Кеңес өкіметі кезіндегі өлкенің тарихы


Қазақстан Республикасындағы отандық тарихты зерттеу ерекшеліктері деректік материалдар мен әдебиеттер



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі44,29 Kb.
#156573
1   2   3
Байланысты:
2 практика Отан тарихы

Қазақстан Республикасындағы отандық тарихты зерттеу ерекшеліктері деректік материалдар мен әдебиеттер
Еліміз егемендік алғаннан соңғы кезеңде, яғни ғасырлар тоғысы дәуірінде отандық тарих ғылымының ұлттык мүдде тұрғысынан пайымдалуы заман талабымен ғана емес, ғылыми сұраныстармен де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы тапталған тарихи сананы калпына келтіріп, ұлттык мүддені басшылыққа алу бүгінгі таңдағы еліміздің жағдайында басты міндеттердің біріне айналып отыр. Соған орай тарихымыздың бұрындары бұрмаланып келген, немесе айтылмай тарихтың «ақтандық» беттеріне айналған тұстарын объективті тұрғыда ашып көрсету жолында еліміздің тарихшылары бірқатар жұмыстар аткарып, ғылыми және қоғамдық сұраныстарға сай көптеген ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. Осы ғалымдардың қошбасында болған академик М.Қ. Қозыбаевтың есімен ерекше атауға болады.
Академик М.Қ. Қозыбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғы шарттары пайда болып, егемендікке кол жеткізген алғашқы жылдарынан-ақ еліміздің тарихының өзекті мәселелерін, соның ішінде қазақ халкының этникалық тарихын, қазак қоғамының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуының тарихы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеуді кайта пайымдау қажеттігін мемлекеттік деңгейде көтере отырып, оларды тарих ғылымының басым бағыттарына айналдыруда маңызды роль атқарды. Сонымен катар ол XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге тың жол салды.
Қазак зиялыларының XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси қызметін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеуді академик М. Козыбаев бастап берді десек кателеспейміз. Ол осы мәселеге қатысты өткен ғасырдың 1980-ші жылдарының соңынан бастап, 1990-шы жылдардың бастапқы кзеңінде бірнеше еңбек жариялады
Академик бұл еңбектерінде күрделі мәселені ескі, ұлы державалык мүдде тұрғысынан емес, ұлттык ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді ұсына отырып, өзіндік құнды тұжырымдар жасаған болатын.
Қазақ зиялыларының өмір жолы және аткарған қоғамдык-саяси қызметі кеңес дәуірінде аракідік зерттеліп, көбіне ол революцияларға, шаруалар көтерілісіне, Қазан төңкерісінен кейінгі қайраткерлерге арналғаны баршамызға аян. Маркстік- лениндік методологияны басшылыққа алған кеңестік тарихшылардың қазақ зиялыларынын толыққанды тарихын ашық жазуға мүмкіндігі шектеулі болғандығы белгілі. Коммунистік идеологияға негізделген ұстанымдар Қазан төңкерісіне дейін қазақта ұлттық зиялылар қауымы калыптасып үлгермеді деген солақай, біржакты тұжырымды қалыптастырды.
Дегенмен де, белгілі қайраткер, қазақ зиялыларының алғашкы толқынының өкілі С. Асфендияров кеңестік дәуірдің бастапқы кезеңінде-ақ XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын үш топқа былайша бөліп көрсеткен: «Біріншісі- ол қызметкер зиялы қауым: негізінен қазақтың феодалдық аристократтарының сұлтандар - төрелер) ортасынан шыққан чиновниктер мен офицерлер; екіншісі - бұлар да феодалдық аристократтар мен байлардың ортасынан шыққан әртүрлі мамандар: дәрігерлер, инженерлер, т.б.; ақыр аяғында, үшіншісі - бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар және басқалары». 
Сондай-ақ М. Қозыбаев та XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларын ірі-ірі үш топқа біріктіреді. «Бірінші топ - қазақ қоғамын реформа арқылы, конституциялық жол арқылы өзгерту, халыктың толғағы жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси проблемаларын өркениеттік жолмен шешуді мақсат тұтты. Екінші топқа қоғамның пісіп жетілген проблемаларын революциялық жолмен шешуді ойлаған жастар бірікті: Олардың қалың көбі экстремистік күрес жолын қалайтын социал-демократиялық бағыттағы (эсерлер мен большевиктерге дейін) оппозициялық жастар еді», - дей келіп, үшінші топтағылар,- «Ауыл зиялылары ру таласына қатысып, отаршыл режим мен ел арасын жалғайтын компродорлык буржуазия ролін атқарды, консервативтік батпаққа белшесінен бата түсті. Олардың мүшкіл халін Абай жырлап кетті. Олар ел болашағын діни, монархиялық партиялар мен қозғалыстарға байланыстырып, бақай есеп аясында қала берді», - деп көрсетеді ғалым. Осы аталған үш топтың ішінде М. Қозыбаев бірінші топқа жоғары баға беріп, олар ұлттық зиялылардың ең саналы тобынан құралды, ғылыми-теориялық потенциалы мол болды, қазақ қауымының қалың тобын аузына қарата алды дейді. Оның себебін ғалым бұл топтың отаршылдықтан құтылу, Ресей империясының ішінде іргелі ел болып, автономиялы отау тігу, орыс шаруаларын қазақ даласына қоныс аударылуын тоқтату, дінді мемлекеттен бөлу, ұлтты рухани жаңғырту секілді мәселелерді көтеруімен, жалпы ұлттық мүдделерді жоғары тұтуымен байланыстырады. Сонымен қатар бірінші топтың ерекшелігі қатарына оның саяси күресте шыңдалған қайраткерлерден кұралуын жатқызады.
Кеңес өкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Ол негізінен XX ғасыр басындағы алаш қозғалысы қайраткерлеріне кеңестік тарих ғылымының берген бағасына байланысты жүрді. Осылайша қазақ зиялыларының тарихы кеңес заманымен шектелді. Оның үстіне зиялы қауым жұмысшы мен шаруалардың арасын қосатын дәнекер топ ретінде қаралу үрдісі де орын алды. Сөйтіп, марксизм-ленинизм методологиясының аясында ұлттық зиялы қауымның шынайы тарихын жасау мүмкін емес жағдай қалыптасты. 
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі алғашқы жылдарда XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тарихын зерттеу отандық тарих ғылымындағы аса өзекті мәселелердің бірі екендігін алғаш көтерген М. Қозыбаев болды. Тарих ғылымының жариялылық тұсындағы зиялылар тарихын зерттеудегі басты міндеттері ретінде мына бағыттарды:
- осы уакытқа дейін зерттеліп келген Алашорда қозағлысының бағдарламалық құжаттарының маңызы; 
алашордалықтардың революцияның әр кезеңіндегі стратегиялық және тактикалық әрекеттері;
Ресейдегі үш революция кезіндегі қазақ зиялыларының тарихы;
Алаш қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалысы, яғни ғасыр басындағы ұлттық сана өсуі үрдісінің құрамды бөлігі ретіндегі алар орны;
- Алаштықтардың, жалпы ғасыр басындағы ұлт зиялыларының көзқарастары мен идеологиясының негізгі өзектерін замана талаптарын қанағаттандыру мақсатында мұрағат құжаттары мен баспасөз материалдарына сай қайта қарастыратын уақыт жеткендігін баса керсеткен болатын.
Ғасыр басындағы зиялылар тарихын зерделеуді үнемі назарда ұстаған ғалым осы мәселеге оқтын-оқтын оралып, әркез жаңа қырынан қарастырып, тың пайымдаулар жасап отырған. Тәуелсіздіктің тұғыры беки түскен сайын, өткен тарихымыз бен біртуар тұлғалар туралы айтар ойлар мен жасар қорытындылар барынша тереңдей түскені анық. Осыған орай академик М. Қозыбаев былай деп жазды: «Біз қазақ зиялыларының жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық. Онда зиялы қауым кім, ол қай заманда жеке тап болып, топ болып калыптасты, кандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ зиялыларының өркениетке қосқан үлесі қандай деген сияқты келелі сауалдарға жауап беруіміз керек. Бұл үшін зиялы қауым тарихымен айналысар жас, албырт буын тарихшылар тәрбиелеуіміз керек. Олар «Қазакстан ауылы интеллигенциясы бәленше бесжылдықта», не болмаса «Органикалық химияның даму тарихы» деген сияқты диссертация корғаудан бас тартып мәселелік мәні бар ғылыми жұмыстарға үзілді кесілді көшуі керек. ... Ұлттың ұйтқысы – зиялы қауым. Ол барша халықты коса да, ыдырата да алады. Сондықтан қазақ зиялылары тарихы шын мәнінде ұлт тарихы екендігін айтқан орынды». 
Ғалымның мұндай ой-тұжырымдары XX ғасыр басында өрбіген алаш қозғалысы қайраткерлеріне қатысты айтылғандығы айқын аңғарылды. Алаш козғалысы мәселесінде М. Қозыбаев объективтілік принципті сақтау қажеттігін жақтады. Соған орай бұл қозғалыстың азаттық күрестегі алатын орнына және оның осал тұстарына жіті көңіл бөлді. Мұны М. Қозыбаевтың мына ой орамынан аңғаруға болады: «Алаш» козғалысының күшті, осал жерлері болды. Ұлттық бағдарлама жасау, отаршылдыққа қарсы күрес, қоғамды демократиялау, оны өркениетті жолға салу, ұлттың санасын көтеруді күн тәртібіне қойды, жалпы халықтық бірлікті талап етті. Жалпы халықтық әлеуметтік негізі бар қозғалыстың болашағы мол еді. Алайда көп ғасырлық шапқыншылық пен күрес, ұлт-азаттық қозғалыс халықтың генофондысын, бодандық психология оның рухын әлсіретті, ұлттық қаракетін, болмысын (менталитетін) төмендетті. Жауға ғасырлар бойы жалаң қылыш, найзамен күресіп әдеттелген ол жаңа техникалы заманда еуропалык күрес әдісіне немқұрайды қарады, оның сырын түсінбеді. Алаш қозғалысы халықтың қалың тобынан озық туған қозғалыс еді. Ол халықтың қаймағы боларлық ат төбеліндей зиялыларды қамтыды. Алаш қозғалысының трагедиясы осында еді. Алдыңғы авангардқа артындағы қалың қауым арасындағы алшақтықты жою үшін жылдар керек еді».
Алаш қозғалысына катысты академик М. Қозыбаевтың айтқан пікірлері мен тұжырымдарының маңызды болып табылатындығын осы мәселе бойынша арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп отырған көрнекті ғалымдар К. Нұрпейіс пен М. Қойгелдиевтің еңбектерінде берілген бағалар нақтылай түседі. Бұл екі ғалымның еңбектерінде көптеген мұрағат құжаттары мен сол тарихи кезеңде жарық көрген мерзімді баспасөз мәліметтері ғылыми айналымға кеңінен тартылып, ондағы жасаған тұжырымдарымен академик М. Қозыбаевтың пікірі үндестік тапқан. 
Академик М. Қозыбаев Алаш қозғалысын қазақ халкының азаттық жолындағы күресінің заңды жалғасы, бұл күрестің жаңа сапалык деңгейге көтерілуінің көрінісі ретінде бағалап, оның қайраткерлерінің келбетін сомдауға да ерекше мән берді. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тарихтағы орнына объективті көзқарас қалыптастыруда М. Қозыбаев өзіндік игі ықпалын тигізді. Ол Ә. Бөкейханның кайраткер ретінде қалыптасуы жайында мынандай орынды әрі салмақты пікір білдірген-ді: «Әлихан ерте есейді. Ол ең алдымен қазақ халқының атақты ақын, жырауларының, эпостарының рухты жырларымен сусындады, ұлт-азаттык козғалысының дәстүрлері негізінде тәрбиеленді. Өз халқының батырлығына сүйсінді, бақытсыздығына күйінді. Албырт Әлекең орыс мәдениетін игерді, оның бай әдебиетін оқып қана қоймады, одан тәлім ала білді. Қайта жаңару кезеңінен өткен XIX ғ. орыс әдебиетінің мұраларын Әлекең өмір бойы қадірлеп, қастерледі, талайларын тәржімелеп халқына жеткізді. Әлихан батыс мәдениетін жақсы білді, көптеген шығармаларды сол шыққан тілінде оқыды. Міне, осылай Әлихан XX ғасыр басындағы энциклопедист, Еуразия шеңберіндегі білімдар жандардың бірі болып қалыптасты. Осынын нәтижесінде ол ұлтшылдықтан ада болды, шығыс пен батысты табыстыру жолын іздеді, өз халқының деңгейін батыс деңгейіне көтеруді армандады. Абай сияқты Әлихан қазақ халқының тағдыры орыс халқымен, оның мемлекетімен байланысты екендігін терең түсінді. Орыстың демократиялық мәдениетінің өкілдерімен қоян-қолтық араласты, достасты, оппозициялык партиялармен бірігіп, ол патшалық режимге, отаршылдыққа карсы ұмтылды».
Ә. Бөкейханның өз заманының алып тұлғасы екендігін сомдай отырып, академик: «Ол Әз-Жәнібек, Керейден, Абылайдан кейін қазақ мемлекеттілігін жаңғыртып, XX ғ. сай қайта құру ісіне бар өмірін арнады. Бұл тұста Әлекеңнің Индияның Д. Неруі, арабтың Г. Насері сияқты бейне екендігі күмән тудырмаса керек. Әлекең осы ұлы істе алты алаштың ту көтерер ұлдарын соңына ертті... 
Әлихан Бөкейхан бүгінгі тәуелсіздіктің қайнар бұлағы, XX ғ. қазақ ұлтының атасы, ол ұлтымыздың ұлы арысының бірі, қазақ халқының болашағына тұғыр боларлық жарық жұлдызы»,- деп бағалады.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қатарында академик М. Қозыбаев еңбектерінде А. Байтұрсынұлы да жоғары бағаға ие болған тұлға. А. Байтұрсынұлы жайында кеңестік дәуірде шынайы пікір білдірген алғашқы ғалымдардың бірі ұлы жазушы М. Әуезов еді. Ол 1923 жылы А. Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына орай «Ақжол» газетінде көлемді мақала жариялап, онда қайраткердің 1905 жылдан бастап саяси істерге белсене араласқанын, ұлттық сананы ояту жолында «Қазақ» газетін шығаруын, «Қырық мысал», «Маса», «Тіл кұралы» секілді т.б. еңбектер жариялауын тізіп көрсете келіп, мынандай пікір білдірген болатын: «Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі - артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахан мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан Аханды өзінің басшысы деп санайды». 
Алайда, тарих ғылымында кеңестік идеология ықпалы салдарынан М. Әуезовтың мұндай бағасына қарамастан 1932 жылы жарық көрген Ғ. Тоғжановтың еңбегінде А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі барынша қараланып, халык мүддесіне қайшы әрекет ретінде түсіндірілді. Осылайша ұзақ жылдар бойына қараланып келген А. Байтұрсыновтың есімін ақтаған академик М. Қозыбаев өзіндік зор үлес қосты.
«Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың ұлы реформаторы» деп бағалаған М. Қозыбаев біріншіден, А. Байтұрсынұлының саяси қайраткерлігін, екіншіден, ғалымдығын терең ашып көрсетті. Ол А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметін патшалык Ресей дәуіріне және кеңестік кезеңге бөліп карастырды. Сөйтіп, оның келбетін, коғамдык және шығармашылық қызметін терең ашып көрсетуге қол жеткізе білді.
Өз еңбегінде А. Байтұрсынұлының болмысы жан-жақты ашылғанда ғана әлемдік ұлт-азаттық козғалысына қазақ халкының қосқан сүбелі үлесі сомдалатындығын М.Қ. Қозыбаев баса ескертті. Ол осыған орай А. Байтұрсынұлының ұлылығы неде, оның ұлт тарихына, ұлт тағдырына жасаған ыкпалы қандай деген мәселе төңірегінде ой қозғап, мынандай тұжырымдар жасайды:
«І. Ғасыр басында үркердей алып топ - Әлихан, Ахмет, Міржақып қазақтың демократиялық либералдық бағыттағы зиялыларының басын косып, Еуропалық өркениеттік дәрежедегі қозғалысты қалыптастырды. 2. Ахмет Байтұрсынов қазақ зиялыларының рухани көсемі санатында 1913 ж. ұлттық биресмилік «Қазақ» газетін шығарды. 3. Ахаңның ұлылығы ұлт ұстазы дәрежесіне көтерілген еңбегінде».
Академиктің Байтұрсыновтану ғылымына қосқан үлестері қатарына А. Байтұрсынұлының кеңестік дәуірдің бастапқы кезеңінде қазақ жерінің тұтастығы жолында күрескендігін ашып көрсетуін жатқыза аламыз. Отандық тарих ғылымында А. Байтұрсынұлының 1919 жылы Қазревком мүшесі ретінде Қостанай уезінің Қазақ автономиясы құрамында қалуына ықпал еткендігі тек М. Қозыбаевтың еңбегінде ғана нақтылы дәлелдермен көрсетілген. Сондай-ақ А. Байтұрсыновтың 1920 жылы I Рысқұлов, Ф. Ходжаев, А.З. Валидов секілді қоғам қайраткерлерімен бірлесе отырып, В.И. Лениннің атына жолдаған хатты да алғаш рет ғылыми айналымға тартқан ғалым М. Қозыбаев болды.
1996 жылы желтоқсанда өткен «Мұстафа Шоқай және шетелдердегі қазақ зиялылары» атты халықаралық мәслихатта академик М.Қ. Қозыбаев «Қазақ зиялы қауымы қайраткерлерінің тағдырын зерттеу мәселелері» туралы баяндама жасап, М. Шоқайдың шығармаларын жинапоны кітап етіп бастыру идеясын көтерді. Сөйтіп бұл жолы да ғалым Шоқайтану ғылымының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Мәслихатта жасаған баяндамасында академик өз ойын былай білдіргеп еді: ...Мұстафа Шоқайға бағышталған конференцияда ғұмырнама жанрының арнайы сөз болуы орынды. Марқұм Мұстафа шетелге кетіп, эмигрантқа айналып құса болды. Ол қазақ зиялы қауымының өз ортасында, Отанында еңбек етуіне тілектестік білдірді. Өзінің шет жақта жүруін уақытша деп санап, елге оралуын армандады. Міне, еліміз Тәуелсіздік алған сәтте оның есімі елге оралды, кешікпей сүйегі де ел топырағына бөленер кез де алыс емес. Осы сәтте Мұстафа Шоқайдың өмірі құжаттармен хатталуы абзал, біз тек солай ғана оның есімін басы артық сөзден қорғай аламыз. Бұл - бір Мұстафа еңбектері жиналып шығарылуы керек. Бұл - екі. Оның ғылыми өмірбаяны, өмір жолы, міне, осылай жазылуы керек. Бұл - үш. Міне, осылай Шоқайтану саласына салынған бүгінгі сүрлеу ертең даңғылға айналарына күмән жок!».
Академик М. Қозыбаевтың Шоқайтану саласындағы болашақтың атқарар тарихи парызы ретінде атап көрсетіп кеткен қыруар істері бұл күнде жүзеге асырыла бастағаны анык. Оған М. Шокайдың шығармаларының жарық көргендігін және біртуар қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған көлемді де құнды еңбектердің жарняланғандығын жатқызуға болады.
Түркістанның ұлы перзенті, түбі бір түркі халықтарының азаттық қозғалыстағы бірлігін жақтаған М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін тереңдете зерттеу әлі де тарихшы ғалымдардың алдында тұрған басты міндет болары даусыз. Дегенмен, осы орайда М. Қозыбаевтың «егер ғасыр басында зиялы қауым ұлттық мүддеге негізделген қарекет жасаса, енді ол түркі тектес езілген халықтардың басын қосуға бағытталды деген пікірі басшылыққа алынуы қажет. Академиктің бұл пікірі астарында түрік бірлігі идеясының азаттық қозғалыстағы орнын зерттеу қажеттілігі меңзеліп отырғандығын байқаймыз. 1993 жылы-ақ М. Қозыбаев қазақ зиялыларының XX ғасыр басындағы азаттық қозғалыста түрік бірлігі мен исламшылдық идеологиясы арнасына тартылғанын айта келіп, былай деп жазды: «Мемлекеттік думаға сайланған депутаттар осы серпілістің қалың ортасында болды. Демократиялық күрес арнасына дінін, ділін, тілін қорғаған қалың қауымның да екпінді ағыны келіп осылай қосылды. Біз қазақ халқының тарихында осы бір тақырыптан ауыздықты тістеп, шошына ыршып қашатынбыз. Ал шын мәнінде дін мен парасат, ағартушылык, тәлім-тәрбие ісі де астарласып жатқанын, халықтың қалың кауымы діндарлардың ықпалында болғанын қалай жасыруға болады. Ендеше болашақта бұл тақырып та халқымыздың тарихының бір көрінісі екендігін ескергеніміз жөн». 
Осылайша, академик М. Қозыбаев XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосумен катар, оның болашақта зерттеле түсуі тиіс басым бағыттарын да көрсетіп берді. Академик тұжырымына кайтара жүгінер болсақ: «Тарих тағылымы тарихшы қауымның бас ориентирі. Оны жасау үшін осы күнгі тарихи зерттеу тақырыптарын қайта карау керек... Егер біз ертеңімізді ойласақ, тарихымыздың қалай дәуірлейміз, көшпелі өркениет дегеніміз не, қазақ халкы қалай калыптасты, оның территориясының калыптасу заңдылықтары қандай, қазақ-орыс, қазақ-өзбек, қазақ-қырғыз, қазақ-қытай, ... қатынастары ғасырлар бойы қалай өрбіді, орыс империясы елімізді қалай жаулап алды, орыстандырды, шоқындырды, әскери отарлады, қара шекпенді мұжықтарды көшіру арқылы отарлады, орыс, шетел капиталы қалай отарлады, қазақ мемлекеттілігі қалай дамыды, қалай жойылды, ұлттық сана қашан, қалай ұялады, қазақ зиялы кауымы қашан, қалай қалыптасты, саяси қоғамдык ұйымдар тарихы, ұлт - азаттық қозғалысы, ғасырларда біртуар халық перзенттерінің өмір жолдары сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал». Осы бағыттарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда колға алынып, жүзеге асырылып жатқаны баршамызға аян.
Сонымен, акдемик М. Қозыбаевтың XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тарихына терең бойлай отырып, жасаған басты тұжырымдары:
Алаш зиялы қауымы ғасыр басында Ресейде қалыптаса бастаған интеллектуалдардың жаңа ұрпағы
Қазақ зиялы кауымының көш басындағы Әлихан бастаған реформаторлар ағартушылық идеясын жаңа сатыға көтерді
Олар таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін корғай отырып, отаршылдыққа қарсы ұлттық майдан ашуды көздеді
Әлихан мен Ахмет бастаған зиялылардың жаңашылдығы, реформаторлығы - ұлт болашағы; ұлттық-территориялық автономия туралы тұжырымдамалары; ұлт мәселесін шешуі
Қазақ ұлттық зиялыларының шығысқа тигізген әсері мен ықпалының зор болғандығы
Олар «XX ғасырда Ұлттық жаңғыруға бастады, ұлттың өзін-өзі танып қана қоймай, мемлекеттік санатына көтерді, ол егемендік тәуелсіздік, демократиялық мемлекет, ұлт татулығы, дін мен мемлекет ара—қатынасы проблемаларын XX ғасырда күн тәртібіне койды».
Сонымен қатар ел тарихының негізін бекітуде Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатынын және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнiн аңғардым. Мұндай қарымды ғылыми жаңалықтардың тұтасқан жүйесi мен шешiмдердiң дүниеге келуi, мемлекеттiк басқару iсiнде пайдаланылу процесi Елбасының мемлекет басшысы ретiнде атқарып келе жатқан көпқырлы, көпсалалы қызметiнен де, мемлекеттiк басқарудың түрлi салалары мен бағыттары бойынша жазылған ғылыми және ғылыми көпшiлiк сипаттағы кезеңдiк еңбектерiнен де байқалады.
Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда Нұрсұлтан Әбiшұлының өзiм күнделiктi қолыма ұстап, мәнiне үңiлiп, үңiлген сайын жаңа мағына тауып отырған зерттеулерiнiң қатарынан бiр топ еңбектi ерекше бөлiп көрсеткiм келедi: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005). Көрсетiлген еңбектерде Елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары менi ғана толқытпай, елiмiздiң барша зиялы қауымын, Қазақстанның әрбiр патриотын үлкен тебiренiске түсiретiн болар, Елi мен Елбасы үшiн мақтаныш сезiмiне бөлер деп ойлаймын.
Озық ойлы прагматик, ол әрқашан уақыт үніне деген сезімталдығымен ерекшеленеді. Кеңестік дәуірде қалыптасқан Назарбаев қайта құру мен жаңаша ойлаудың құндылықтарын бүкіл жан-дүниесімен қабылдады. Одан соң батыс пен шығыс реформаторларының теориясы мен тәжірибесін, нарық экономикасы мен либералды еркіндік идеяларын бойына сіңірді.
Азиялық жолбарыстардың табыстары оған айрықша әсер етті. Ол өзінің Оңтүстік Кореяға, Сингапурге, Малайзияға барған сапарларын әсерлене әңгімелейді. Әр уақыттарда ол елдердің белгілі экономистері кеңесші ретінде шақырылды. Олардың арасында экономика докторы Ч.Бэнг, доктор Хасан және басқалар бар.
Президенттің көрегендігі елдік тұ­ғы­рымызды шайқамай, жала-пәлеге жолықтырмай өркендеудің озық үлгісі не­гізінде бүгінгі күнге жеткізді. Дүние жүзі қазақты таныды. Қазақстанды білді.
Кезінде Джордж Вашингтон, Мұс­тафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғалар өз мемлекеттері үшін мәңгілік мақтаныш болатын та­рихи қадамдар жасап, туған елдерінің жа­дында қалса, осындай ұлы перзент­тер­дің жалғасқан жақсы керуенінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап келеді. Ол бүгінде мәртебелі мем­лекет құрушы, ұлт атасы деп орын­ды мақтан етіледі.
Оның үстiне мемлекет басқару iсiнде Н.Назарбаев жеткен тұтастыққа, iшкi тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еларалық ынтымақтастыққа, саяси-экономикалық даму қарқынына Қазақстанның арғы-бергi тарихында бiр де бiр қайраткер жеткен емес. Ойлауының ауқымдылығы мен айқындығы, стратегиялық тұжырымдары мен ұстанымдарының жүйелiлiгi њәм тегеурiндiлiгi, iшкi және сыртқы саясатының ашықтығы мен нәтижелiлiгi жағынан Қазақстан Президентiмен тең түсердей көреген мемлекет басшысы, М.Тэтчер айтқандай, жер-жанатының өзiнде бiрен-саран ғана.
Қазақстан Президентiнiң әлемдiк саясат көгiнде жарқырап тұруының негiзi оның табиғат дарытқан көрегендiгi, көсемдiгi, даналығы секiлдi қасиеттерiнде. Ал Елбасының бұл қасиеттерiне жарық пен жылу, күш пен қуат берушi – оның елiне, Отанына деген оттай ыстық, мөлдiр сүйiспеншiлiгi.
Егемен елiмiздiң, қањарман халқымыздың бақ-дәулетiнiң артуы, құт-берекесiнiң өсуi, ырысының тасуы Елбасымыздың жасампаздық қызметiмен тiкелей байланысты. Сондықтан да тәуелсiз мемлекеттiгiмiздiң бастауында тұрған әрi өзiне халық алдында ел тағдыры үшiн жеке дара жауапкершiлiк алған Елбасының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңаруы, әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруi жолындағы бастамаларын қолдап, олардың iске асырылуына лайықты үлес қосу – бiздiң әрқайсымыздың басты мiндетiмiз.
Біздің мемле­кетіміз дүниеде болып жатқан құбылыс­тарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің ізгілікті, бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы бар, бәсекелестікке қабілетті ел екендігін дәлелдеп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі ретінде танылып, әлем елдерімен жіті қатынасын кеңейтіп отырған жаңа сипаттағы болашағы мол ірі мемлекет. Мемлекеттiң жетiстiгi мемлекет басшысының ел бастау қабiлетiнiң айрықша жоғары деңгейдегi қызметiмен тiкелей байланысты. Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiнiң бәрiне де Н.Назарбаевтың тiкелей бастауымен қолымыз жеттi. Қазақстанның тәуелсiз даму бағыттарындағы табыстарымыздың бәрiнде де Елбасының ақыл-ой қуатының, алақан табының iзi бар. Елiмiзде Елбасының назарынан, ақыл-ой қуаты мен жүрек қызуынан тыс бiр де бiр салада да алға басу болған емес. Ойымды Ресей Президенті Владимир Путиннің сөзімен қорытындылағым келеді, «Қазақстан үшін Нұрсұл­тан Назарбаев - өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстан­ның тұңғыш Президенті ғана емес, ол – қа­зақтық, қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасын қалаушы.»
Қазіргі уақытта тарих ғылымының теориялық-методологиялық күрделі мәселелерімен қатар ұлттық тарихнаманың басым бағыттары, көшпелі халықтардың тарихи жады, дәстүрлі ауызша тарихы, деректану және тарихи информатика, ауызша тарих және қазіргі қоғамдағы тарихи сана, тарихи білім туралы кең ауқымды іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.
Соңғы жұмыстар Ш.Уәлиханов атындағы тарих және археология институтында аталған мәселелерді зерттеуге арналды. Мәселен, 2003-2005 жж. «Қазақстанның тарихнама және деректану контексінде инновациялық әдістер және зерттеу технологиясы» атты ғылыми-зерттеу жобасы 4 блоктан тұратын бірегей тақырыптық кешенді зерттеуді қарастырды. Атап айтқанда, 1-блок: «1991-2001 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы: тарихнамалық және тарих білімінің даму мәселесін талдау. Отандық және шетелдік әдебиеттер»; 2-блок: «Көшпенділер қоғамы және дәстүрлі әлеуметтік-саяси жүйесінің жаңару жағдайында өзгерістер енгізу: иновациялық тіл табысу және талдап түсіндіру; 3-блок: «Қазақстанның тарихы дүниежүзілік internet желісінде және ҚБСА-да (қашықтықтан басқару спутниктік арнасы)»; 4-блок: «Тарихи-гуманитарлық жанрдағы (1986-2001 жж.) басылымдардың және жарияланымдардың электрондық био-библиографиялық тізімдемесі».
Келесі 2006-2008 жж. арналған ғылыми-зерттеу жобасы «Қазақстан тарихының методологиялық мәселелері: жаңа ғылыми парадигманың орнауы» тақырыбы аясында жүргізілді. Мұнда жобаны атқару жұмысы төмендегі бағыттар бойынша айқындалды:
Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихын методологиялық тұрғыда оқыту;
Қазақстан тарихнамасын шетелдік тарихнамалық ақпараттармен қамтамасыз ету;
Қазақ тілді тарихи интернет: ғылыми бағыттың қалыптасуы;
Қазақстанның (медиевистика) ортағасырлық тарихы бойынша қосалқы тарихи пәндер;
Тарихи информатика: методология, тарихнама, технология;
Тарихи білімнің методологиялық ұстанымдары;
Орта Азия тарихының батыс қоғамтануындағы эпистемологиялық тұрғыда зерттелу жолдары;
Қазақстанның тарихындағы тарихи тұлғалар: консорциондық талдау әдістемесі.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан тарихының электронды нұсқасын, қазақ тілді web-сайтын құру, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар топтамасы, монографиялар жазу жұмыстары жүзеге асырылды. «Қазақстан тарихының тарихнама және методологиялық очерктері» монографиясы жарық көрді. – Алматы: «Искандер», 2007. – 328 б. 2007 жылы Фридрих Эберт атындағы қордың көмегімен «Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана» монографиясы жарияланды. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 292 с.
2007-2009 жж. бөлім «Ұлттық идея. Тарих: өткені мен болашағы» қолданбалы ғылыми зерттеу жобасына белсенді қатысты.
2009-2011 жылдары бөлімде мемлекеттік тапсырыс бойынша «Саяси-этникалық қаржы және XX-XXI ғғ. арасындағы Қазақстан әлеуеті: методология, тарихнама және тарихи компьютинг» жобасының 6.4 «Қазақстан дүниежүзілік тарихи бағдардың жүйесінде: трансконтиненталды өркениеттің даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілді. Жобаның негізгі міндеттері 2007-2012 жж. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік ғылымды дамыту бағдарламасы негізінде ғылыми зерттеулердің алты басым бағыттарының бірі ретінде «Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретіндегі ұлттық идея» тақырыбында әлемдік ғылымға Қазақстанды интеграциялау үшін жағдай жасау міндетін жүктеген. Жобаны орындаушылардың кәсіби бейімділігіне қарай тақырыптық міндеттер төмендегідей блоктарға бөлінді:
Блок 1. Дәстүршілік үрдісінің тарихи серпінділігі, XX-XXI ғ.ғ. утилитаризм және модернизм: мәселенің методологиялық аспектілері;
Блок 2. Қазақстанның және ТМД елдерінің тарих ғылымы: жекешелендіруден бастап ынтымақтастыққа дейін;
Блок 3.Ұлттық-мемлекеттік бөлініс, ұжымдастыру және индустриализация Батыс Қазақстан посттотолитарлы мектебінің бағалауында;
Блок 4. Тарихи деректерді деректанулық талдау контексінде компьютерлік өңдеу технологиялары және әдістемелері;
Блок 5.Егемен Қазақстан (1991-2006 жж.) тарихын гипермәтіннің көпнұсқалы жүйеде көрсету: қағида және ақпараттық қамтамасыз ету технологиясы;
Блок 6. Академик М.Қ. Қозыбаевтың ғылыми мұрасы: қазақ халқының этникалық ренессансы және Қазақстандағы толерантты әлеуеттің құрылуы.Жоба шеңберінде тарихнамалық және деректанулық зерттеулер базасы даярланды, концептуальды және методологиялық әдістер мен тәсілдер жасалды, ҒЗЖ бойынша ғылыми мақалалар топтамасы шығарылды.
