Кедендік баждардың ставкалары мен алыну тәртібін белгілейтін орган



бет3/10
Дата27.10.2023
өлшемі36,32 Kb.
#188656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тест ответы салық

Салық органдарының міндеттері

  1. салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;

  2. мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

  3. салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге;

  4. өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.

  5. Деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушілер үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген түсіндірмелерді жүзеге асыруды және түсініктемелер беруді уәкілетті орган жүргізеді. Бұл ретте мұндай салық төлеушілер үшін уәкілетті орган жоспарланатын мәмілелерге (операцияларға) қатысты алдын ала түсіндірмелер мен комментарийлерді береді;

  6. талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу фактісін растайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беруге;

  8. осы Кодексте айқындалған тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:

салықтық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған;
осы Кодекстің 120-1-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;

  1. салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салықтық есептілік пен өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін беруге;

  2. салық төлеушінің (салық агентінің) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;

  3. жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша жылдық жиынтық кірісі "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілерінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұсынуға;

  4. салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға;

  5. мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берудің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;

  6. уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

  7. салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;

  8. уәкілетті органның сайтында:

активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны; кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты орналастыруға;

  1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына салық органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беруге;

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге тауарлар атауының, санының (көлемінің) сәйкестігі мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанын куәландыратын құжаттарды, тауарларды және заттарды алып қоюды жүргізуге міндетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет