Кеңгір селосы #2 жббм кмм-нің 11"А" сыныбының сынып сағаты. Тақырыбы: «Рухани келісім күні»



Дата14.11.2022
өлшемі17,12 Kb.
#158108
Байланысты:
СЫНЫП САГАТ 14.10.22


Кеңгір селосы #2 ЖББМ КММ-нің 11"А" сыныбының сынып сағаты.

Тақырыбы: «Рухани келісім күні»


Жетекшісі: Асаубаева Замзагүль Тауфиховна

Өткізілген уақыты: 14.10.2022

Мақсаты: Рухани келісім күніне сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткізу.


18 қазан - Рухани келісім күні



Ұлданай: Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы бірнеше жерде баяндалған. Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі: «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бас­таймын!
Халқымыздың бишешендері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғибратты толғауларында, өлең-жырларында өзара келісімді насихаттаған. Майқы бидің: 
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген нақыл сөзі қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.
Елбасының игі бастамасымен елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлт­аралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміздің жеткен басты жетістіктерінің бірі. 
Мирас: Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.
Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама. 
Аллаға шүкір, біз әлмисақтан бері мұсылманбыз. VIIІ ғасырда Орталық Азияға, оның ішінде қазақ топы­рағына жеткен Ислам сол дәуірден бері халқымыздың жүрер жолы, мемлекетіміздің рухани тірегі болып келеді. 
Мансұр:Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік, татулық – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. 
Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Жаратушы Раббымызға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді, әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, экономикамыз даму үстінде. Ендеше, халықтың әл-ауқатын бұдан әрі көтеру үшін бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйткені бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз.
Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, діндер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев діннің қоғам­дағы маңызды рөлін ескеріп, әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының съезін өткізуге ұйытқы болды. «Заман күнде өзгереді, ал дініміз – мәңгілік», деген қанатты сөзді айтқан Елбасы әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларын бір үстел басына жинап, ортақ мақсаттар туралы салиқалы сөз айтуға мүмкіндік туғызды.
Ақниет: Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған негіз болған 25 жыл бойына 18-қазан күні аталып өтілетін Рухани келісім күні! Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат - еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. 1992 жылдың қазанында Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен тұңғыш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен болатын.
Ислам: Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан. Бұл жөнінде Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз», – деген.
Ислам діні татулық мен мейірімділікке шақырады. Адамдарға мейіріммен қарау, дауласқанды татуластыру, көршімен қарым-қатынаста болу мұсылманды нұрландыратын әрекеттер. Көршімен-көрші, ел мен ел тату болса, әлемде бейбітшілік орнайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) исламның ынтымағы мен бірлігін сақтау жолында өте сабырлылықпен әрекет етті. Қоғамның ынтымағы мен бірлігі, дін исламның өркендеуі үшін жасаған қызметтері, расында да, үлкен жетістікке жеткізді. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі.
Тәуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.
Барша халықты мейірімділікке, игілік, бірлікке үндейтін Рухани келісім күні құтты болсын! Әрбір отбасында тыныштық, береке болсын. Жаратушы Иемізден елімізге береке, бірлік, еңселі ел болуымызды тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет