Кди филиалы


Мектептегi математика пәнін оқытуды цифрландыру мүмкiндiктерi



бет3/5
Дата11.08.2022
өлшемі398,78 Kb.
#148035
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТӨЖ Оралбекова М.М.

2.2 Мектептегi математика пәнін оқытуды цифрландыру мүмкiндiктерi
Қалыптасқан оқыту технологиясына компьютерлер сөзсіз өзгеріс енгізуі тиіс. Педагогикалық тұрғыдан алғанда компьютерлік ақпараттық технология компьютерлік негізде оқытудың түрлерінінің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді.
Цифрлық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кірігіп кетеді. Оқытуды цифрландыру туралы сөз болғанда мынадай күрделі мәселеге зер салу керек: «Компьютер мұғалім». Компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап. Бұл жерде мұғалімнің рөлі ерекше әрі шешуші. Компьютер әрдайым мәлімет ошағы бола береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі қажет. Мұғалімнің рөлі негізінен оқушыларға тиісті деңгейде білім беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы өз шама-шарқынша компьютерді пайдаланып білгенін дамыта түседі. Осылайша білім берудің ұжымдық түрін сақтай отырып, даралап оқытуды да күшейте түсуге, сөйтіп оқушылардың білім сапасын жақсатуға болады.
Мектепке цифрлық техниканың тереңдеп енуіне қарай мұғалімнің де рөлі барынша арта түседі: ол оқушылардың даярлық деңгейі мен қабілетін ескеріп, олармен жеке, шығармашылықпен жұмыс істеуге көбірек уақыт табады. Мұғалімнің сабаққа әзірленуінің сипаты да өзгереді-педагогикалық құралдарды іріктеп алу, компьютерлік оқытудың математика сабағында орнын анықтауға ерекше мән беріледі.
Цифрлық технологияны математика сабағында пайдаланудың мынадай міндеттерін бөліп айтуға болады:
-оқыту үрдiсiнде керi байланысты қамтамасыз ету;
-даралап оқыту үрдiсiн жүзеге асыру;
-компьютердiң графикалық мүмкiндiктерiн пайдаланып,
жаңа сабақты түрлендiрудiң көрнекiлiгiн арттыру;
-қажеттi ақпаратты iздеуге байланысты тапсырмалар;
-математикалық есептердiң мәнiнде немесе математикалық модельдермен сипатталатын әдiстер мен құбылыстарды модельдеу.
Цифрлық технологияны математика сабағына пайдаланудың негізгі түрлеріне әр түрлі бағдарламалар жатады. Компьютер арқылы оқыту үрдісін толыққанды түрде ұйымдастырудың негізгі үш аспектісін бөліп айтуға болады:
-оқушылардың танымдық белсендiлiгiн басқару;
-оқу әрекетiн мұғалiм-компьютер-оқушы жүйесi түрiнде басқару;
-мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекетi мен ынтымақтастығын оқушылардың өздерi басқарады.
Математика сабағында цифрлық технологияны қолданудың әр түрлі жолдары бар. Мысалы, бір түрінде оқушы компьютермен тікелей қарым-қатынас жасайды. Компьютер оқушыға берілген тапсырманы анықтап, тиісті көмек көрсетеді. Бұл жерде оқу мұғалімнің қатысуынсыз өтеді. Екінші бір түрінде компьютер оқушылармен емес, мұғалімдермен әрекетке түседі. Ол мұғалімге сабақ жүргізуге көмек болады, мысалы, оқушылардың орындаған бақылау жұмыстарының нәтижелерін шығарып, жұмсалған уақыт пен жіберілген қателерді көрсетеді. Компьютер оқушыларға қатысты қандай да бір оқыту әрекетін қолданудың мақсатқа сәйкестігі жөнінде кеңес береді. Бірінші түрдегі жүйе оқушының жауабынан кейін шешім қабылдаса, екіншісі тек кең ауқымды шешімдерді қабылдап, оқыту сценариін жасап шығарады. Сонымен бірге, ол математиканы оқыту құралдарының бай арсеналын кеңінен пайдалана отырып, дәстүрлі оқыту шеңберіне кіреді. Дербес компьютер оқушынының оқу үрдісіне белсене араласуына жағдай жасап, оқу материалын түсініп әрі есте сақтауына жәрдемдесуі тиіс. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік даярлығы мектепті компьютерлендіру ісімен байланысты.
Есептегіш техника құралдарымен мектепте шешуге болатын есептер өрісі шексіз кеңейе түсуде. Есептегіш техника құралдарын енгізуге байланысты математиканы оқыту әдістемесі мен мазмұны да өзгеруде. Есептеу жұмыстарының мазмұны, көлемі, сипаты өзгеруде. Мектептегі дәстүрлі дара есептеулер, сондай-ақ, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға, графиктер құруға, кестелер толтыруға қатысты бір формула бойынша көптеген мәрте есептеу т.с.с. компьютердің көмегімен орындалып, математика сабағында көп уақыт үнемделеді. ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін алгебралық және трансценденттік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуде пайдалану қолайлы. ЭЕМ-де қозғалыстарды бейнелеуге болады, сол арқылы түрлендіру тобына байланысты геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін білуге, компьютердің графикалық мүмкіндіктерін сызбалар, модельдер, кеңістікте фигуралар құрастырғанға пайдалануға мүмкіндік мол.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет