болмайды”. “Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесім
типімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ,
оның қызметін үндесім заңы атқарады, тілде тек ырғақтық
екпін бар деді зерттеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялық
талдау тілдің буын тіл екенін көрсетті, ал буын сегменттері
төрт түрлі тембрді құрайды дейді.
Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес,
буын деп, Қ.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірін
жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-лік,
фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар бол-ды.
Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай жуан,
не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан еріндік, не бірыңғай
жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым өзге ғалымдардың
еңбегінде қолдау таба бастады. Бірақ М.Жүсіпұлының өз ойымен
айтқанда қазақ тілінің дыбыстық қорын анықтаудың үшінші кезеңі
сингармофонологиялық бағыт (өкілдері А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұханбедұлы, М.Жүсіпұлы) болды да, олар екпіннің
қызметін мүлде жоққа шығармады, тек оны сингармонизмге
қарағанда әлсіз сипатта екенін анықтады. Жуан дауыссыздар
дыбыстық құрамның негізін құрайды, өйткені олар жеке тұрып
дыбысталады деді. Ал үндесім құбылысын дау-ысты дыбыс
таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. М.Жүсіпов қазақ сөзінің
кіші бірлігін
Достарыңызбен бөлісу: