«Келісемін» отж бойынша директор орынбасары Назиров Д. Топ жетекшісі: Мирхашимов М. М. Сайрам – 2015 Тақырып: «Қош келдің Наурыз»



бет2/2
Дата18.02.2018
өлшемі9 Mb.
#37927
1   2


«Келісемін» ОТЖ бойынша директор орынбасары Назиров Д.


Топ жетекшісі: Мирхашимов М. М.

САЙРАМ – 2015

Тақырып: «Қош келдің Наурыз»


Өтетін орны: Колледж Акт Залы
Өтетін күні: 11 ақпан, 2015 ж
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы

екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру; өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру; ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру; қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: безендірілген зал, компьютер-проектор, ұлттық тағамдар және бұйымдар
Оқытушы: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Қош келдің Наурыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1-бастаушы:

Ассалаумағалейкум барша халық,

Қартқа құрмет,сыйлайық жасқа шабыт

Салты солай Наурыздың.....

Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.

2-бастаушы:

Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.

1-бастаушы:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.

2-бастаушы:

Тілейді олар:

- Болсын-деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы

Салты солай Наурыздың...

Ей,адамдар, тым болмаса Ұлы бол, Ұлыс күні!

2-бастаушы:

Құрметті қонақтар,балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

1-бастаушы:

Наурыздың аппақ қарындай, ақ киімшегі ананың аппақ арындай аспазшыміз өзінің шәгірдтерімен кележатыр. Қош келіпсіз, аспазшы!

Қасына 7 шәгірдтерін ерткен аспазшы кіреді. Табақшаларында Наурыз көже, шашу, дән, су, ақ (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән және жеміс-жидек) және қызылдан (ет тағамы) 7 түрлі тағамы бар табақша. Шәгірдтер ыдыстарын әдейі дайындалған үстелге қояды. Қыздар иіліп ұлдар қолдарын кеуделеріне қойып сәлем етеді.

Аспазшы:


Уа халайық, бүгінгі мейрамға жыйналып қалыпсыңдар ғой. Ал, мейрамдарың құтты болсын. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, табыс, құт береке, қуаныш әкелсін. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» - Мен 7 күлше әкелдім. Алыңдар ауыс тиіңдер! - деп аспаз отырады

Тазша:


Туа сала атандым Тазша бала,

Мендей аңқау болмас ау басқа бала.

Наурыз тойы басталды дегенді естіп,

Көк есекпен желдірттім жас та бола.

Алдар:

Мен Алдармын, алдаймын,



Сайтанды да арбаймын

Сараңдарға қаттымын,

Мырзаларға балдаймын.

2-бастаушы:

Алдар ата, Ұлыстың ұлы күні сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.Төрге озып қонақ болыңыздар.

Алдар: Иә, балам, біз ойын-ойнап, той-тойлаумен бірге балаларға ескіден қалған есті сөздерді нәсихаттап жүрміз. Білгенге маржан деген емеспе?

1-бастаушы:

Олай болса, ата тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!

Алдар:

1. Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны балалар білеме екен?



Жауап: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұйыққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.

2. Жеті жұртқа не жатады?

Жауап: Иә, жұрт жеті ағайынды дейді. Олар: Жұрт, қуаншылық, індет, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.

3.Бәрекелді балаларым. Соңғы сұрақ. Жеті қазынаға не жатады?

Жауап: Ақыл-ой, денсаулық, ақ-жаулық, бала, көңіл, жер және ит.

Тазша бала:

Атасы, біз балаларды сынаймыз десек олар Алдар атанған, Сіз бен суайт атанған менің аузымды аштырар түрі көрінбейді, одан да осылардың өнерін тамашалайық.

2-бастаушы:

Жер көгеріп шөп қаулап,мейірін бір қандырар,

Күлге тосып арқасын жан-жануар албырар.

Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар,

Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.

1-бастаушы:

Келген кезде Наурызым жапан біткен жаңғырар

Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,

Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар.

2-бастаушы:

Көктемді жыл басы, табиғат жаңашылы деп білеміз. Өйткені, көктемде ұйықтап жатқан аң оянады, жер көктейді. Сай-сала суға толады, алғашқы гүлдер шығады, құстар мекеніне қайтады.

Наурыз мейрамы — Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

1-бастаушы:

Бұл күн –күн мен түннің теңелетін, жан –жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

2-бастаушы:

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

«Наурыз көже».

Наурыз тойын әдемі, Ашылды да кебеже

Аспаз еске түсірді. Дәм әзірлеу басталды.

Біздерге арнап әдейі, Аспаз Наурыз көжеге,

Наурыз көже пісірді. Жеті түрлі ас салды.


Бидай, тары, күріш бар, Салтымен ата-бабамның

Бар сүт ет пен шұжығы Жаңғырды қайта заманым!

Ашы құрты тағы бар, Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз!

Көже елдің ырғызы. Қайырлы болсын, қадамын!

1-бастаушы:

Азаматтың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Наурыз табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын сән-салтанатты мәнді де сәнді және мағыналы мереке.

2-бастаушы:

Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.

1-бастаушы:

Көп ұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

2-бастаушы:

Қазақстандықтар үшін Наурыз — айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.

Бірге:

Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



Наурыз мейрамында жасалатын ұлттық тағамдар

Наурыз мейрамында «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» - деп тілек айтылып тағамдар әзірленіледі. Ұлыс күні дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ақ мол болады деп ырымдап, әйелдер қауымы дастарқанда тағамның көп болуына қатты назар аударады.

Ақ тағамдар, мысалы жылқы сүтінен қымыз ашытады, түйе сүтінен шұбат жасайды, сиыр, қой-ешкі сүтінен айран, құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, малта, ежігей, ақлақ, уыз, уызқағанақ, қатық, сүзбе, тосап, сүт көже, көбік, көпіршік, ақірім, сарымай сияқты әр алуан тағам, ал ұннан нан, қиықша, шелпек, таба нан, төп, бөртпе, қазанжаппа, жарма, күлше, төңкерме, нан салма және қолдама, еттен қазақша ет және еттің сорпасынан наурыз көже жасайды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының түрлері

Қазақша ет.Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Қуырдақ. Қуырдақ - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақтысұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді.

Сірне. Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ құйып, тұз салады да, буын сыртқа шығармай, бұқтырып жайымен қайнатады. Сонда сүт те, қаймақ та етке сіңіп, оның сүйегіне дейін жұмсарып пісіп шығады.

Ақсорпа. Ерте замандардан бері қазақ семіз жылқы, сиыр сойған кезде, соғым сүйектерін далаға тастамай, жинап қоятын болған. Ет таусылған жағдайда, сол сүйектерді қазанға салып, су құйып қайнатқан. Майлы сүйектер қайнаған кезде, одан кәдімгі майлы сорпа шығады. Түсі ақшыл болғандықтан, оны «ақ сорпа» деп атайды.

Салма. «Нансалма» немесе «кеспе» деп аталатын бұл ұлттық тағам нан кеспесінен және еттен пісіріледі. Қамырды жайып, ұзынша етіп кесіп алып, суға салып пісіреді де, үстіне туралған ет қосады. Сорпасы көп бұл ас жеңіл тағам болады. Салманы көбіне сиыр, қой етінен пісіреді. Жылқы етін пайдаланбайды.

Борша. Қымыз кезінде таптырмайтын, жұмсақ әрі дәмді тағам. Ірі қара етін жұқалап әрі ұзыншалап, боршалап кесіп алады да, тұз, бұрыш сеуіп, темір істікке шаншып, шоққа тақтап пісіреді. Қақтау кезінде кезек-кезек аударып отырады, түсі қызылқоңырланып, исі бұрқырап шықса, дайын болды деген сөз.

Қарын бөртпе. Бұл тағам кейбір өңірлерде «бұжы» деп те аталады. Жаңа сойылған, ұсақ малдың етін, майын, бауырын, жүрегін, өкпесін ұсақтап турап араластырып, пияз, ұн, қосады да, оны қарынға немесе бүйенге тығып, аузын жақсылап түйреп қазанға қайнатады.

Мипалау. Аты айтып тұрғандай мидан дайындалатын тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластыралы. Қымыз, айран немесе сүзбе қосып, майлы сорпа құйса, мипалаудың дәмі тіптен керемет болады.

Шыж – мыж. Қазақтың «мың сіз-бізден бір шыж–мыж артық» деген сөзін естулеріңіз бар болар? Әдетте жылқы сойылып жатқанда, қасапшылар қуырдақ дайын болғанша, ауызға салып жіберетін жеңіл тағам дайындайды. Шыж-мыж соғымның бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап шала пісіру арқылы дайындалады.

Қойды үйтіп сою. Бұл тамақтың дайындалу тәсілі мынадай. Семіз әрі жас қой бауыздалған соң, терісімен үйтіледі. Қойдың түсі ақ немесе боз болғаны жақсы, қара қойдың еті үйтілгенімен қарақоңыр болып көрінеді. Толық үйтіліп, қырылып, тазалап жуылған соң, терісімен бірге жіктеліп, мүшеленеді. Майы шығып үйтілген құйқалы ет, әдеттегідей сойылған қой етінен әлдеқайда дәмді болады.

Наурыз көже. 22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді.

Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын.

Шұбат – түйенің сүтінен ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақтап піседі, екі-үш күннен соң ішсе өте дәмді. Ол да өте шипалы. Қаймақ – сүттен алынады. Оның түрлері: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ. Бұл жердегі бал қаймақ – бал қосып қоюлатылған түрі.

Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған сүттен іркіт жинап, қазанға құйып қайнатып, суыған соң қап-шыққа салып суын сорғытады, сосын әртүрлі үлгіде жасап кептіреді. Құртты жақсы көрмейтін қазақ жоқ. Құрткөже – суық суға ұн қосып араластырып, басқа ыдыста қайнаған суға тұз, күріш салып, екі сұйық- ты араластырып қайнатады, оған езілген құртты құяды. Ыстықтай ыдысқа (кесеге, тостағанға) құйып, үстіне сары май салып ішеді.

Ежігей – оны құрт тәрізді әзірлегенмен, ашымаған іркіттен жасайды. Дәмі тәтті, өзі жұмсақ. Балалар да, үлкен кісілер де өте жақсы көреді. Ірімшік – сүтті ірітіп жасалатын дәмді тағам. Ол – дастарханның сәні. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады.

Жент – диірменге тар-тылған немесе келіге түйілген тарының сөгіне жылқының майын немесе сары майды қосып, қант, бал, мейіз, ірімшік қосып жасайды.

Сарысу – ірімшіктің сары суына қант қосып қайнатады. Оны «қазақтың шоколады» деп те атайды. Өте дәмді тағам.

Ақлақ – қой сүтінен жасалады. Қайнаған қой сүтін ірітіп, сарысуын жібермей сүзіп алып, майға езіп дайындайды. Үлкен де, кіші де сүйсіне жейді.

Уыз – мал төлдегеннен кейін 2-3 күн өтісімен сүтін сауып алып, ішекке салып пісіреді. Уызды жеке кастрюлге құйып, қазанда қайнап жатқан судың ішіне қойып та пісіріп, мұздатып алып дастарханға қояды. Қазақтар соғым етіне қосып та қонағының алдына қояды.

Уызқағанақ – қойдың уыз сүтін бүйенге құйып, аузын буып, бақыраштағы суға салып пісіреді. Ол – қойлы ауылдың сүйікті асы. Қорықтық – жазда ыстық тастың шұңқырына қойды сауып жасайды немесе ыстық малта тастарды бақыраштағы сүтке салып, оны пісіреді. Ол – далада қойшылар жасайтын тағам.

Қатық – ұйытылған сүттен жасап, қорек етеді. Дәмі тіл үйіреді. Айран – сиыр сүтінен ашы- тып жасап, ішеді. Оны жылдың төрт мезгілінде жасап ішуге болады. Ұйытылған айран - әрі тамақ, әрі сусын. Адам денсаулығына өте пайдалы.

Сүзбе – ұйытылған айраннан сүзеді, тұз салады. Жұмсақ құрт, ежігей сияқты жеуге де болады

Май – сүттен алынған қаймақты шайқап май алады, дәмі татымды болуы үшін тұз салады. Мамыр айындағы сүттен алынған май өте құнарлы да қадірлі. Қазақтар майды қойдың тазартылып, кептірілген қар- нына салып сақтаған. Қарында сақталған майдың дәмі өте айрықша.

Торта – Сары майды қайнатқанда түбінде қалатын қою тұнба. Ол ашқылтым да дәмді.

Балқаймақ – жаңа тартыл-ған қаймақты шағын ыдысқа салып, баяу қайнатады. Дайын тағам – тіл үйірген балқаймақ. Оны жеген қонақтар үй иесінің әйелін мақтап, ырза болып кетеді.

Тосап – қой сүтінен дайындалады, дәрулік, емдік қасиеті бар.

Сүт көже – сүтке сөк немесе күріш қосып қайнатып жасайды. Ашыған көже – құрамында су, ұн, тұз, сүт бар сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге болады. Әсіресе, күн ыстықта шөлдеп үйге келгенде, салқын ашыған көже ішсең, шөлің басылып, рахаттанып қаласың. Сүмасүт – оны «сүттік» деп те атайды. Сағыз орнына жүретін бірегей нәрлі тағам. Ертеде жасалған.

Көбік – құрт қайнатқанда бетіне шығатын дәмді қышқыл. Қыз-келіншектер көбікті жалап, ашылауға құмар.

Көпіршік – сиыр сүтіне қымыз қосып қайнатқанда бетіне шығады.

Ақірім – сүр еттің сорпасына айран, қатық, қымыздың бірін қосып араластырып жасайды, сусын ретінде ішеді.

Малта – езілген құрттың ұсақталған түрі. Жұп-жұмсақ болады.


Тупроқни уйғотиб майса чўзди бўй, Бош узра қуёш ҳам қилади ханда,

Табиат келиндек бунчалар хушрўй, Мунис бир туйғулар меҳмондир танда.

Баҳор кунларида ҳар бир кунинг тўй, Истиқлол шамоли эсгай Ватанда,

Халқим, бу кун сенга Наврўз муборак! Халқим, бу кун сенга Наврўз муборак!


Булбул лисонида ишқ тўла хониш, Аждодлар пок руҳи бизларга мадад,

Гулнинг кўзларида севиниш, ёниш. Момолар дуода — бўлсин ижобат,

Бунда ҳар бир япроқ ўзингга таниш, Ҳали айтилмаган сўзлар беадад,

Халқим, бу кун сенга Наврўз муборак! Халқим, бу кун сенга Наврўз муборак!


Йиллар бўйи сени кутаман, Келдинг, ўлкам узра кўзларда қувонч,

Кўнглим овунчоғи – гўзал баҳорим. Қалбим шодликдан уради туғён,

Келгин, келақол, кўп муштоқ этма, Дилларда сурур-у, кўзларимда нур,

Интизорим – серзавқ баҳорим. Само ва табиат яшнайди ҳар он.


Сенсан қизларнинг лабида жилға,

Сенсан йигитларнинг кўксида лола.

Қалбларда мавжланиб мисоли долға,

Ҳаммаёқ безанган гўзал гуллола!


Инсон борки дунёда, Нишонлаш яхши кунни,

Эзгуликни истайди. Азалдан одат бўлган.

Бахт сўроқлаб зиёда, Меҳнаткашни, меҳнатни

Яхши кунни излайди. Куйлаш саодат бўлган.


Яхши қўшиқ-лапарлар, Шу боисдан янги кун

Хиргойидан бошланар. «Наврўз» дея аталди.

Тун ва кун тенглашган кун Эзгу ниятлар билан

Март ойидан бошланар. Ерга уруғ қадалди.


Турли гина қудратлар Наврўз доим бор бўлсин,

Барҳам топган шу куни. Яхшиликлар ёр бўлсин.

Қалбдаги жароҳатлар Улуғ ният қилганнинг ,

Малҳам топган шу куни. Ҳар куни баҳор бўлсин!


«Наврўз» – халқимизнинг яратувчанлик меҳнати билан боғлиқ, орзу-умидларини куйлаган, унинг турмуш тарзи, маънавияти, миллий руҳини халқ ижоди усули ва услублари ёрдамида тараннум этган, халқимизинг бой миллий санъатини, урф-одатларини ўзида сақлаган байрамдир.

«Наврўз» кунларида халқимизнинг оғзаки ижодидаги турли-туман жанрлар ажойиб шаклларда, бутун нафосати билан намоён бўлишини кўрамиз. Шулар билан бирга «Наврўз»нинг ҳозирги шароитдаги жуда катта маънавий-тарбиявий қимматини бир дақиқа ҳам унутмаслигимиз даркор. У кишиларни, айниқса, ёшларни одамийликка, дўстликка, ўзгаларга ҳамдард бўлишга, меҳрибонликка, меҳр-оқибатли бўлишга ундайди.

Наврўз – тириклик рамзи, ҳаёт байрами. Чунки баҳор келиши билан борлиқнинг ранги, таровати ўзгаради. Иккинчи томондан, табиат неъматларининг ижодкори ҳисобланган деҳқон далага чиқади. Қадимда хўкизга омоч қўшилган. Учинчи бир жиҳат, бу кунда момоларимиз сумалак тўла дошқозонларни қайнатишган. Буларнинг ҳаммаси, оғоч ковагидан бош кўтарган ёки мудроқ уйқусидан уйғонган чумоли мисоли инсонларнинг қишдан сўнгти тириклиги, ҳаётидир.

Наврўзнинг шаклланиш даври – энг қадимги замонлардан «зардуштийлик»нинг пайдо бўлишигача давом этган асрларни ўз ичига олади.

Ўзбек халқининг алломаларидан бири Абу Райҳон Беруний «Қадимий халқлардан қолган ёдгорликлар» китобида Қуёш йили ҳисобида йилнинг биринчи ойи деб саналган Фарвардин ойи тўғрисида сўзлаб: «Бу ойнинг биринчи куни Наврўздир, – дейди. — Наврўз йилнинг биринчи куни бўлиб, унинг форсча номи ҳам шу маънони англатади. Наврўз эронликлар «зиж»лари бўйича ўтмиш замонларда, улар йилларини кабисали қилган вақтларида Қуёшнинг Саратон буржига кириш пайтига тўғри келар эди. Сўнгра у орқага сурилгач, баҳорга келадиган бўлди. Энди у бутун йил унга хизмат қиладиган бир вақтда, яъни баҳор ёмғирининг биринчи томчиси тушишидан, гуллар очилган, дарахтлар гуллашидан мевалари етилгунча, ўсимлик униб чиқа бошлашдан такомиллашгунча давом этган вақтда келади. Шунинг учун Наврўз оламнинг бошланиши ва яратилишига далил қилинган».

Қадим-қадимдан Наврўз холис ниятли кишиларнинг севимли айёми бўлиб келган. Ўша кунларда ҳатто уруш-жанжаллар ҳам тўхталган, гина-қудратлар кечириб юборилган. Шоҳлар эл ичидан энг муносиб кишиларни тақдирлашган, айрим маҳбусларнинг гуноҳидан ўтишган.

«Бу байрамни баҳори баробар келгувчи, бир хил йиғлаб, бир хилда кулгувчи, мучал йилини билгувчи, урфини ҳурмат қилгувчи талай элу элатлар, мазҳаблару миллатлар янги йил деб нишонлайдилар. «Тўқсон»нинг бахайр ўтганини, яъни «кўк»ка оғизлари етганини айтиб, бир-бири билан омон-омонлашади».

Ҳозир 21 мартдан то 3 майгача барча кунларни Наврўз ойи деб байрам қилинади. Бу кунларда турли урф-одатларни эслаб, атроф-муҳит тозаланади, турли кўкатларни териб витаминли таомлар, буғдой ундириб, сумалаклар пиширилади. Қариндош-уруғларни ёд олиб кўришга борадилар, ота-боболарни, ўтган авлодларни хотирлаб, қабрларини зиёрат қиладилар. Беморларни Наврўз таомлари билан йўқлаб, кўнгил кўтарадилар ва шундан кейинги кунлардан дала, ишларига киришиб кетадилар.


Оқытушы: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар бүгінгі № 83 «Ферма шаруашылығы-АСПАЗШЫ» топ оқушыларының «Қош келдің Наурыз» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
Топ жетекшісі: ........................................................ /Мирхашимов М. М./

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет