Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ, оның бастапқы кезеңінің күрделі, әрі қарама-қайшылықта толы болғандығын байқаймыз



Дата24.02.2022
өлшемі16,2 Kb.
#133188
түріҚұрамы
Байланысты:
Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), тәрбие құралдары, ӘНХ (2)

Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ, оның бастапқы кезеңінің күрделі, әрі қарама-қайшылықта толы болғандығын байқаймыз. Алғаш патшалық Ресей құрамында отарлық дәурді бастан кешірген өлке, кейін Кеңестік биліктің ықпалына түскен Қазақстан аймағы аса күрделі таптық және идеялық күрестерге толы болды.

Тоталитарлық жүйенің қанды шеңгеліне жол ашқан 30-шы жылдарға қарағанда, 20-шы жылдардың басын еркіндік, кең-тыныстау жылдары деуге де болады. Дәл осы жылдары “Алаштың” көшбасшыларына айналған алғашқы білімді қазақ жастарының легі пайда болды және олар жаһандық үрдістерден сабақ алып, соған орай өлкенің мәдени-рухани жағынан дамуына, халықтың саяси санасының оянуына ықпал етіп жатты. Сол себепті де әр дәуірдің өзіндік басты құндылықтары болса, ал аталған тұстағы жас білімпаздардың жаһандық үрдіске тартылуы да өзінің өзектілігімен негізделіп отыр.


Себебі ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі қоғамдық санада ұлт-азаттық идеяларының күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп айтуға болады. Бұған ұйытқы болған ұлттық мәдениеттің жанашырлары – қазақтың білімпаз жастары еді. Ұлттың жаршысы болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған олар, азаттық идеяларын жалпыұлттық санаға айналдыру жолында қызмет етті.


Кейін кеңес өкіметі орнаған соң, ұлттық интеллигенцияның мәдениет саласындағы қызметін-азаттық жолындағы күрестің ерекше түрі деп түсінген дұрыс.


Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл жастардың өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.


Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты


Бұл мәселені жан–жақты, әрі терең қарастыру еліміздің мәдениет тарихын зерттеуге қосылған белгілі деңгейдегі үлес болар еді. Сондықтан біздің ғылыми жұмысымызда негізінен жаһандық үрдіске ұмтылған қазақ жастары мен олардың өлке мәдениеті мен ағарту саласына, кітапхана ісінің жандануына қосқан үлесін негіздеуге тырысамыз.


ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді.


ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Аталған қалаларда жылына 3-4 степендия белгіленіп қазақ жастары оқуға жіберіліп отырды [2].


Мәселен 1877 – 1917 жылдары Қазан университетінде 37 қазақ жастары оқып, 20 - cы бұл оқу орнын бітіріп шыққан [3].

Мұрағат құжаттары және сенімді деректердің негізінде жасалған Ғ.Ахмедов ұсынған тізімнің көрсетулеріне қарағанда, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х.Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды.


Ресейдің Петербург және басқа да үлкен қалаларында білім алған зиялылар бұл кезде қазақ жазба әдебиетін қалыптастыратын шығармашылықпен айналыса бастаған. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады.


Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды.
Білім алған қазақ жастырының Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, елдің әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер.

1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды.


1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды


ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін көтеруі, сонымен бірге ақпан ревалюциясы тұсындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілік үшін күрестері мен кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ зиялы қауымының ұлттық автономия мәселесін көтеруі сол уақыттың талабы болды.


Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған іс әрекеттері, ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру қызметтері тарих беттері арқылы талдау жасау негізінде сол уақыттағы ұлттық идеялар, бүгінгі күнге бастан кешіріп отырған тәуелсіздікке жол салды.


Қазақстанның ХХ ғасырдың соңында тәуелсіз мемлекет болуына жол салғандығы айқындалды. Бүгінгі таңда мемлекет құрылысына аса қажет жер, мемлекеттік тіл, ұлттық мемлекеттік идиология, ұлттық діл, ұлттық сананың қалыптасуы, ұлттық демократия секілді өзекті мәселелерді шешуде өткен ғасырдағы қазақ мемлекетілігінің дербестігі үшін күрескен қазақ зиялыларының еңбектері мен көзқарастарының маңызы зор.




Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің құрылысы мен болашағына жол ашуда ХХ ғасырдың басындағы қазақ білімпаз жастарының, соның ішінде Алаш қайраткерлерінің еңбектерінің ықпалы бар екендігі анық. Алаш қайраткерлерінің қан төгіс пен қиратып бүлдіруге емес, керісінше демократиялық, өркениетті идиологиялық әдіс тәсілдер арқылы тәуелсіз мемлекетті жаңғырту жолдарындағы әрекеттеріне баға жетпейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет