардың бірі. Сондықтан ол — осы халықтардың бейнелеу өнері мен эпикалық 
шығармаларында көрнекті орын алған. 
49-сурет 


46 
Қазақ 
жағы 
— 
суреттерден, 
соғідай-ақ этнографиялық матери-алдардан 
коріп жүргеніміздей негізінен күрделі 
немесе қүрама-лы(12; 31; 32; 35; 43; 48; 76; 
101-суреттер) болып келеді. Сондай-ақ 
қарапайым жақтарды да кездестіруге 
болады (9; 24; 26; 41; 42 суреттер). 
Жақ — екі бөліктен түрады. Оның ату 
функциясын атқара-тын бөлігі — адырна 
деп, ал оқты тіреп қоятын жібі — кіріс деп 
аталады. Адырнаның өзі үш бөліктен — 
қолға үстайтын жері немесе ортасы — 
белден, иілген бөліктері — иіннен, кірісі 
байла-натын екі үшы бастан түрады. Оның 
белі мен басы қозғалмай-тын, қатты бөлігі 
де, ал иіні қозғалатын, серпінді бөлігі. 
Серпіні қатты болу үшін адырна-ны кері 
жаққа иеді. Адырнаның әр бөлігі әр түрлі 
ағаштардан 
қүралып 
жасалынып, 
сүйектер-мен қапталынып күшейтіледі. 
Мықты болу үшін қосылған жерлері 
тарамыспен тартылып, қайыспен буылады. 
Кірісі тарамыстан немесе жібек жіптен 
өріліп жасалынып, бір үшы адырнаның бір 
басына мықтап байлапса, ал екінші ұшы 
түзақ сияқты жасалынып екінші басына 
ілінеді. 
Жақты тарта білу (ату) кім-көрінгеннің қолынан келе бермейді. Оны — өнердің 
бір түрі деп есептесек, ал саха (якут) халқында ол — бір жастан екінші бір жасқа өтуді білдіреді. Оны 
осы халықтыц: "Бала, садақты үш рет ілсең (тартсаң), үлкен жігіт бола-сың," — деген мақалынан 
байқауға болады (Ястремский, 1929, 181 б.). Ал қазақтарда садақ ату кең тараған ең бір қызық 
ойындардың бірі. А. Левшиннің айтуынша қазақтар садақты тек жерде қозғалмай түрып атып қоймай, 
сондай-ақ аттың үстінде шауып келе жатып тарта білген. Кейбір мергендер алдынан жоғары карай 
лақтырылған қүлақшын мен жүзікті атып түсірген (Левшин, 1832, 120 б.). 
50-сурет 


49 
Ксйбір 
жазба 
деректерге 
карағанда, қазақтарда жақХІХ ғ. 60- 
жылдарының 
соңына 
қарай 
қолданудан шығып қал-ған (Зеланд, 
1885, 1—-78 бб.). 
Жебе 
(оқ). 
Суреттерде 
жебелер екі түрлі жағдайда берілген. 
Бірінде ол салт атты сарбаз 
қолындағы садақта және адырнасы 
тартылып, атылайын деп түрғаны 
жақта бейнеленсе (9; 12; 31; 32; 35; 
42; 
48; 
76; 
103-сурет-тер), 
екіншісінде 
қорамсаның 
ішінде 
берілген (9; 24а-су-реттер). Қазақ 
жебесі де басқа халықтардың 
жебелері сияқ-ты екі бөліктен, яғни 
қадала-тын бөлігі — жебе үшынан 
жоне жебе үшы бекітілетін болігі — 
саптан түрады. Жебе үшы негізінен 
темірден жаса-лынады, сондай-ақ 
сүйектен және мүйізден істелгендері 
де кездеседі. 
Қазақ жебелерінің үштары 
көне түрік доуірі тай-паларының 
жебелерінің үштары сияқты "екі 
қырлы", "үш қырлы", "төрт қырлы", 
"кобе бүзар", "қозы жауы-рын" жоие 
т.б. болып келеді. Ұшы "екі қырлы" 
болып келген жебе кобіне аң 
аулағанда 
қолданылса, 
"төрт 
қырлы", "сауыт бүзар" деп аталатын 
түрлерінің 
қандай 
мақсатта 
қолданылатыны жебе атынан-ақ 
коріпіп түр. 
52-сурет 


53-сурет 
Ал, жебенің "қозы жауырын" түрі қарсыласына ешқандай зақым келтірмей ат үстінен аударып түсіруге 
арналған (Валиханов, 1961, 466 б.). 
Жебенің сабы (бұлы) негізінде талдан, тобылғыдан, қамыстан, кейде май-ыспайтын қатты болу 
үшін қайың ағашынан жонылып та жасалынады. Жебе ағашының соңына әдетте қүс қауырсындары 
бекітіліп оның дүрыс үшуын қам-тамасыз етеді. Құс қауырсыны дегенде де кез келген құстың 
қауырсыны қол-даныла бермейді. Оған тек "күшегеннің қойлық жүні" мен "тазқараның тайлақ жүні" 
ғана жарамды болып келеді (Валиханов, 1961, 466 б). 
Қорамса (қорамсақ). 
Қорамса — сонау көне замандардағы жақ пен жебені салып алып жүретін 
қап — гориттің және одан кейінгі кезеңдердегі қайыңның қабығынан түбі кеңдеу, ауыз жағы тарлау 
болып жасалған конус іспетті жебе қабы — "қалшынның" орнына келген ортағасырлық және "жаңа" 
замандағы сарбаздың жебелерді сақтап, алып жүруге арналған керек-жарағы (9; 12; 17; 24а; 26; 31;
41; 42-суреттер). 
Суреттерде және мұражай коллекцияларында кездесетін қазақ қорамсағы-ның түп жағы 
домаланып немесе сүйірленіп біткен, ал ауызы — кеңдеу болып келеді. Сондай-ақ түбі мен басы 
төртбүрышты болып келгені де кездеседі. Ол негізінде теріден, көннен және матадан жалпақ болып 
істелініп, сыртына әртүрлі ою-өрнектер салынады, кейбірде алтын, күміс жапсырма әшекейлермен 
безендірілетін болған. 
Бейнелеу өнері материалдарында қорамсаның кейбір үлгілері екі қалталы бо-лып келсе, ал 
кейбірінің сырт жағының орта тұсынан ойықтар ойылған (Ахметжа-нов, 1996, 18-сурет, 1—5). 
Бұлардың екеуі де қызметі әртүрлі жебелерді бөлек-бөлек салып алып жүру үшін арналған. 
Қазақ қорымсағының алдыңғы немесе ауыз жағында қайыстан істелген екі бау болады. Осы 
баулар арқылы ол кісеге немесе арнайы жасалған садақбауға (26; 31; 41-суреттер) ауызы кейде артқа, 
кейде алға қаратылып оң жақтан тағылады. 
Садаққап. 
Жақты салып алып жүретін қапты қазақтар садаққап деп атайды. Былғарыдан немесе 
көннен істелген қазақ садакқабының түбі — сүйірлеу, ал ауыз жағы — кендеу болып келеді, яғни иілген 
жақтың формасын қайталайды (49-сурет). Сырты қорамсаның сырты сияқты әртүрлі ою-өрнектермен, 
металл әшекейлермен безендірілген, ол кісеге немесе садақбаута сол жақтан тағылады. 
Мылтық 
(білтелі мылтық шиті мылтық). "Кару жыйсаң — мылтық жый, сүйен-сең — таяғың, 
жесең — тамағың" демекші суреттерде көп кездесетін карудьщ бірі садақтың орнына келген "сирақты" 
мылтық Ол сарбаздың негізгі қаруы ретінде көбіне аң аулау сәтінде және үрыс майданында 
бейнеленген (1; 2; 3; 10-суреттер). Сондай-ақ оның бейнесін аң аулап жүрген кәсіпқой аңшының 
қолынан (55; 65-67; 71; 74; 75-суреттер), жартастардан (50-сурет), сағанатамдар мен сағаналардың 
қабырғаларына (34; 35; 42; 48; 83-суреттер), қошқартас (101-сурет) пен құлпытастарға (16; 26; 31; 


51 


53-сурет 
32; 38; 41; 76-суреттер) және антропоморфты мүсіннің кеудесіне (24-сурет) қашалып салынған 
кару-жарақ түрлерінің арасынан да кездестіруге болады. 
Қазақ мылтығы басқа да қару түрлері сияқты бірнеше боліктерден: иыкқа тірейтін бөлігі — 
дүмнен, оқ салатын бөлігі — оқпаннан (оқпанның қуыс тесігі — үңғысы, оқ шығатын жері — ауызы деп 
аталынса, ал ауызының жоғарғы жағында қарауылы болады), оқпанды үстап түратын болігі — 
қүндақтан (құндаққа оқпан темір қүрсаулар арқылы бекітіледі), оттықтан (оттық — от беретін бөлшек 
қүлақ-тан және оны қозғайтын тетік серіппеден (шүріппеден) түрады) және мылтықты атқан кезде 
қозғалтпай үстап тұратын сирақтан (сирақ қүндакқа темір шеге арқылы бекітіледі) түрады 
(Ахметжанов, 1997, 64 б.). Осылардың ішінде дүмі, қүндағы жоне сирағы ағаштан істелінсе, ал қалған 
бөліктері темірден жасалына-ды. 
Қазақтың көне мылтықтарының бірі — білтелі мылтық. Оның бүлай аталуы-ның себебі: 
"Мылтықтың оғы от алмас 
Құлақтан дәрі түтанбай", — дегендей (Хан Кене..., 1993, 31 б.) бұл 
мылтық түрі оқпандағы дәрі тұтанбай атыл-майды. Дәрінің тұтануы қүлакқа орналасқан шақпақтан от 
алған білте (мылтықтың дүмінде білте салып қоятын қалтасы болады) арқылы іске асырылады. Ал 
түтанған дәрі оқпандағы оқтың ұшуын қамтамасыз етеді. Сондықтан халық оны білтелі мыл-тық деп 
атаған. Ауыз одебиетімізге және жазба деректерге сүйенсек, қазақ мылтығының бірнеше түрлері 
болған. Мәселен, ауыз әдебиетімізде оқпанының қырының санына байланысты — "алты қырлы ақ 
берен", қүрсауының санына байланысты — "он екі қүрсау айыр", түсіне байланысты — "қара мылтық" 
деген түрлері көптеп кездессе, ал жазба деректерде қазақ мылтығының дені "самқал", "көз кеш" (дәл 
тигіш) және "Қүлдыр-Мамай" (алысқа ататын Мамай мылтығы) болып келеді (Валиханов, 1961, 466 б.). 
Қазақтар мылтықты жеті қазынаның біріне жатқызып, қастерлеп, коз тимесін деп түмар байлаған 
(50-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет