Палеонтологиясы. Diplopoda класс тармағы өкілдерінің хитинді кутикуласы ізбестке бай болғандықтан кейбіреулері қазба түріңде сақталып қалған. Мысалы, Arcidesmus силур, девон, Euphoberia, Amynilispes тас көмір кезеңінің қалдықтары. Euphoberia туысының өкілдерінде күрделі көздері, жүру және жүзгіш аяқтары, денесінде тақта тәрізді желбезектері болған, соған қарағанда көпаяқтылар теңізде де тіршілік еткен болар деп болжамдайды.
Ертедегі ерінаяқтылар, мысалы, Eoscolopendridae және Gerascutigeridae тұқымдастарының өкілдері жоғарғы тас көмір қабаттарынан табылған. Қазіргі кезде кездесетін Cermantia, Scolopendra, Lithobius, Geophilus туыстастары кайнозой эрасының олигоцен дәуірінен табылған.