Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік -
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілік –
адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық
білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады.
Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық,
философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни
кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным -
сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға,
нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып
келеді.Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан
көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: