180
Ісіктер жұлынға улы және ишемиялық әсер беруі мүмкін. Егер
жұлынның компрессиясы механикалық сипатта болса, онда оны
жойғанда функциясы қайта қалпына келеді. Омыртқа денесіндегі
қатерсіз ісікті алу қиын және сирек орындалады. Егер трансдуралы
жолмен артынан алуға ұмтылсақ (жұлынды ығыстырғаннан соң
және вентральды бетінен жұлынның қатты қабығын кескеннен соң),
онда жұлынға зақым келіп, қайтымсыз әрдіске ұшырайды. [43]
Омыртқа денесіндегі ісікті алу үшін, омыртқа алдына шығу
керек, дәл остеохондроздағыдай спондилезге ота жасағандағыдай.
Ісікті алып жатып артқы көлденең байламнан асып кетпеу керек.
Өйткені жұлынның вентральды бөлігіне зақым тигізілуі мүмкін.
Омыртқа денесінде үлкен ақау болғанда және омыртқа аралық
буынның дұрыс болмауы ауто немесе аллотрансплантатты қолдана
отырып, алдыңғы спондилез отасы жасалады. Омыртқа
ісіктеріндегі түбірдің анықталуы мынадай себептерден болуы
мүмкін:
А) Ісік омыртқа аралық тесікке өсіп, одан шығатын
түбіршекті қысуы мүмкін.
Б) Сегізкөз бөлігіндегі қатерлі және қатерсіз ісіктер омыртқа
аралық тесікке өсіп, ат құйрығы түбіршектерінің компрессиясын
тудырады.
Ісіктер бір немесе екі омыртқа аралық тесікке өссе
интрадуральды
кесу
эффективті
болады.
Онда
артқы
түбершектерді кесіп, олардың қатты ауырсынуын жояды. Негізгі
отаның тиімділігі кесуге арналған түбіршектерді дұрыс табу. Ат
құйрығының жоғарғы ортаңғы бөлігіндегі компрессияны жояды.
Егер де сегізкөз бөлігінде қатерлі ісіктен қатты түбіршек
ауырсынуы болса, онда спиртті жұлын каналына жібереді немесе
спиноталамустық жолды кеседі. Кейбір кезде омыртқа ісіктеріне
сәулелік терапия тағайындалады. Ол да қанағаттанарлық нәтиже
береді.
Достарыңызбен бөлісу: