Интеллект
(
лат.
іntellectus
— таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-
ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын
белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект -
адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты
мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі
жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
•
оқуға деген қабілеттілік;
•
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой
операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Қабілет
— тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен
көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті
нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара
- психологиялық ерекшелігі.
Дарындылық
-
•
қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы
өзіндік байланыстыруы;
•
адам мүмкіндіктерінің кендігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы
қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері;
•
ақыл әлеуеті, немесе парасаттылығы,
оқуға
деген танымдық мұмкіндіктері
мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы;
•
қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи
себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы;
•
таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың
бірі.
Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы
мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының
жалпы сипаттамасындай, кешенді зерттеуді талап етеді:
психофизиологиялық, дифференциалды-психологиялық және әлеуметтік-
психологиялық педагогикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |