аталатын әлдеқайда ұзын ми іші каналы арқылы
жүргізу функциялық маңызды бөліктері орналасқан қысқа жолмен
жасаудан өте тиімді.
Сурет 31. Ми іші ісіктерін алуда мынадай әдістерді
пайдаланады
1. Функциялық маңызы аз бөліктері бар жерде ісік үстінде ми
қабын кесіп, шпательдермен ми ақ затын айырады, ал ісік ұлпасын
біртіндеп ми қасығы, электрлік ілгек немесе "тістеуік"
құралдардың көмегімен айналадағы ми ұлпасы көрінгенше тістеп
130
алып тастайды. Ісік аралығының затын және ісіктің жұмсақ
бөліктерін сорып алады. Шпательмен және сорғыш ұшының
көмегімен ісікті алу кезінде ми ұлпасының шекарасында келгіруге
тырысады. Сол кезде ісікке келетін тамырларды, қан бөгет жасамау
үшін, коагуляциялайды және қысып бекітеді. Ісікті толық алып
тастауға тырысады, бірақ инфильтрациялы өсетін (әсіресе қатерлі)
ісіктерді, егер олар тереңге кетсе, оның ішінде қарынша жүйесінің
өзіне, онда жартылай алып тастаумен ғана қанағаттанады.
2. Егер мидың маңдай, желке немесе самай бөліктерінің
полюстерінде аз көлемді инфильтрациялы өсетін ісік болса, онда
ісікті жан-жағындағы ми мен ми бөлігінің полюсін резекция жасау
арқылы толық алып тастайды. Ми іші инфильтрациялы ісікті
көбінесе толық алу мүмкін емес, бірақ оны субтоталды түрде алу
жиі болады. Жарты шардың шығыңқы жағына шыққан ісікті және
ақ затқа аздап енген түрін толық алғанда жеңілдейді. айта кету
керек, жәй және қатерлі ми іші ісіктерін барлық ұлпамен, егер ол
ісікке ұқсаса, онда толық алуға тырысады, яғни ісікті субтоталды
жолмен алуды жүргізеді.
Инфильтрациялы өсу көбінесе ісікті толық алып тастау деген
сенімге негіз болғызбайды.
Глиалдық ісіктерді емдеу әдістерін комбинациялы жолмен
жүргізу операциядан кейін негіз болады. Бұл ісіктердің аз бөлігін
алып тастау – егер ол мидың анық лабираған кезде
декомирессиямен қатар болса, онда тиімсіз әрі аурудың ауыр
жағдайына және ота жүргізуге байланысты амалсыз тактика болып
есептелгендіктен, ылғида аздап жеңілдік береді. Кейде хирург
толық алып тастайды деген сезімде болғанмен, операцияның
арқырғы корытындысы ісіктің әрі қарай екендігін көрсетеді. Ми
іші ісігі болуға байланысты үлкен жарты шарды түгелдей алып
тастайды деген мәлімет кейбір әдебиеттерде бар. Бұл ота
техникалық өте қиын және ауруды толық мүгедектікке түсіреді,
сондықтан ол ота қолданылмайды.
131
Достарыңызбен бөлісу: |