Ал 2012-2014 жылдары бөлімде «Қазақстан тарихы және балама тарихнама: тарихи білімнің балама нұсқасына сыни талдау» тақырыбында ғылыми зерттеу жобасы орындалды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар ғылыми жарияланымдар жарыққа шықты.
2015-2017 жж. бөлім қызметкерлері «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Жоба жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы, бөлім меңгерушісі Г.С. Жүгенбаева. Жобаны орындау мынадай күрделі мәселелерді шешумен жүзеге асты:
Проблеманың ғылыми шешімі: халық жады деректерінің зерттеу методологиясы (аналитикалық мәтін); «жадты» тарихнамалық және деректік дефиниция ретінде институализациялау; тарихи экскурс және деректерді панорамалық талдау;
Батыс тарихнамашыларының ауызша (фольк) тарихты зерттеудегі методологиялық тәсілдері. Шетел авторларының шығармаларына ғылыми-реферативтік шолу;
XVIII-XIX ғғ. Қазақстан. Жад – қазақ этносының ревитализациясы механизмі;
Қазақстан 1920-1940 жж. Кеңестік модернизация тәжірибесі тұрғылықты халық жадында;
Қазақстан кеңестік режим кезеңінде: ауызша тарих естеліктері (1941-1985 жж.);
Қазақстан 1985-1991 жж. Құжатнамалық хрониканың тірі куәгерлері.
Аталған ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелері орындаушылардың ұжымдық монография, мақалалар, баяндамалары түрінде кеңінен сынақтан өткізілді. Бөлім қызметкерлерінің ғылыми зерттеу еңбектері «Отан тарихы» журналында, электрондық е-history.kz журналында, сондай-ақ Thomson Reuters, Scopus мәліметтер базасындағы журналдарға жарияланып келеді.
Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі жұмысының негізгі бағыты мен ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуы білікті тарихнамашы, деректанушы ғалымдардың шоғырлануымен жүзеге асты.
Өткен 2000-жылдардың ортасынан бері бөлімнің қызметкерлері, белгілі ғалымдар Б.М.Сужиков, Ж.Б.Абылхожин, С.Ф.Мажитов, И.В.Ерофеева, С.А.Жакишева, Қ.Әлімғазинов, Г.С.Жүгенбаева т.б. отандық тарихнамадағы «ақтаңдақтардың» зерттелуіне және тарих ғылымындағы жаңа бағыттардың дамуына қозғау салды.
Әлемдік тарихи ой-сананың басым бағыттары мен дамуына арналған еңбектер, Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасы туралы зерттеулер ұзақ жылдар бөлім меңгерушісі (1989-2012 жж.) қызметін атқарған көрнекті ғалым, т.ғ.к. бас ғылыми қызметкер Б.М.Сужиковтың авторлығымен кеңінен мәлім болды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстантанудың шетелдік археографиялық қоры Б.М.Сужиковтың аудармасымен толықтырылса, тәуелсіздік жылдары ғалымның Орталық Азияның жаңа және қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, этникалық, ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелері бойынша еуро-американдық зерттеулер негізіндегі талдау жұмыстары отандық тарихнаманың іргелі бағыттарының қалыптасуына елеулі әсер етті. Ғалымның еңбектері, методологиялық зерттеулері өз кезегінде тұтас институт ұжымы атқаратын ұлттық (этнос және этничность) мәселелер тарихына арналған іргелі зерттеу бағыттарын негіздеуге, айқындауға үлес қосты.
Бөлімде 2008-2010 жылдары институт директоры болып қызмет атқарған белгілі ғалым, тарихнамашы С.Ф. Мажитов ұзақ жылдар еңбек етті. Көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың тарихи көзқарасы туралы кандидаттық диссертация және ұлт-азаттық қозғалыс мәселесіне арналған («Народно-освободительное движение в Казахстане ХVIII-начала ХХ вв.: проблемы истории, теории и историографии») докторлық диссертациясын (2007 ж.) қорғаған ғалым азаттық үшін күрес тарихының теориялық-методологиялық негізі, тарихнамалық сұрақтары туралы жетекші ірі маман ретінде қалыптасты. Тарихшы ғалым 2004-2011 жж. жүзеге асырылған мемлекеттік «Мәдени Мұра» бағдарламасына белсене қатысты. Оның жетекшілігімен «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» («Мировая историческая мысль») атты кітаптар сериясы 14-том болып қазақ тілінде жарық көрді. Кәсіби тарихи білім беру бағытындағы жұмыстарға да барынша атсалысып келеді. «Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы» туралы оқулықтар, Қазақстан тарихының типтік бағдарламасын (бакалавриатқа арналған) әзірлеуге күш салды.
С.Ф.Мажитов бастаған бөлім қызметкерлері академиялық «Қазақстан тарихының» IV-V томдық басылымын шығаруға негізгі орындаушылар ретінде қатысты.
«Мәдени Мұра» бағдарламасының орындалуына бөлімнің басқа да қызметкерлері тартылды. Белгілі ғалым И.В. Ерофеева «Қазақстан тарихы XVI–XX ғасырлардағы орыс деректерінде» жобасына, Б.М.Сужиков «Қазақстан тарихы (XII-XXғғ.) батыс деректерінде» (орыс тілінде) басылымына жетекшілік жасады.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы мәселелері туралы теориялық-методологиялық пайымдауларымен қатар архивтік деректерді ғылыми айналымға ұдайы енгізіп, ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының модернизациясы туралы бірегей еңбектер ұсынған, бірнеше ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, белгілі ғалым Ж.Б. Абылхожин осы бөлімнің ғылыми әлеуетінің дамуына еңбек етуде.
Бөлімде елімізде тарихи информатика бағытында қорғалған тұңғыш докторлық диссертация орындалды. Бөлім қызметкері Қ.Ш.Әлімғазинов «Электрондық тарихи дерек көзі: теориялық-методологиялық аспектілері және деректанулық талдау технологиясы» 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдiстерi мамандығы бойынша зерттеу жүргізіп, «тарихи ақпараттың пайда болуы, сақталуы және презентациясының жаңа көрінісі – электрондық тарихи деректерді сандық әдістер арқылы деректанулық талдауға арналған» докторлық диссертация жазды. Зерттеу Қазақстан тарихының қазіргі кезеңінің материалдарын сақтаған электрондық деректемелерді мәтіндік талдап, пәнаралық синтезде орындалды. Жұмыста – электрондық нұсқадағы тарихнамалық және құжатнамалық мазмұндағы мәліметтер қоры, археографиялық, анықтамалық, библиографиялық басылымдар, мерзімді баспасөз шоғырын құрап, тұтастанған ақпараттық кешенге негіздеуімен қоса, электрондық дерек көздері жеке дара қазақстандық тарихнамада ғылыми айналымға тұңғыш енгізілді.
Ғылыми-зерттеу орталығында қарқынды дамып келе жатқан дербес бағыт Ауызша тарих туралы да атап айтқан жөн. Жоғарыда аталған 2015-2017 жж. қамтитын «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша еліміздің батыс, шығыс, солтүстік аймақтарына археографиялық экспедициялар жүргізіліп, 500-ден астам информанттан Ауызша тарих әдісімен сұхбаттар алынды. Арнайы электрондық мәліметтер базасы түзілді. Бұл кеңестік кезеңдегі тарихымыздың халық жадында сақталып қалған сәттері туралы естеліктерді тікелей куәгерлерді қатыстыру арқылы тарихи дерекке айналдыру бағытындағы ірі жұмыс болды.
Сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі ауызша тарихы, көшпелі қоғамдағы тарихи жады, фольклордың тарихи танымдық маңызы мен әлеуеті туралы ұлттық тарихнаманың өзегін құрайтын тың зерттеу жұмыстары Г.С.Жүгенбаева авторлығымен жүргізілді. Осы тақырып аясында бірнеше мақалалар, баяндамалар, зерттеу жұмыстары орындалды. Қожа-Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ жанындағы Еуразиялық ғылыми зерттеу институты жариялаған конкурста Г.С.Жүгенбаеваның «Қазақ түркілерінің тарихи жадындағы Қырым факторы» атты жобасы грантқа ие болып, батырлық жырлардың көшпелі халықтар тарихын зерттеудегі рөлі мен орнын айқындауға мүмкіндік берді.
2018 жылдан бері бөлімде тарих ғылымдарының дркторы, профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатова табысты еңбек етіп келеді. Оразгүл Хасенқызы отандық тарихнама және деректану, архивтану ғылымдары бойынша зерттеулер жүргізеді. 2018-2020 жылдары «Жеке қор құжаттары Қазақстан тарихының дерегі ретінде ( XX ғ. – XXI ғ. басы)» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында зерттеулер жүргізіп, 2 монография, 1 архив құжаттарының жинағын, 1 оқу құралын, 1 әдістемелік нұсқаулық, ҚР БҒССҚК мақұлдаған отандық басылымдарда 18, скопус базасында 3 мақала жариялады. «Асылбек Сейітов – тарихта қалған із» атты монографиясының тұсаукесері ҚР Ұлттық кітапханасында және Алматы қаласы мемлекеттік архивінде өткізілді. Қазіргі уақытта «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» атты ғылыми жоба бойынша зерттеулерін сәтті бастап, архив қорларындағы құжаттарды анықтап, талдауда. Үстіміздегі жылы «Посткеңестік республикалардағы архив ісінің дамуы және проблемалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми жоба шеңберінде орындаушы ретінде табысты еңбек етті.
Ғалым соңғы жылдары Мәскеудің, Санкт-Петербургтің және отандық орталық, архивтерде ізденіс жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Ұлы Даланың тарихы және мәдениеті» ауқымды жобасы аясында Қазақ Еліндегі ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының тарихнамасын терең талдады. «Қазақстан халықтары» интерактивті жол картасына қатысып, қазақтандық литвалықтар туралы зерттеу дайындады. О.Х. Мұхатова институт және бөлім ұйымдастыратын халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, дөңгелек үстелдердің жұмыстарына белсене араласады. Ұжымдық зерттеулер, архив құжаттары жинақтарын дайындаудан да шет қалмайды. Баспасөз беттерінде жарияланымдар жасауға да жіті көңіл бөледі. Соңғы кездері республикалық БАҚ беттерінде бірнеше мақалалары жарық көрді.
Бөлім Г.С.Жүгенбаеваның модераторлығымен институт ғалымдарының ой-тұжырымдарына арналған методологиялық семинар жұмысын жүргізіп келеді. Методологиялық семинар тақырыптары Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған. Мұнда Х.С.Алдажұманов, Ә.Даулетхан, О.Х.Мұхатова, С.К.Рүстемов, А.Капаева, Г.К.Көкебаева, т.б. белгілі ғалымдар өздерінің зерттеу бағыттарымен, концепциялық тұжырымдарымен бөлісті. Мәселен, 2017 жылы бөлім қызметкерлері «Ауызша тарих» ғылыми-зерттеу жобасына қатысты зерттеу нәтижелерінің теориялық-методологиялық сұрақтарымен қатар, әдіс-тәсілдері және қолданбалық маңызы туралы тың пікірлер алмасты.
Тәуелсіз тарихи сананың дамуы, ұлттық тарихнаманың өркендеуі, тарих философиясы туралы ой-ізденістердің маңыздылығы методологиялық семинарда қорытылуы тарихшы ғалымдардың кәсіби кемелденуі үшін қажетті алаң болып табылады.
Сонымен қатар, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК) мақұлдаған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасындағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет