Тақырып 1.4.
Кейс-стади.
Кейсте көрсетілген бұзушылықтар және соған ұқсас басқа да фактілерді анықтау үшін мемлекеттік аудитор аудит жүргізеді.Тексеріс барысында аудитор мемлекеттік аудит стандарттарына сүйене отырып әрекет етеді.
Дәлірек айтар болсақ:
Әдептілік- бұл стандарт барлық аудит жүргізу процесінде негізгі орында тұрады.Мемлекеттік аудитор әдеп қағидаттарын және кәсіби мінез-құлық шарттаын әрқашан ұстануы тиіс
Тәуелсіздік-бұл стандарт арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу.
Объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |