Ал 1924 жылы Орта Азияны межелеуден соң:
Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері; Әулиеата уезінің көп бөлігі; Ташкент, Мырзашөл уезіндерінің бір бөлігі, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері Қазақстанға қарады.
5. Жаңа саяси өзгерістер
РСДЖП енді БКП (б) – Бүкілресейлік Коммунистік партиясы деп аталды;
Қазақстанда партия мүшелерінің санын көбейту;
Бүкілресейлік Коммунистік Жастар Одағы (комсомол) мүшелерін көбейту (Ғ.Мұратбаев, М.Төлегенов, Қ.Тәштитов т.б.);
Кәсподақтар құрылды;
Әйелдер қозғалысы (Н.Құлжанова, А.Оразбаева, Ш.Иманбаева, С.Есова);
Қызыл отаулар ұйымдастыру;
Кеңестендіру мен сауаттандыру.
Мәдени құрылыстың міндеттері
- Сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
- Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.;
- Өлкеде өнердің жаңа түрлерін — музыка, театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
- Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;
- Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
- Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
- Алаш зиялыларын осы құрылысқа тартуға мәжбүр болды
Қорытынды:
- Қазақ жерлерінде Кеңестік құрылыс орнығып, бұқара еңбекшілер мүддесін қорғайтын саясат жүзеге асырыла бастады.
- Ұлттық кадрлар жетіспегендіктен орталықтан мамандар жіберілді;
- Бірақ, оны жүзеге асырушылар көп ретте өлкенің ұлттық, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктерін түсіне алмады;
- Нәтижесінде “Асыра сілтеу” саясаты орныға бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |