Кел,Абайжан,қоңыр қозым Әже, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?


Абай:-Сәл сабыр етші Тоғжан! Тоғжан



бет4/4
Дата17.05.2020
өлшемі18.12 Kb.
1   2   3   4
Абай:-Сәл сабыр етші Тоғжан!

Тоғжан: -Бөгелмеңіз, барыңыз. Енді маған келмеңіз, таяуда атастырылған күйеуім келеді.

Абай: -Енді екеумізге қайтып кездесу мүмкін емес дегін кеп тұр ғой

Тоғжан: -Иә, енді бәрі кеш (аттың даусы естіледі). Біреулер келе жатыр. Менің әкем Сүйіндікпен сіздің әкеңіз араз екенін бүкіл ауыл біледі. Олар егер бізді ұстап алса, сізді бірінші жазалайды. Келе жатыр.

 (Айттым сәлем Қаламқас әні орындалады)



Абай: -Қош Тоғжан Қош......

Әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» романында қос дара тұлға – Құнанбай мен Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді. Әке мен баланың арасындағы диалог әйгілі романды оқығандарға жақсы таныс болуы керек. Құнанбай ұлына не деп мін тақты? Әке сөзіне Абай қандай жауап қатты?

Құнанбай;- Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда! Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.

Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді. 

АБАЙ – Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.



Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...

Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет