Кейс: «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру» бағдарлама даярлау ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру Мотивация



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі26,54 Kb.
#92067
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
психология сро 3

«Су толы тәрелке» жаттығуы
Мақсаты: топта өзара түсінісушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру.
Тапсырма: тренигке қатысушылар көздерін жұмып, үндемей отырып шеңбер бойымен отырып су толы тәрелкені бір-біріне береді.
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
Сіздің ойыңызша қолыңыздан не келмеді?
Оны қалай түзетуге болады?
Жаттығу орындау барысында қандай эмоцияларды басыңыздан өткердіңіз?

Релаксация «Күн шуақты алаңқай» (баяу музыка үнімен)


— Орындыққа жайғасып, ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, үш рет терең демалыңыздар. Өздеріңізді күн шуақты алаңқайда жүрмін деп елестетіңіздер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.
— Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер?
Көңіл-күйлеріңізқалай?
Рефлексия.
Тренингке қатысушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында «Мен нені үйрендім?» деген аяқталмаған сөздер бланкісі беріледі:
Мен … үйрендім
Маған ұнады …
Мен … туралы білдім
Мені … таңғалдырды
Маған ең маңыздысы … болды.
Маған ұнамады …
Педагогтар шеңберде тұрып өз ойларымен бөліседі.
Психолог: — Белсенділіктеріңіз үшін барлықтарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет