"Кел балалар оқылық" эссе



Pdf көрінісі
Дата21.01.2022
өлшемі33,01 Kb.
#112919
Байланысты:
"Кел балалар оқылық" эссе



“Кел балалар оқылық”-деп балаларды оқу-білімге шақырған жазушы, қоғам

қайраткері, этнограф Ыбырай Алтынсарин.Ыбырай Алтынсарин - қазақ балаларын,

жалпы қазақ ұрпағын сауатты əрі білімді болуын қалаған адам.Ыбырай Алтынсарин

ұлттың бала тəрəбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық

ерекшелігіне сəйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын

болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай Алтынсарин болыс мектептеріндегі бірінші

бөлімнің оқыту бағдарламасының əрбір ауыл мектептерінде болуын қалады жəне соған

қол жеткізе алды. Нақтырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек

бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.Ыбырай Алтынсарин тек

“Кел балалар оқылықпен” шектелмей “Оқу құралы”,”Семья мен мектеп”,”Халық мектебі”

сынды жинақтар жазып шығарады.Ыбырай Алтынсаринның өлең, əңгімелерінің

ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың

өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай əңгімелерінің негізгі мазмұны:

балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тəрбиеге баулу болып табылады. Ол

ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске

асады деп санады.Ыбырай Алтынсарин қазақ елінің дамуын,өркендеуін,білімді болуын

қалады жəне оны жасады.

“Кел балалар оқылық” мектептердің ұраны десек қате емес.”Кел балалар оқылықты”

білмейтін қазақ баласы кемде кем.Ақын өзінің белгілі өлеңінде:

“Бір Құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Ықыласпен тоқылық!”-деген жолдарды əдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын

айтуда бала жүрегіне жол таба білген.Өлеңнің əр сөзі мағыналы,терең ойға

салады.Өмірдегі сарқылмайтын байлық-білім.Білімге адамның қолы жету үшін,ерінбей

оқу,қажымас еңбек ету керек.”Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ”-деген дана

халқым,қазір білімің болмаса күн көруің қиын.Қазір ақшадан бұрын білімің

маңызды.Жас ұрпақ білімді болса, ол ертеңгі еліне, жеріне қызмет ететін тұлға болып

өседі.Тəрбиені ата-анадан алсақ,білімді мұғалімнен аламыз.Мектеп-үйрететін орта

болса,оның жүрегі-мұғалім.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс —

оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.Мұғалім оқушыны жаман

болғанын емес,ірі тұлға болғанын қалайды сол үшін бар білгенін үйретуге

тырысады.Оқушының жетістігі,ұстаздың жетістігі.”Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” егер

саналы,білімді ұрпақ көп болса болашақ жарқын болатыны айқын.Оқу,білімнің пайдасы

болмаса,зияны жоқ деп санаймын.Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің

бірі – білім. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде

немесе көркем əдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл –

ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы

ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан

да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну

мен түйсіну, алған əсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – əрбір адамның білігі мен білімін,

пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Ақыл — ой тəрбиесі əр

заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға жəне ғылымға

ұмтылыс халық санасының тереңінен əрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам

дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін жəне

заңдарын мақсатты игерудің нəтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді

меңгере алатынын түсінді. Білімнің мəнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды

сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас бұлақ» деген

халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет