Казахский язык класс 9 рус



Дата24.05.2017
өлшемі110,99 Kb.
#16892
Казахский язык класс 9 рус

1_

Ырықсыз етіс



A) Айтылды

B) Бөлісті

C) Жуынды

D) Айтқызды

E) Оқытты

2_

Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Алғысын жаудырды.

B) Қасиетті туған жерді көркейт.

C) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.

D) Жиналыс өткізілді.

E) Тайынбаған тауды жығады.

3_

Ырықсыз етістің орыс тіліндегі аудармасын анықтаңыз.



A) Возвратыный залог.

B) Понудительный залог.

C) Страдательный залог.

D) Взаимно-совместный залог.

E) Взаимно- возвратынй залог.

4_

Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Суға қарап таранды.

B) Енді ғана сезгендей болды.

C) Ол өз ойын Айбала арқылы сездірді.

D) Олжабек ойланып қалды.

E) Ыдыс жуылды, үй жиналды.

5_

Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді анықтаңыз.



A) Үшеуіңмен сабақтан соң сөйлесерміз.

B) Сол күні бұл үйдің есігіне құлып салынған.

C) Бөлмеге жас есепші келіншек кірген.

D) Сұрқай тартқан бұлыңғыр аспан.

E) Нақтылы есебін көрсетіңізші.

6_

Ырықсыз етістің анықтамасын табыңыз.



A) Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен

істелетіндігі көрінеді.

B) Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болады.

C) Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын

білдіреді.

D) Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі өзі емес, екінші бір басқа

субъект арқылы істелінеді.

E) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз жұрнақтары арқылы жасалады.

7_

Ортақ етіс жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.



A) Терезе тазаланды.

B) Шашын тарады.

C) Үй салынды.

D) Олар сөйлесті.

E) Су құйылды.

8_

Ортақ етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Жанар шапшаң киінді.

B) Біз кітап оқығалы кітапханаға барамыз.

C) Ертең бәріміз киноға барамыз.

D) Жиналыс кеше өткізілді.

E) Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.

9_

Ортақ етістен жасалған есім сөзді көрсетіңіз. 



A) Мен ол айтысты көрген жоқпын.

B) Атасы бәрін түсінді.

C) Ол күнде ерте тұратын.

D) Сұрақ қиын болмады.

E) Ертең ол Қарқаралыға барады.

10_


Баяндауышы ортақ етістен жасалған сөйлемді анықтаңыз.

A) Батырлардың есімі ел есінде.

B) Бағасын күнделігіне қойғызды.

C) Жиренше қаңбақпен сөйлесті.

D) Ләззат хат жазып отыр.

E) Бала кереуетте ұйықтап жатыр.

11_

Ортақ етісті зат есімі бар сөйлемді анықтаңыз.



A) Олар айтысқа қатысты.

B) Есіктің алдында бір-екі ағаш өсіп тұр.

C) Ұстаз болу үшін білім керек.

D) Нұрболат жақсы бала еді.

E) Оқу – инемен құдық қазғандай.

12_


Көп нүктенің орнына керекті ортақ етіс формасын анықтаңыз.

Кітапханашыға жаңа түскен кітаптарды ... .

A) Жинады.

B) Жинадым.

C) Жинады.

D) Жинастық.

E) Жинау.

13_

Ортақ етісті сөз тіркесін табыңыз.



A) Ұзақ әңгімелестік.

B) Ертең келеді

C) Шашын тарады.

D) Бетін жуды.

E) Сабақ басталды.

14_


Бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Өз досының қадір-қасиетін бағалайды.

B) Жақсы жолдас табу қиын.

C) Дос, жолдас - аса қымбатты адамдар.

D) Ертең күн жылы болады.

E) Бүгін киноға барайық.

15_

Бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді табыңыз.



A) Ол ауылға барып келді.

B) Кешке әкем жұмысқа барады.

C) Оның мақаласы жарық көрді.

D) Мен биыл мектепті бітіремін.

E) Ол шағырманы жазсын.

16_


Бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді табыңыз .

A) Қар қалың жауыпты.

B) Сыныпта үздік оқитын оқушылар көп.

C) Мен қалаға ертең барамын.

D) Ол үйіне барып келді.

E) Бұдан былай сабақтан қалма.

17_

ІІІ жақтағы бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді анықтаңыз.



A) Сен ертең кітапханаға бар.

B) Кешке алтыбақан құрайық.

C) Сіздер шығарманы талдаңыздар.

D) Ол тапсырманы толық орындасын.

E) Ол кітап оқиды.

18_


Бұйрық рай анықтамасын табыңыз.

A) Іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді.

B) Іс-қимылдың орындалу орындалмау шартын білдіреді.

C) Қалау, тілекті білдіреді.

D) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.

E) Бұйрықты талап етуді, өтінішті білдіреді.

19_

Бастауышы негізгі сын есімнен болған сөйлемді белгілеңіз.



A) Көгілдір аспанда бозторғай ән салады.

B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

C) Өнерлі бала сүйкімді.

D) Жанар әнді жақсы айтады.

E) Сыпайы сырын сақтар.

20_


Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.

A) Қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады.

B) Оның жақсы көретін шығармалары көп.

C) Үлкендер сапарға аттанды.

D) Бүгін ауа райы суық.

E) Ағамның жүйрік тазысы бар.

21_

Күрделі сын есімі бар сөйлемді белгілеңіз.



A) Сен одан үлкенсің.

B) Ол домбырада шебер ойнайды.

C) Арман бүгін көңілді жүр.

D) Алыс-жақын түгел жиналды.

E) Досыңа адал бол.

22_


Күрделі етістігі бар сөйлемді табыңыз.

A) Мен қалаға ертең бармақпын.

B) Ол сабақтан кешікті.

C) Арман ғарышкер болмақ.

D) Оқушылар сыныпта отыр.

E) Ол ағасына жауап бере алмады.

23_

Күрделі етістік бар сөйлемді анықтаңыз.



A) Ұлжан отыз шақты кісімен келді.

B) Арада біраз уақыт өтті.

C) Сен ертең мектепке ерте кел.

D) Біз қалаға бара жатырмыз.

E) Бәріміз, шынында, жас едік.

24_


Күрделі сөз бар сөйлемді белгілеңіз.

A) Оның інісі педколледжде оқиды.

B) Құжаттарды дұрыс толтыру керек.

C) Cабақ ерте басталды.

D) Балам, сен әжеңе көмектес.

E) Біз көрмеге бардық.

25_

Күрделі сөздің анықтамасын көрсетіңіз.



A) Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

B) Заттың санын, ретін білдіреді.

C) Заттардың жекелеген атауы.

D) Бір түбірден тұратын сөздер.

E) Кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер.

26_


Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда, түбірі өзгеретін етістікті табыңыз.

A) Тұр.


B) Табу

C) Бұра.


D) Көр.

E) Сат.


27_

Сөйлемдегі етістің түрін анықтаңыз.



Тамаққа кезекке тұрып, тапсырыс берілді.

A) Ортақ.

B) Өзгелік.

C) Өздік.

D) Ырықсыз.

E) Көсемше.

28_

Ырықсыз етісі бар сөйлемді табыңыз.



A) Ерте тұрып жуынды.

B) Олар бір-бірімен хат жазысты.

C) Сырттан ешбір дыбыс естілмеді.

D) Гүлге су құйысты.

E) Туған күніне сыйлатқыз.

29_


Ырықсыз етісі бар сөйлем

A) Жыл бойы көптеген бақылау жұмыстары жүргізілді.

B) Мен досыммен хат жазыстым.

C) Жеңгем дәрігермен сөйлесті.

D) Қонақтар үйде отырып әңгімелесті.

E) Кітапханашыға кітаптарды жинастық.

30_

Ырықсыз етісі бар сөйлем



A) Әке-шешем кеше ақылдасты.

B) Қонақтар көп әңгімелесті.

C) Көршіміз жер телімі жұмыстарымен жүр.

D) Досымыздың жоғалған итін іздестік.

E) Отаншылдық қасиет өз үйіңнен басталады.

31_


Ырықсыз етісі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Мен Отаныма көп пайда келтіремін.

B) Бүгінгі ойындардың бәрі көңілді өткізді.

C) Ұлжан ананың тәрбиесін үлгі етіп көрсеткен.

D) Жоспар толығымен орындалды.

E) Ағасы інісіне көмектесті.

32_

Берілген мысалдардағы етіс түрін табыңыз.



Көтеріс, күтіс.

A) Тұйық


B) Ырықсыз.

C) Өздік.

D) Өзгелік.

E) Ортақ.

33_

Ортақ етісі бар сөйлемді табыңыз.



A) Сүт берілді.

B) Анасымен бірге бәліштер дайындасты.

C) Сабаққа бір күн дайындалды.

D) Ағасы үйді жинатты.

E) Әкесі малақай алдыртты.

34_


«Бармайын» етістігінің сөз құрамы

A) Түбір сөз, етістіктің болымсыз түрі мен бұйрық рай жұрнақтары.

B) Түбір сөз, тәуелдік жалғауы мен бұйрық рай қосымшасы.

C) Түбір сөз, етістіктің болымсыз түрі мен шартты рай жұрнақтары.

D) Түбір сөз, етістіктің болымсыз түрі мен ашық рай жұрнақтары.

E) Түбір сөз, етістіктің болымсыз түрі мен қалау рай жұрнақтары.

35_

«Көрмесін» етістігінің сөз құрамы



A) Түбір, етістіктің болымсыз түрі, бұйрық рай, І жақ.

B) Түбір, етістіктің болымсыз түрі, бұйрық рай, ІІ жақ.

C) Түбір, етістіктің болымсыз түрі, бұйрық рай, ІІІ жақ.

D) Түбір, етістіктің болымсыз түрі, ашық рай, І жақ.

E) Түбір, етістіктің болымсыз түрі, қалау рай, ІІІ жақ.

36_


Бұйрық райдағы сөйлемді табыңыз.

A) Дияр бүгін келсе, ертең кітапханаға барады.

B) Диярдың кітапханаға барғысы келді.

C) Ағам қаладан келу керек.

D) Көшеге ағаштар егілсін.

E) Бір күні Алдаркөсені кездестірді.

37_

Бұйрық райдың болымсыз түріндегі етістікті анықтаңыз.



A) Естіген жоқ.

B) Қарап отыр.

C) Ойнағысы келді.

D) Бармаңдар.

E) Қалайды.

38_


Бұйрық райда етістіктің болымсыз түрінде берілген сөйлемді анықтаңыз.

A) Досы көпті жау алмайды.

B) Бір әйел базардан шаршап келеді.

C) Осы демалыста үйге келмесін.

D) Кенже қызына барғысы келмеді.

E) Бәрінен де сені жақсы көремін.

39_

Сөйлемдерден бұйрық райдағы етістікті анықтаңыз.



A) Анам – ағылшын тілінің мұғалімі.

B) Өткен күннен белгі жоқ.

C) Бата жақсы тілек білдіру үшін беріледі.

D) Аят, анасының тілін алсын.

E) Отбасында бала тәрбиесіне мән беріледі.

40_


Берілген сөйлемнен туынды сын есімді анықтаңыз.

Гауһар әдемі, гүлді көйлек сатты.

A) Гауһар.

B) Әдемі.

C) Гүлді.

D) Көйлек.

E) Сатты.

41_

Сөйлемдегі сын есімнің мағыналық түрін анықтаңыз.



Әжем жұмсақ нан жейді.

A) Негізгі

B) Күрделі

C) Туынды

D) Сапалық

E) Дара


42_

Сөйлемдегі туынды сөздің сөз табын анықтаңыз.



Көшеге жасанды шыршалар орнатылды.

A) Зат есім.

B) Сан есім.

C) Үстеу.

D) Сын есім

E) Есімдік.

43_

Тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімді анықтаңыз.



A) Қап-қара.

B) Қара торы.

C) Ұялшақ.

D) Аспалы.

E) Таусыз.

44_


Қайталама қос сөзді анықтаңыз.

A) Ата-анаңмен сөйлес.

B) Көре-көре көсем болу.

C) Алды-артына қарамау.

D) Мақал-мәтел жаттау.

E) Азық-түлік сатып алу.

45_

Сөйлемдегі күрделі сөздің түрін табыңыз.



Менің ағам ҚазҰУ-да оқиды.

A) Қысқарған сөз.

B) Түбір сөз.

C) Қос сөз.

D) Тіркескен сөздер.

E) Біріккен сөз.

46_

Сөйлемдегі күрделі сөздердің түрін анықтаңыз.



Қызылорда ХІХ ғасырдың ортасында «Ақмешіт» бекінісі деп аталады.

A) Қос сөз, қысқарған сөз

B) Тіркескен сөз, қос сөз

C) Қысқарған сөз, біріккен сөз



D) Біріккен сөз, тіркесті сөз

E) Қос сөз, біріккен сөз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет