Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет37/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
Ферменттердің құрылысы

Құралысы жағынан ферменттер жай ферменттер (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) болып бөлінеді.


Бір компонентті ферменттер

Жай белоктар тәрізді құралады, бірақ оларға қарағанда ферменттерде активті орталық болады. Активті орталық ферменттің каталитикалық активтілігін қамтамасыз етеді. Бір компенентті ферменттерге асқазан ішек жолының ферменттерінің барлығы дерлік жатады.




Ферменттің активті орталығының құрылысы

Активті орталық — бұл ферменттің субстратпен әрекеттесетін аймағы. Активті орталық амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Активті орталық екі аймақтан тұрады: а) субстраттық аймақ , ферменттің субстраттық арнайлығына жауапты және субстратпен байланысады; б) каталитикалық аймақ, субстраттың химиялық жаңаруына жауапты, ол әсер ету арнайлығына жауапты.


Ферменттің аллостерикалық орталығы

Кейбір ферменттерде активті орталықтан басқа аллостерикалық орталық болады, ол орталық ферменттің активті орталығының қызметін реттейді. Аллостерикалық орталыққа эффекторлар әсер еткен кезде активті орталықтың конформациясы өзгереді. Аллостерикалық орталық бірнеше суббірліктен тұратын ферменттерде болады.




Екікомпонентті ферменттер

Екікомпонентті ферменттер (холоферменттер) белоктық бөліктен (апофермент) және белоксіз бөліктен (кофермент) тұрады. Кейбір ферменттерде апофермент пен кофермент мықты байланысқан және осы байланыс үзілгенде фермент бүлінеді. Бірақ бұл байланыс әлсіз болатын ферменттер де бар. Апофермент субстраттық арнайылыққа жауапты, кофермент әсер ету арнайлығына жауапты, реакцияның түрін анықтайды. Кофермент рөлін әртүрлі витаминдер мен металдар (темір, мыс) атқарады.




Фермент құрамындағы металдардың рөлі:
1) Коферментті – металл фермент жүргізетін реакцияға міндетті түрде қатысады. Мысалы: цитохромдар құрамындағы темір коферменттің негізгі бөлігі болып табылады және электрондарды тасымалдайды.
2) Кофакторлы – фермент құрамына кіреді, сонымен қатар апофермент пен коферментті байланыстырады. Мысалы: пиридинферментте бұл ферменттердің апоферменті мен коферментін байланыстыруда мырыш иондары қатысады.
Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар


1. Жай ферменттер болып келеді
1) белоктар
2) олигопептидтер
3) липидтер
4) көмірсулар
5) амин қышқылдары


2. күрделі ФЕРМЕНТТЕР
1) амин қышқылы және липидтерден;
2) амин қышқылы және көмірсулардан;
3) фосфолипидтерден;
4) полисахаридтерден;
5) белоктар және белок емес бөліктерден
құралады


3. Активті орталық – бұл
1) альфа- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелігі;
2) минералды қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелігі;
3) бетта- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелілігі;
4) гамма- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелілігі;
5) гирокси қышқыл қалдықтарының бірейгей жүйелілігі
6) карбон қышқылы қалдықтарының бірегей жүйелілігі.


4. Субстратпен комплементарлы байланысты қамтамасыз ететін, фермент молекуласындағы амин қышқылы қалдықтарының бірегей жүйелілігі аталады.
1) активті орталық
2) аллостерикалық орталық
3) молекулярлы орталық
4) кофактор
5) кофермент


5. Ферменттің полипептидтік бөліГі:
1) апофермент
2) изофермент
3) кофермент
4) холофермент
5) простетикалық топ


6. Ферменттің белоксыз бөліГі
1) апофермент
2) изофермент
3) кофермент
4) холофермент
5) мультифермент


7. Кофермент – бұл
1) күрделі ферменттің тез бөлінетін белоктық бөлігі
2) күрделі ферменттің бөлінбейтін белоксыз бөлігі
3) күрделі ферменттің белоктық бөлігі
4) жай ферменттің белоксыз бөлігі
5) күрделі ферменттің тұрақсыз байланысқан белоксыз бөлігі


8. Қандай да бір төмен молекулалық затпен байланысқанда фермент активтілігі өзгеретін ферменттің орталығы
1) каталитикалық
2) аллостерикалық
3) субстраттық
4) активті


9. Металдардың ферменттегі рөлі
1) коферменттік
2) апоферменттің құрамына кіреді
3) апофермент пен коферментті байланыстырады
4) аллостерикалық орталықтың құрамына кіреді
5) кофакторлық


Толықтырыңыз :


10. Ферменттік каталИЗДЕ ДЕ, СУБСТРАТТЫ ДА қосып алуға жауапты фермент молекуласының аймағы - __________________________

11. Активті орталықтан алыстаған реттеушІ орталық -______________________



3 квантталған мәтін тест тапсырмасымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет