Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет11/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

l, m, n, s, f
әріптері силлабема ретінде
қаралды: 
c-
ке, 
k-
ка
, q-
ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір
18
19


таңба арналды, егер дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туын-
ды сөздің грамматикалық формаларын берді дейді. Мысалы, 
ktl
– “өлтіру”, 
KeToL-
тұйық етістік, 
KoTeL – “
жан алғыш”, 
KaTuh
–“өлген” д.с.
Египет консонантты жазуында кейде логограммалар, морфе-
мограммалар да кездесіп отырды. \
Финикий жазуы.
Таза дыбысжазу жүйесін финикий және
батыс семит халықтары (б.э.д. ІІ мыңж.) жасады. Финикийлер
– б.э.д. ІІІ мыңж.-б.э. дейін Жерорта теңізінің шығыс
жағалауын мекендеген, ірі сауда қалалары болған халық.
Финикий жазуындағы 22 әріптің бәрі (алеф, бет, гимел,
далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самећ,
айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов) дауыссызды, жартылай
дауыстыны таңбалады. Әріп атауы реалий атауының алғашқы
дыбысымен сәйкесті.
Жазудың прогрестік жағына: 
а) әліпби ретінің болуы,
ә) әріп атауы сөздің алғашқы дыбысына сәйкес 
келуі, б) таңба сөздің денотатына ұқсас болуы,
в) жазу процесінің оңнан солға көлбеу бағытта жүруі жата-
ды.
Батыс-семит халықтары жазуының маңызы туралы И.Фридрих
былай деген: “Егер біз қателеспесек, дауыссыздарды таңбалаған
әлемде жалғыз жазу болды, ол кейін гректің толық жазуына
айналған батыс-семит халқының жазуы”.
Финикий әліпбиінің консонанттылығы туралы ғалымдар
әртүрлі болжам айтады. Мысалы, Морис Дюнан әліпбидің тез
таралуы үшін семит халқы саналы түрде дауыстыларды бел-
гілемеді деді. Сондықтан финикий әліпбиіндегі дауыстылардың
болмауын әліпби жетілмегендігінен емес, әліпбидің ұтымды
жағы деп бағалаған жөн дейді Д.Дирингер.
Енді бір ғалымдар әр әріп бір буынды таңбалады деді.
“Дауысты дыбыс таңбасының бүгінде (әсіресе ағылшын жа-
зуында) көпмәнді болып кеткені соншалық алғашында ол
таңбаға қандай мән жүктелгені белгісіз болып қалды”.
Белгілі бір ұғымды ғана беріп келген сурет, ойжазу қалай ғана
дыбысжазуға айналды; бір ерекше күштің араласуы болма-ды ма
деген сауал жазу тарихына барғандардың қайсысын болса да
ойлантты. Суретжазу мен дыбысжазу аралығында сөзжазу, ребус
жазуы болғанын, ал сөзжазу жалпы ұғымнан гөрі, ауыз-
ша айтылғанды сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бер
жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфа-
виттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткеріп барып
жеткенін танимыз.
Сонымен, тарих сахнасындағы мынадай жеті жазу жүйесі
адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды:
-
шумер жазуы (Месопотомияда, Тигр, Ефрат өзендері
аралығында б.э.д. 3100 ж.– б.э. 75 ж.);
-
ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000 ж. – б.э.);
-
ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.);
-
қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.);
-
египет жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.);
-
крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000–1200 жж.);
-
хетт жазуы (Анатол, Сирияда б.э.д. 1500–1700 жж.). Жалпы
әліпбидің жетілуі сөзжазу жүйесінен батыс семиттің
буынжазуына және грек алфавитіне қарай жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет