Тақырыбы: Қаржы саласын реттеуші нормативтік-заңнамалық актілер тақырыбына КЕЙС
Қабылдаған:
Орындағандар:
Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде елдің қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне өтті. Болашақта оның табысты жұмыс істеуі үшін негіз құруға бағытталған реформалардың көп бөлігі жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда неғұрлым реформаланған болып табылады және қаржы секторының даму деңгейі бойынша посткеңестік кеңістік елдерін бірнеше жылға басып озады. Ол ең прогрессивті деп танылды және мұны жетекші халықаралық сарапшылар растайды.
Қаржы секторына мемлекеттік реттеу және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттік органдарға: Үкіметке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне оларға заңмен бекітілген функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде бекітілген.
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың жаңа мақсаттары айқындалған:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау;
2) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
3) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |